Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А.Яссауи кесенесі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жакыпжанова А.С. | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А.Яссауи кесенесі. | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.1. мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты ақпаратты анықтау, түсіндіру. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: - Мәтінді түсініп оқиды; - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; - мәтіннен детальді ақпаратты анықтап жазады. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
| • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; • сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпаратты табады; • неліктен негізгі, қосымша ақпарат екеніне түсінік береді. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпарат Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: менің ойымша, менің пайымдауымша, сайып келгенде, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Үздіксіз білім алу, отансүйгіштік, ынтымақтастық. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | География, тарих | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың оқылым дағдылары дамытылды. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырып, оқушылармен бірге талқылайды. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 10 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқытпастан бұрын, мәтін негізінде тұжырымдарды оқиды. Оқушылар мұғалім ұсынған ақпараттың «шын немесе жалған» екеніне болжам жасайды.
Оқылым тапсырмасы. 1-тапсырма. Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді жеке оқиды. «Шын немесе жалған» тапсырмасына қайта оралып, ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтайды. Болжамдарының қаншалықты дұрыс болғанына баға береді.
Келесі тапсырманы орындамас бұрын мұғалім мәтіндегі негізгі ақпарат, қосымша ақпарат дегеніміздің не екені туралы қысқаша түсінік береді. Мәтіндегі негізгі ақпарат – негізгі ақпарат негізгі оймен тығыз байланысты болады. Автордың оқырманға жеткізбек болған мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемдер, деректер. Қосымша ақпарат – негізгі ақпаратты толықтырып тұрады. Ол жанама ақпарат, көбінесе негізгі ойды толықтыратын мысалдар, деректер жатады. 2-тапсырма. Оқушылар негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған тапсырманы орындайды. Негізгі ақпарат берілген мәтіндерді нөмірлейді. 1.Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан, сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары. 2.Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады. 3.233 жылдан кейін, Яссауи жерленген орында ерекше әдемі және үлкен кесене тұрғызылды. Ол бар болғаны он жыл ішінде – өте қысқа мерзімде бой көтерген! 4.Ол жерде көнеден келе жатқан киелі зат қола Тайқазан орналасқан, оның сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна. 5.Тайқазан түркі тайпалары ынтымағының және қонақжайлылығының белгісі. 6.1934 жылы Тайқазанды Ленинградқа алып кетіп, бірнеше жылдар бойы Эрмитаждың бір залында экспонатқа қойған екен. 7.Кесенеде шартты түрде сегіз блокқа бөлінген 30-дан астам бөлмелер бар. Дұрыс жауаптар: Негізгі ақпарат: 1.3.4.7 3-тапсырма: Оқушылар «кім? қандай? қашан? қанша?» сұрақтарына мәтіннен жауап іздеп жазады. Мәтіннен детальді ақпараттарды тауып жазады. Дескриптор:
Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма. ЖЖ. РАФТ стратегиясы арқылы ауызша мәтін құрайды. Оқушылар жұпта бірлесе жұмыс жасайды.
Дескриптор:
Жұптар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды. | Кесте https://oyla.xyz/article/koza-ahmet-assaui-kesenesi https://5-ege.ru/osnovnaya-mysl-teksta/ Бағалау парақтары | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Мұғалім оқушыларға рефлексия парағын үлестіреді. «Сэндвич» тәсілі арқылы оқушылар рефлексия береді.
| Рефлексия парағы | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды