Тәж-Махал – өлмес махабаттың символы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 10 сабақ
6.2.6.1. Оқылым страгияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
1-тапсырма.
Өлеңнің басын және соңын оқып, не туралы екеніне, сюжетіне болжам жасап көріңіз.
Басы | Соңы |
Көгалға жұрт бір отырып, бір жатып Күтті бәрі, баяу ғана үн қатып. Қараңғылық көюланып, көз байлап Бір-бірте бара жатты күн батып. | Шын арланып соққан жүрек суынбай, Құмар қанып жеткендей-ақ жығылмай. Мұнарланып көтеріліп Тәж-Маһал Бара жатты махабаттың туындай! |
Оқылым тапсырмасы.
Аманжол Шамкеновтың «Айлы түнгі Тәж-Маһал» балладасын «дыбыс шкаласы» арқылы мәнерлеп оқыңыз.
Жасыл түс – баяу
Сары түс – орташа, қалыпты
Қызыл түс – көтеріңкі
Аманжол Шамкенов
Айлы түнгі Тәж-Маһал
Көгалға жұрт бір отырып, бір жатып
Күтті бәрі, баяу ғана үн қатып.
Қараңғылық көюланып, көз байлап
Бір-бірте бара жатты күн батып.
Күтті бәрі үйлеріне оралмай,
Таңғажайып бір керемет болардай.
Күтті бәрі өзге әлемнің тұрғыны
Осы тұста қазір келіп қонардай.
Желпіп самал сипап өтіп жүзді өпкен,
Күтті бәрі, өзгеше бір ізетпен.
Тәж-Маһалға қайта-қайта қарайды
Төрт мұнара төрт сақшыдай күзеткен
Ортадағы Күмбез аппақ бөріктей,
Жер үстіне жаратылған көріктей.
Талай көздің жауын алып келеді,
Тас та адамды қоймайды екен ерітпей.
Күтті бәрі әлденеге талпынып,
Әркім іштей алабұртып,алқынып.
Әлгі төнген қараңғыны сыпырып,
Бірте-бірте келе жатты ай туып.
Осы еді ғой күткендері асыға,
Тағат таппай кәрісі де, жасы да,
Тәж-Маһалдың өңі өзгеріп барады,
Жан біткендей мәрмәр асыл тасына.
Ақ шаңқандай аққу ма, әлде шағала?
Уылжыған аппақ еді-ау бағана
Малынғандай көгілдір бір бояуға
Боп кетеді кейде қызғылт, сары ала.
Көзбен көріп сүйсінбесең сүйіп тек
Теңеу жетпес,мейлі бәрін үйіп-төк.
Ай жоғары жүзген сайын, о ғажап,
Бара жатты Тәж-Маһал да биіктеп
Бар сымбатты тұлғасымен көрініп,
Айдан гөрі өзінен нұр төгіліп
Мұмтаз ханым шырт ұйқыдан оянып,
Көтергендей болды басын керіліп...
Құлаққа бір үн келді: «О, жарым!
Тірлігімде болып едім базарым.
Мен өзіңе мәңгі бақи разымын,
Өлсем дағы өзгермеді ажарым.
Бір-біріңді сүйіңдерді, жарандар!
Жоғалсыншы әзәзілдер, адамдар.
Тағдыр қанша жазғанынша қайсыңа
Өмір-тойды тамашалап тараңдар!..»
Шын арланып соққан жүрек суынбай,
Құмар қанып жеткендей-ақ жығылмай.
Мұнарланып көтеріліп Тәж-Маһал
Бара жатты махабаттың туындай!
Тапсырма.
Шығарманың кіріспе, негізгі, қорытынды ойын ажыратыңыз. Сол бөлімнің негізгі ойын бір сөйлеммен жазыңыз.
Кіріспе ой | Негізгі ой | Түйінді ой |
Дескриптор:
- Шығарманың кіріспе, негізгі, қорытынды ойын ажырата алады;
- Бөлімдердің негізгі ойын бір сөйлеммен жазады.
Тапсырма.
Шығармадан Тәж-Махалдың сұлулығын бейнелейтін тілдік оралымдарды теріп жазыңыз. «Екі жақты күнделікті» толтырыңыз. Күнделіктің сол жағына тіркестер, сөйлемдер, ал оң жағына автордың ойына түсінік беріп, жеке пікіріңізді білдіріңіз.
Үлгі:
Үзінді | Комментарий |
Күмбез аппақ бөріктей | Тәж-Махалдың күмбезін автор аппақ бөрікке теңеп тұр. Менің ойымша, бұл өте шебер, тауып теңелген. |
Дескриптор:
- Тілдік оралымдарды іріктей алады;
- Жеке көзқарасын білдіріп, комментарий жасайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
- Рөлге еніңіз. Өзіңізді фотографпын деп елестетіңіз.
- Төмендегі Тәж-Махалдың суретін қашан, қалай жасағаныңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
- «Айлы түнгі Тәж-Махал» балладасындағы ойды негізге алыңыз.
- Төменде ұсынылған тірек сөздерді пайдаланып сөйлеңіз.
Тірек сөздер: Жер үстіне жаратылған көріктей, көздің жауып алу, өңі өзгеру, жан біткендей, ай нұры, теңеу жетпес, ғажайып, айдың шығуын ұзақ күту, сұлулығына тәнті болу.
Дескриптор:
- Суретті сипаттап, әңгімелейді;
- «Айлы түнгі Тәж-Махал» балладасындағы ойды негізге алады;
- тірек сөздерді орынды қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды