Тәж-Махал – өлмес махабаттың символы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 10 сабақ


1-ресурс

Оқылым дегеніміз не?

 Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды түсіну үшін ғалам туралы білімімізді қолданамыз.

 Оқылымның ішкі дағдылары:

 Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming) – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

 Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу.

Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.

 Сөз мағынасын контекстен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.

 Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

 Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

 Мәтін түрлерін ажырата білу – әр мәтіннің өзіне тән ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ (листовка), хабарландыру, т.б.

 Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

 Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

 Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

«Төрт тілдік дағды арқылы белсенді оқыту тапсырмалары» оқу-әдістемелік құралынан алынды.

2-ресурс

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Тәж-Махал туралы бес жол өлең шығарыңыз.

1.Зат есім (1 сөз)

_____________________________________

2. Сын есім (2 сөз)

_____________________________________

_____________________________________

3. Етістік ( 3 сөз )

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

4. Қорытынды ой (4 сөз )

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)

_____________________________________

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Тәж-Махал туралы бес жол өлең шығарыңыз.

1.Зат есім (1 сөз)

_____________________________________

2. Сын есім (2 сөз)

_____________________________________

_____________________________________

3. Етістік ( 3 сөз )

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

4. Қорытынды ой (4 сөз )

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)

_____________________________________

3-ресус

Тәж-Махал кесенесі

 Жамуна өзенінің алабынан жоғары жатқан кереметтей, жарқыраған, ұлы ғимарат Тәж Махал кесенесі – Үнді сәулет өнерінің тамаша үлгісі ғана емес, бүкіл жер жүзінің мақтанышына айналған, әлемдегі жеті кереметтің бірі. 1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған әйгілі кесененің құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұста жұмылдырылған. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жататын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі – архитектураның шыңы. Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған.

 Он тоғыз жыл отасып, он үш құрсақ көтерген, он төртінші перзентін дүниеге әкелерде аяулы жар-қосағы Мұмтаз қаза болғанда, Үндістанның әйгілі билеушісі Жаһан шахтың ертегідей патшалығынан өзегін өртеген қайғысынан айықтырар ештеңе табылмаған: ұлы мемлекетті уысында ұстаған билік те, көл-көсір алтын, күміс, асыл дүние де, үндінің хор қызындай қылықты арулары да жұбаныш бола алмаған.

  Сыңарынан айырылған аққудай болған патша сүйіктісіне арнап, кейін әлемдегі жеті кереметтің біріне саналған Тәж Махал (ΧVII ғ.) ескерткіш-ғимаратын салдырып, өмірінің ақырына дейін соған қарап, шерін тарқатып өткен екен. Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жаһан шахтың жоспары бойынша, оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын бастауға кедергі болды.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/1570/

Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыз.

Кейіпкер

Оқиға

Түйін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу