Аспан әлемінің құпиялары. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ

Грамматикалық анықтамалық

Үндестік заңы

Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі

Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Ата, инабатты, уақытқа,

жазушыларға,

әншілерді

ілгерінді ықпал

1 2

кейінді ықпал

1 2

тоғыспалы

ықпал

1 2

Қонысбек

(Қоныспек),

ашса (ашша)

тарақ (тарағы),

мектеп (мектебі),

білезік (білезігі),

Жанпейіс (Жампейіс),

жұмысшы (жұмышшы)

Досжан –

(Дошшан),

Жанқожа –

(Жаңғожа

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

-мен, -бен, -пен

қызбен, оқушымен, Асанмен

-қор

еңбекқор, пәлеқор

-паз

әсемпаз, өнерпаз,

-қой

сәнқой, әзілқой

-нікі, -дікі, -тікі

Амандікі, баланікі

-кер, -гер

талапкер, мұрагер

-хана

емхана, дәрісхана

-стан

Өзбекстан, Тәжікстан

-ов(а), -ев(а), -ин(а)

Әуезов, Сәбитова, Сейфуллина

  • тапсырма: Ж

Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді жазып шығыңыз.

 Ғарыш әлемінің құпиясы көп. Оны адамзат әлі _______________ зерттеп болған жоқ. Ежелгі уақыттан бері адамдар ____________ ______________ назар сала қарап, өз бақылауларының нәтижелерін жазып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуының жердегі өмірге ықпалы бар деп есептеген.

 Бұрын _____________ кеменің жолын жұлдыздар бойынша анықтаған. ________________ жұлдызы басты бағдар болған.

 Ежелгі Қытай астрономдары ____________ аспанды қарай отырып, жұлдыз карталарын құрастырған. Олар жұлдыздардың орналасуы бойынша болашақты болжауға болатынына ____________. Қытай императоры жұлдыз жорамалмен салыстыра отырып, елді _____________ .

Түнгі аспан ежелгі жұлдыз зерттеушілерді өзіне тартатын. Жұлдыздар топтарында батырлардың, жануарлардың, құдайлардың сұлбасын көріп, оларға атау берген. Шоқжұлдыз деп қандай да бір пішін құрайтын жұлдыздардың тобын атайды. ____________________ жұлдызды аспанда жөн сілтеуге көмектеседі. Әрбір шоқжұлдызбен қандай да бір аңыз – хикая немесе миф байланысты болған.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу