Аспан әлемінің құпиялары. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Сабақ жоспары

Тараудың тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары

Сабақ : № 6

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Кунева Қ.Е.

Сынып: 5Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Аспан әлемінің құпиялары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5ӘТН 1.Орфографиялық норма: Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Тыңдалым мен оқылымды ұштастыра отырып, мәтінді толықтырады.

Көптеген оқушылар: Мәтіндегі сөздерге талдау жасайды, орфографиялық, орофоэпиялық ерекшеліктерін ажыратады.

Кейбір оқушылар: Тыңдалым мен оқылымды ұштастыра отырып , үндестік заңы мен емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма орындайды.

Сабақтың түрі:

Бекіту сабағы

Құндылықтарды игерту:

 Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен сыпайы қарым-қатынасында, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың өз ғаламшарымызға деген құрмет сезімін түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, география, математика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, видеокөрсетілім

Бағалау критерийлері:

Сөздерді орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу ережелерін біледі.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып жазба жұмысынада сөздерді дұрыс жазады.

Дескрипторлар:

Тыңдалым бойынша мәтіндегі сөздерді толықтырады.

Сөздерді орфографиялық норма бойыша дұрыс жазады.

Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды ажырата алады.

Үндестік заңы туралы ережелерді біледі.

Үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерді сақтап, жазба жұмысын орйындайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология: шоқжұлдыз,түнгі аспан , ежелгі жұлдызшылар, жұлдыз санаушылар т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта меңгерген білімді бүгінгі сабақта қолдану.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Сөздер эстафетасы»

Топта ортадағы флипчартқа тақырып бойынша меңгерген сөздік қордан сөздерді кезек – кезек жазады.

Уақыт аяқталған соң, топтар парақтармен алмасып, қателер, қайталанған сөздер, тақырыпқа сәйкес келетін, келмейтін сөздерді сараптап, пікір айтады.

Сабақтағы оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырылады.

Слайд, А3 парағы

Сабақ ортасы

32 минут

Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалым

Оқушылар мәтінді тыңдайды, тыңдап отырып, клоуз - тест тапсырмасын орындайды.

  • тапсырма: Ж

Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді жазып шығыңыз.

 Ғарыш әлемінің құпиясы көп. Оны адамзат әлі _______________ зерттеп болған жоқ. Ежелгі уақыттан бері адамдар ____________ ______________ назар сала қарап, өз бақылауларының нәтижелерін жазып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуының жердегі өмірге ықпалы бар деп есептеген.

 Бұрын _____________ кеменің жолын жұлдыздар бойынша анықтаған. ________________ жұлдызы басты бағдар болған.

 Ежелгі Қытай астрономдары ____________ аспанды қарай отырып, жұлдыз карталарын құрастырған. Олар жұлдыздардың орналасуы бойынша болашақты болжауға болатынына ____________. Қытай императоры жұлдыз жорамалмен салыстыра отырып, елді _____________ .

Түнгі аспан ежелгі жұлдыз зерттеушілерді өзіне тартатын. Жұлдыздар топтарында батырлардың, жануарлардың, құдайлардың сұлбасын көріп, оларға атау берген. Шоқжұлдыз деп қандай да бір пішін құрайтын жұлдыздардың тобын атайды. ____________________ жұлдызды аспанда жөн сілтеуге көмектеседі. Әрбір шоқжұлдызбен қандай да бір аңыз – хикая немесе миф байланысты болған.

 Қажетті сөздер: толығымен, жұлдызды аспанға, теңізшілер, Темірқазық, түнгі, сенген, басқарған, шоқжұлдыздар

 

«Айырбас» ТЖ

Оқушылар топта сағат тілімен айналдыра отырып, барлық жұмыстарды өзара тексеріп шығады.

С. Оқушылар тескеру нәтижесі бойынша мәтінді қандай сөздермен толықтырғанын және сол сөздердің орфографиялық нормаға сай дұрыс жазылуын ортаға салады, қателер болса талдайды.

«Дастархан» ТЖ

2-тапсырма

Берілген сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес (айтылуы бойынша)шеңберге айналдырып отырып жазып шығыңыздар. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.

Мысалы: жұлдызды – жұлдұзды

Түнгі – түңгі

Теңізшілер – теңішшілер

Т.б.

Уақыт аяқталған соң, жұмыстарын тақтаға іліп, бірнеше жауап нұсқалары тыңдалады.

Грамматикалық анықтама: Үндестік заңы

Оқушылар таратпа материал бойынша үндестік заңы, дыбыс үндестігінің түрлерімен танысады. Негізгі ақпараттар анықталады.

3-тапсырма:

Жоғарыдағы сөздердің үндестік заңының қандай түріне байланысты өзгеріске ұшырағанын анықтап, шеңбердегі сөздердің үстіне жазып шығыңыздар.

Жазылым

Тапсырма:

«Аспан әлемінің құпиялары» тақырыбындағы бүгінгі мәтіндегі ойды аяқтап, қорытынды бөлігін жазып шығыңыз. Ілгерінді, кейінді ықпал түрлерін қолданыңыз. Буын үндестігін сақтаңыз және буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді де қолдануға тырысыңыз.

«Автор орындығы»

Бірнеше жұмыстар автор орындығында оқылады және талданады.

Сабақ соңында оқушылар бағалау парағы бойынша өзін – өзі бағалайды.

Мәтін, таратпа материал

бейнематериал

http://e-history.kz/kz/contents/view/555

Графикалық органайзер, шаблон

Таратпа материал

Нұсқаулық, таратпа материал, слаид

Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия

1.Сәтті шыққаны ....

2.Келесі қадамда нені ескеру керек?

Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 Ғарыш әлемінің құпиясы көп. Оны адамзат әлі _______________ зерттеп болған жоқ. Ежелгі уақыттан бері адамдар ____________ ______________ назар сала қарап, өз бақылауларының нәтижелерін жазып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуының жердегі өмірге ықпалы бар деп есептеген.

 Бұрын _____________ кеменің жолын жұлдыздар бойынша анықтаған. ________________ жұлдызы басты бағдар болған.

 Ежелгі Қытай астрономдары ____________ аспанды қарай отырып, жұлдыз карталарын құрастырған. Олар жұлдыздардың орналасуы бойынша болашақты болжауға болатынына ____________. Қытай императоры жұлдыз жорамалмен салыстыра отырып, елді _____________ .

Түнгі аспан ежелгі жұлдыз зерттеушілерді өзіне тартатын. Жұлдыздар топтарында батырлардың, жануарлардың, құдайлардың сұлбасын көріп, оларға атау берген. Шоқжұлдыз деп қандай да бір пішін құрайтын жұлдыздардың тобын атайды. ____________________ жұлдызды аспанда жөн сілтеуге көмектеседі. Әрбір шоқжұлдызбен қандай да бір аңыз – хикая немесе миф байланысты болған.

 

 

 Ғарыш әлемінің құпиясы көп. Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ежелгі уақыттан бері адамдар жұлдызды аспанға назар сала қарап, өз бақылауларының нәтижелерін жазып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуының жердегі өмірге ықпалы бар деп есептеген.

 Бұрын теңізшілер кеменің жолын жұлдыздар бойынша анықтаған. Темірқазық жұлдызы басты бағдар болған.

 Ежелгі Қытай астрономдары түнгі аспанды қарай отырып, жұлдыз карталарын құрастырған. Олар жұлдыздардың орналасуы бойынша болашақты болжауға болатынына сенген. Қытай императоры жұлдыз жорамалмен салыстыра отырып, елді басқарған.

 Түнгі аспан ежелгі жұлдыз зерттеушілерді өзіне тартатын. Жұлдыздар топтарында батырлардың, жануарлардың, құдайлардың сұлбасын көріп, оларға атау берген. Шоқжұлдыз деп қандай да бір пішін құрайтын жұлдыздардың тобын атайды. Шоқжұлдыздар жұлдызды аспанда жөн сілтеуге көмектеседі. Әрбір шоқжұлдызбен қандай да бір аңыз – хикая немесе миф байланысты болған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу