Аспан әлемінің құпиялары. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Сабақ жоспары
Тараудың тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары
Сабақ : № 5 | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||
Күні: | Мұғалім: Кунева Қ.Е. | ||||||
Сынып: 5Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Аспан әлемінің құпиялары | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 5Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау: Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау. | ||||||
Сабақ мақсаты: | Барлық оқушылар: Берілген мәтінді оқиды, мәтіндегі орфографиялық қателерді табады. Көптеген оқушылар: Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетеді, кейбір сөздер мен сөз тіркестерін мағыналас тіркестермен ауыстырып қолдана алады. Кейбір оқушылар: Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетіп, кейбір сөздер мен сөз тіркестерін мағыналас тіркестермен ауыстырып қолдана отырып, мәтінді толық редакциялайды. | ||||||
Сабақтың түрі: | Өткен материалдарды бекіту сабағы | ||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен сыпайы қарым - қатынасында, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың өз ғаламшарымызға деген құрмет сезімін түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады. | ||||||
Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану, география, математика | ||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, видеокөрсетілім | ||||||
Бағалау критерийлері: | Мәтіндегі орфографиялық қателерді тауып, түзетеді. Кейбір тілдік қолданыстарды ауыстыра отырып, мәтінді редакциялайды. | ||||||
Дескрипторлар: | Мәтін мазмұнын түсінеді. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздік арқылы түзетеді. Тыныс белгілердің дұрыс қойылуын тексереді. Қарамен берілген тіркестерді контекске сай басқа мағыналас тіркестермен ауыстырады. Мәтінді түзетіп, редакциялап, қайта жазады. Енгізген өзгерістердің себебін түсіндіре алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: шоқжұлдыз, аспан аңыздары, ескі наным, жұлдызы жанған, жұлдызы ағып түсу, кемпірқосақ, аспан әлеміндегі құбылысытар т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ . Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын. Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады. | ||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы сабақта меңгерген білімді бүгінгі сабақта қолдану. | ||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||
Сабақ басы 5 минут | Қызығушылықты ояту «Теріс орындық» Аспан аңыздарының кейіпкерлерін білесің бе? Оқушыларға тақтадан суреттер көрсетіледі.Тақтаға теріс қойылған орындықтың иесіне басқа оқушылар суретті сипаттап, ол туралы білетін ақпараттарын әңгімелеп айтады. Ортадағы оқушы суреттегі кейіпкерді табады. Тақтада көрсетілетін суреттер: Шолпан, Жетіқарақшы, Ай, Темірқазық, Шоқжұлдыз, құйрықты жұлдыз
Сабақтағы оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырылады. | Слайд, суреттер | |||||
Сабақ ортасы 32 минут | Мағынаны тану кезеңі Жазылымалды тапсырма Оқушыларға оқуға мәтін ұсынылады. Мәтін: Сайын далада көшіп қонып жүрген қазақ халқын табиғаттың тыл баласы деуге болады. Олар табиғаттағы барлық құбылыстарды ырым етумен қатар киелі нәрсе деп ұғып табыну білген. Ертедегі адамдардың нәресте-пәк көңіл - санасы күнді, айды, жұлдұздарды, бүкіл жарық дүниені құрмет тұтты. Ескі наным бойынша, жұлдыздар асыл тастардан үйүлген таулар, олар жерден соншалықты қашықтықта нүктедей болып қана көрінеді. Қазақтар жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер ететініне сенеді. Олардың пікірінше, әрбір жұлдыз жердегі әрбүр адамның жанымен сәйкес келеді, адам өлгенде оның аспандағы жұлдызы да ағылып түседі. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «Менің жұлдызым жоғары» деп айтатын болған. Бақытты адамды «жұлдұзы жаңған» деген. Қазақ халқында Кемпірқосаққа байланысты мынадай аңыз бар: «Аспан әлемінде алып кемпір өмір сүреді. Ол өте тамақсау, күніне қырық қой, қырық мес қымыс ішеді. Оның қойларында есеп жоқ, күні түні аспан әлемінде жайұлып жүреді. Бірақ қойларының түсі жеті түсті- қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көкшіл болып келеді. Жамбыр жауғаннан кейін күн шыққан бойда кемпір қойларын жердегі қазақ әйелдерше қосақтап сауға кіріседі.» Сондықтан қазақтар жаңбырдан кейін көрінетін бұл құбылысты кемпір қосақ деп атайтын болған. Тапсырма: Ж
Оқушылар мәтінді оқып отырып, орфографиялық норма сақталмай, қате жазылған сөздерді тауып, бірінші бағанға жазады, екінші бағанға қарамен жазылған сөздерді мағыналас (синонимдес) тіркестермен ауыстырып жазады. Ескерту: Барлық қарамен жазылған сөзді орындау міндетті емес, қалауы бойынша, мүмкіндігіне сай орындайды. Жұмысты орындап болған соң, жұпта талқылайды. Жазылым тапсырмасы Ж Тапсырма: Алдыңғы тапсырмада дайындаған шаблонды қолданып, берілген мәтінді түзетіп, редакциялап қайта жазыңыз. Нұсқаулық:
Жазылымнан кейінгі тапсырма: «Идеяңмен бөліс» Әр оқушы өз жұмысының нәтижесін жұбына таныстырады, өзгерістерді түсіндіріп, мазмұнды әңгімелейді. Өзара бағалау Оқушыларға мәтіннің дұрыс нұсқасы ұсынылады. Нұсқаны жұбының жұмысымен салыстыра отырып, өзара бағалау жүргізіледі. Сәтті шыққан жұмыс ... Маңызды өзгеріс ... Креативті ой ... Ұсыныс .... Кері байланыс Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді. | Мәтін, таратпа материал http://healing.kz/kk /мақалалар/қазақтардың-космологиялық-түсініктері/ Графикалық органайзер, шаблон Нұсқаулық, таратпа материал | |||||
Сабақ соңы 3 минут | Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды. | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | |||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру