Жануарлар әлемі. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар әлемі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу:

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

ӘТН 3 Лексикалық норма:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтін мазмүнын түсініп, сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді қолданады.

Көптеген оқушылар:

Мәтін мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді ерекшеліктеріне сай қолданады.

Кейбір оқушылар:

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

 Бағалау критерийлері

Оқылым мақсаты бойынша:

  • мәтін мазмұнын түсінеді;
  • нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Әдеби тілдік норма бойынша:

  • мәтіннен омоним, антоним, синонимдерді анықтайды;
  • омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

 Сабақ түрі

өткен материалды жүйелеу

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология:

сексеуіл, адыраспан, қисық қанатты шырыш, жусан

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жауапкершілік

(жұптық, топтық жұмыста жауапкершілік қасиет танытады)

Құрмет

(жұмыс барысында өзіне және өзгеге құрмет көрсетеді)

Пәнаралық байланыс

Биология, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым арқылы ақпарат қабылдайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Дәрілік өсімдіктер

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 минут

2 минут

15+15 минут

Қызығушылығын ояту кезеңі

Түлкі, қырғауыл, қоян, қасқыр сөздері арқылы топтарға бөлінеді.

Сабақтың тақырыбы анықталып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері белгіленеді.

«Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы жұппен келесі сауалдарға жұппен талқылау жүргізеді.

  • Ертегілер не мақсатпен жазылады?
  • Ертегілерде не сыналады?
  • Оқылым алдындағы тапсырма.

Оқылым мазмұны бойынша суреттері беріледі.

Берілген суреттер бойынша ой қозғау, болжам жасалады:

  • Мәтін не туралы болуы мүмкін?
  • Неліктен шығыс халқы адыраспанның киесі бар деп есептеген?
  • Адыраспанның қандай емдік қасиетін білесіздер?Оқылым тапсырмасы.

http://massaget.kz/layfstayl/debiet/ertegi/6265/ сайтындағы ертегі оқуға ұсынылады.

Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:

- Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл:

- Жақсы өзің қалай тұрасың? – дейді.

Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.

Түлкі: - Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.

Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына қарамастан қаша жөнеледі.

Қырғауыл: – Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: – Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.

Оқылым мәтіні бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма. Кестеге сай сұрақтың түрін анықтау сұралады.

Сұрақтар

Қарапайым сұрақтар

Анықтауыш сұрақтар

Түсіндірмелі сұрақтар

Кім? Не?

Не себепті?

Қашан?

Қайда?

«Менің түсінгенімше,»

«Сізді дұрыс түсіндім бе?

2-тапсырма. Сұрақтардың түрі туралы ақпаратты жұбымен талқылайды.

1.Қарапайым сұрақтар: Жадының жұмыс істеуіне, нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар. Кім? Не? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды.

2.Анықтауыш сұрақтар: Оқушыларға алған ақпаратты дәл мәтіндегідей емес, оқығанын түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау тапсырылады. «Менің түсінгенімше,...», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар

3.Түсіндірмелі сұрақтар:

Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз.

Сіз неге ... ойлайсыз?

Сіз неге ... деп есептейсіз?

3-тапсырма. Әр топ мәтін негізінде 3 сұрақ түріне сай сұрақтар құрастырады.

  • Қарапайым сұрақтар ( Мәтіннен жауабын табуға болатын

сұрақтар);

  • Анықтауыш сұрақтар құрастырады (мәтіндегі ақпаратты анықтауға

арналған сұрақтар);

  • Түсіндірмелі сұрақтар (мәтіндегі ақпаратты түсіндіруге

бағытталған сұрақтар)

Бағалау критерийлері:

  • Мәтінді түсінеді;
  • Қарапайым сұрақтар құрастыра алады;
  • Анықтауыш сұрақтар құрастыра алады;
  • Түсіндірмелі сұрақтар құрастыра алады;
  • Сұрақ құрылымын ескереді.

Мәтіндегі сөздермен жұмыс:

Омоним туралы түсіндіру.

Мәтіннен іріктелген сөздерге омоним, синоним, антоним сөздер бере отырып, омоним сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

4-тапсырма.

1. Мәтіннен алынған сөздердің омонимін тауып түсіндір, сөйлем құрап көр. 2. Мәтіннен алынған сөздердің синонимін тауып жазып, сөйлем құра.

3. Мәтіннен алынған сөздердің антонимін тауып түсіндір, сөйлем құра.

Бағалау критерийлері:

  • мәтіннен омоним, антоним, синонимдерді анықтайды;
  • омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ бойынша кері байланыс алынады.

- Сабаққа қандай мақсат қойылды?

- Біз сабақ мақсатына жеттік пе?

- Сабақ мақсатына жетуде қандай қиындықтар туындады?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу