Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Жарнама. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 9

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Оқушы саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Жарнама

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

ӘТН 5. Пунктуациялық норма

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі және олардың тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

жарнама мәтінін құрайды;

төл сөз бен автор сөзін ажырата алады.

Оқушылардың көбі:

жарнама мәтінін құрауда жанрлық ерекшеліктерді қолданады;

төл сөз, автор сөзі және олардың тыныс белгілерін дұрыс қоя алады.

Оқушылардың кейбірі:

жарнама мәтінін құрастыруда шығармашылық танытады;

төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілерін орынды қолданып, ұтымды диалог құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

Жанр түрін сақтап, жарнама мәтінін құрастыра алады.

Төл сөзге байланысты тыныс белгілерін орынды пайдалана алады.

Тілдік мақсаттар

Жанр түрі ретіндегі жарнаманы тану.

Жарнама мәтінінің ерекшеліктерімен танысып, оларды тиімді қолдану.

Пунктуациялық нормаларды қолдана алу.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы лексикалық тақырып: «Жануарларды қорғау – адамзаттың парызы».

Оқушылар осы сабаққа ұсынылған оқу мақсаттармен алдыңғы бөлімдерде жұмыс жасаған.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

5 минут

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды жұптастырып отырғызу.

Сыныпты түгелдеу.

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға сурет көрсетіледі. Суретке қарап оқушылар сабақтың тақырыбына болжам жасайды.

Сыныпқа сұрақ:

Жарнама кімге және не үшін қажет?

Жарнаманың адамға әсері қандай болады?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері талқыланады.

Сабақтың ортасы

3 минут

10 минут

2 минут

3 минут

10 минут

2 минут

Мағынаны тану

Жазылымалды жұмыс.

Оқушылармен жарнама мәтінінің ерекшеліктері талқыланады.

Жарнама мәтіні оқушыларды (тұтынушыларды) қызықтыратындай болуы керек. Ол үшін:

1) Тауардың керемет (басқалардан ерекше) екендігі және неліктен олай екені айтылуы тиіс.

2) Оқырман сіздің жарнамаңыз арқылы тауарды елестете алуы керек.

3) Оқушыны баурап алуы үшін ол қызықты сұрақтан немесе мақал-мәтелден, оқиғадан басталғаны абзал.

4) Бағасының тиімділігі немесе ауыз үйірерлік дәмі және ең маңыздысы – басқа аналогтерден несімен ерекшеленетіні туралы жазған тиімді, т.б.

Жазылым жұмысы

Ж2 Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

1 тапсырма

Үй жануарларына арналған азықтың атауын ойластырып, жарнама мәтінін құрыңыз.

Бағалау критерийлері:

- мәтін оқырманды қызықтырады (сатып алуға ынталандырады);

- тауардың кемінде 3 түрлі артықшылықтары сипатталады;

- жанрға сай мәтін құрылымы сақталған.

Оқушылар жұптарының жұмыстарын тексереді, бағалау критерийлеріне сүйеніп, келесі бағалау түрімен бағалайды:

Бұл тауар маған ұнады: мен оны дәл қазір сатып аламын!

Жақсы өнім сияқты, байқап көруге тұрарлық.

Ойланып көрермін...

Оқушыларға сұрақ:

Балалар, қалай ойлайсыңдар, мысықтарға арналған азықты адамның сипаттағаны сенімді ме, әлде оның дәмін жақсы көретін мысықтардың мақтағаны сенімдірек пе?

«Әрине, мысықтың риза екенін өзінің сөзінен ғана біле аламыз.

Олай болса, біз өзіміздің тауарды бірнеше мысықтың диалогі арқылы мақтасақ қайтеді?» тектес ынталандыру тәсілдерін қолданып, оқушыларды жарнаманы диалог арқылы жазуға жетелеу қажет.

Төл сөз бен автор сөзі арасындағы тыныс белгілері туралы ережелер еске түсіріледі.

Тапсырма беру алдында оқушыларға үлгі таратылып, талқыланады.

Ақ мысықтың жүнінің жалтырағанынына қызыққан көрші үйдің сұр мысығы: - «Ақ мысық, сенің сұлу көркіңнің сиқыры неде?» - деп сұрайды.

Өз пішініне өзінің сүйсінетінін жасырмаған ақ мысық: -«Түктерімнің жалтырау себебі денсаулығымның мықтылығында. Сіңімді әрі дәруменге толы азықты үнемі тұтынудың арқасында мен осындай ерекше түрге иемін. Менің ием мені өте жақсы көретініне мен сенімдімін: ол менің тоқтығым мен өмірімнің сапасының жақсаруы үшін барлығын жасауда», - деп мақтанады.

ӘТН 5 Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі және олардың тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

2 тапсырма

Екі немесе бірнеше мысықтың диалогі арқылы жануарларға арналған азықты жарнамалау мәтінін құрыңыз.

Бағалау критерийлері:

- кемінде 2 төл сөз қолданылды;

- төл сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілері дұрыс қойылды.

Жұптағы оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, жетістік критерийлеріне сәйкес бағалайды.

МЖ

3 слайд

4 слайд

Сбақтың соңы

3 минут

Іс-әрекетке рефлексия

Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергендігі туралы ойланады.

 «Бес саусақ»

 Шынашақ (кіші бөбек) ойлау процессі; мен бүгін қандай ақпарат не тәжірибе алдым?

 Шылдыр шүмек мақсатқа жету; мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім?

 Ортан терек – көңіл-күй жағдайы; менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қалай әсер етті? Неліктен?

 Сұқ саусақ (балаң үйрек)– көмек, қызмет көрсету; мен бүгін кімге көмек көрсеттім? Ол қандай нәтиже берді?

 Бас бармақ – өзін-өзі бағалай, белсенділік таныту; Мен өзімді қалай сезіндім? Неліктен? Ертеңгі күнге қандай жоспарым бар?

Таратпа қағаздар

5 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.

Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар басқаларға қолдау көрсетеді деп күтілуде. Қажет жағдайда олар мұғалімнің көмегіне жүгіне алады.

Сабақта оқушылар бір-бірінің жұмыстарына жетістік критерийлері бойынша баға береді. Мұғалім бақылау жүргізеді, тапсырмалардың орындалу деңгейі бойынша оқушыларға кері байланыс береді.

Сабақ табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, қоршаған ортаға пайдалы болу туралы; ол биология, экология, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс табады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жоспар іс жүзінде әлі тәжірибеден өткен жоқ.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу