Бесікке бөленген сәби. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал.


 Оқылым

 

 

 

 Бесікке салу

 

 Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі.

 Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

 Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

 Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Тыштырма үйлестіріп болған соң, барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады. Сонан соң бесікті отпен аластайды.

Бесік - жас нәpестеге аpналып жасалған, теpбелмелi ағаш төсек. 

Тал - майысқақ бұтақты, жiңiшке жапыpақты бұта, ағаш.

Түбек - сәбидi бесiкке бөлегенде, жаялығы былғанбас үшiн бесiктiң астын тесiп оpнатқан киiз не басқа зат. 

Шүмек - бесiктегi сәбидiң кiшi дәpетiн түбекке ағызатын қойдың асық жiлiгiнен жасалған түтiкше.

  • Бесікке баланы кім бөлейді?
  • Бесік неден жасалады?
  • Бесікке қатысты құрал-жабдықтарды білесіздер ме?
  • Бесіктің қандай пайдасы бар?
  • «Ел іші – алтын бесік дегенді қалай түсінесіздер?

Бесік- қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтың ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салуды жолы үлкен, өнегелі әже-апаларымызға тапсырған. Баланы бесікке салмас бұрын «тыштырма» жасап алады да «бисмилляхим рахмани рахим» деп баланы бөлейді. Содан кейін үстіне жеті түрлі таза заттар жабады. Бесікке салған адамға «бесік салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде бесік жыры айтылады:Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп,Батыр болар ма екенсің?Бармақтарың майысып,Түрлі ою ойысып,Шебер болар ма екенсің?Таңдайларың тақылдап,Сөзіңді жұрт мақұлдап,Шешен болар ма екенсің?..

«Тыштырма», сәбиді бесікке салар кезде түбегі тұратың тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер салып «тышты» деп ырымдап оны «тыштырма» деп атап кеткен Тыштарманы әйелдер бөлісіп алып бала-шағасына үлестіреді. 

Бесікке бөленген сәби

Бала әуелде сәбилерге арналған төсекке жатқызылған еді. Сонан соң бір күні: "Осы бала тым еркінсіп бара жатыр. Бұл үлкейгенсайын айтқанымызды қылмайтын болады әлі. Мұны бесікке бөлеп тастау керек" деген дауыс естілді.     Баланың жүрегі зырқ ете қалды."Мені жазалағалы жатыр, - деді бала. - Өзім де тым еркінсіп кетіп едім. Бесік дегендері қандай болады екен?"    Сол күні үйге бесік алып келінді."Бесік дегендері осы екен ғой, - деді бала бесікке қарап жатып. - Мына кемпірі кім тағы?!"  "Жатпаймын бесіктеріңе! - деді бала ішінен айқай салып. - Көнбеймін бұғауларыңа! Шектемеңдер еркіндігімді!"    "Мына кемпірдің бәлесін-ай! - деді бала. Алды да бесікке бөлеп тастады. Әже деп осыларды айтады екен ғой. Ал ойнап көр әжелермен. Ерегіссе, алады да бесікке бөлей салады".    "Ішінің жып-жылысын-ай! - деді бала, - Кішкене мызғыпалсам ба екен? Қара шалдардың ойлап тапқаны-дағы. Қара шалдардың ойлап тауып жүргені. Осы бесікті қалай талдан иіп жасасақ, ұрпағымызды да тәрбиемізге солай иіп көндіріп отырамыз дегендері. Бетіңмен жібермеймін деп бесігіңнен сес көрсеткендегісі".     "Бөлеп бердім, - деген кемпірдің дауысы шықты. - Өзің тербет".     "Шешеме беріп жатыр, - деді бала. - Дұрыс қой енді. Баланы кім тапса, сол тербетсін дегені. Кәрі кісі шаршайды ғой".    "Әлемнің тұтқасы деп жүргендерің осы, шырағым, - деді тағы да кемпірдің дауысы. - Әлемнің бұдан артық тұтқасы деген болмайды. Әлемнің тұтқасы деп жүргендерің, сол - сәбиіңнің бесігі".     "Дұрыс айтады, - деді бала. - Әлемнің тұтқасы деген - бізбіз! Бізден маңызды кім бар?! - деп шіренді сәби".     Бала көзін ашып алды.    "Ау, мына кісі ән салып жатыр ғой! Менің шешем ән салады екен ғой, өзі?! Ау, шеше, айтқан соң жөні түзу ән айтсаңызшы. Сіз қазіргі қазақ эстрадасының репертуарына түсіп кеттіңіз ғой. Айтқан соң бағзының әндерін неге айтпайсыз? Халықтың әндеріне салсаңызшы. Ақыры қол-аяғымды тас қылып бесікке бөлеп тастаған екенсіңдер".     "Осы әкем ән сала ала ма екен? - деп ойлады бала. - Шынында да әкем ән сала ма екен? Өзі төбемнен төніп қарап тұрады. Саусақтарын жыбырлатады. Мені соған күледі деп ойлай ма? Ойнатқансымағы-дағы".     "Күйтабақты өзгертіп жатыр, - деді бала. - Шешем күйтабақты ауыстырып жатыр. Халықтың әніне салып жатыр".      Бөлмеден жас келіншектің ән салған дауысы естілді.      Талдан таяқ жас бала таянбайды,      Бала бүркіт түлкіден аянбайды.      Угай-әй...      Бала бірте-бірте маужырап ұйықтап бара жатты.

Ғабиден Қожахмет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу