Бесікке бөленген сәби. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

 Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сапарғали М.Д.

Сынып: 5 (оқыту тілі қазақ тілінде)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Сабақтың тақырыбы

Бесікке бөленген сәби

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

5ӘТН1 Орфографиялық норма.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

 Сабақтың мақсаттары

Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.Емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
  • Көлемді мәтін негізінде жинақы мәтін жазады.
  • Емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады.

 Дескрипторлар

  • Мәтінді түсініп оқиды.
  • Мәтіндегі кілтті сөздер мен тіркестерді анықтайды.
  • Тезистік жоспар құрады.
  • Көлемді мәтінді ықшамдайды.
  • Жинақы мәтін жазады.

 Тілдік мақсаттар

Лексикалық минимум

Бесікке бөлеу, сәби, әже, ата, шеше, әке, талдан иіп жасау, тербету, ұрпақ тәрбиесі, халық әндері.

Бесік - жас нәpестеге аpналып жасалған, теpбелмелi ағаш төсек. 

Тал - майысқақ бұтақты, жiңiшке жапыpақты бұта, ағаш.

Түбек - сәбидi бесiкке бөлегенде, жаялығы былғанбас үшiн бесiктiң астын тесiп оpнатқан киiз не басқа зат. 

Шүмек - бесiктегi сәбидiң кiшi дәpетiн түбекке ағызатын қойдың асық жiлiгiнен жасалған түтiкше.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар

Менің ойымша, біріншіден, қорытындылай келе т.б.

 Құндылықтар

Отбасындағы дәстүрлердің маңыздылығы.

Қазақ халқының тәлім-тәрбиесі.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақ отбасындағы дәстүрлер

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

Мұғалім оқушыларға Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Бесік жырын» тыңдатады. Оқушылар кілт сөздерді атайды.

Бесік жыры

Тәй тәй басып бөпешім жүргенің қандай

Көз қуаныш көкешім күлгенің балдай

Аспандағы ай күндіАлланың тисі

Асқартаудай айбынды боламын дейсің

Әлди әлди ақ бөпем

сендей сәби жоқ көкем

Анам Әкем дейсің бе

Тілің тәтті екен

Әлди әлди ақ еркем

Бой жетерсің сен ертең

Мақтанышы елімнің

Өзің бол еркем

Баурап тәтті қылығың ән салды жаным

Менің мөлдір тұнығым кәусар бұлағым

Жайнап өскен жан гүлім сенсің ау жаным

Қабағыңа ақ нұры жаусын Алланның

Әлди әлди ақ бөпем

сендей сәби жоқ көкем

Анам Әкем дейсің бе

Тілің тәтті екен

Әлди әлди ақ еркем

Бой жетерсің сен ертең

Мақтанышы елімнің

Өзің бол еркем

Оқушылардың ықтимал жауаптары:Әлди-әлди, бесік, ана, ұйқыға бату, тербету, ән салу, ақ ерке, ақ бөпе, бойжету.

Сабақтың негізгі ұғымдары анықталғаннан кейін оқу мақсаты мен оны меңгеру үшін берілетін бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

7 мин

25 мин

7 мин

Мағынаны тану кезеңі

Оқушылар фигураларды таңдау бойынша топтарға бөлінеді.

1-тапсырма. Суретпен жұмыс

Талқылау сұрақтары. Оқушылар топта талқылайды.

Әр топтан мұғалімнің таңдауы бойынша сұраққа жауап береді. Мұғалім балалардың есімдері жазылған таяқшалардың ішінен біреуін таңдайды (немесе әр топқа бір сұрақтан бөліп беруге болады, әр топ өз сұрақтарына ғана жауап береді)

  • Бесікке баланы кім бөлейді?
  • Бесік неден жасалады?
  • Бесікке қатысты құрал-жабдықтарды білесіздер ме?
  • Бесіктің қандай пайдасы бар?
  • «Ел іші – алтын бесік дегенді қалай түсінесіздер?

Ықтимал жауаптар:

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу болады. Баланы ыстық пен суықтан қорғайды. Бесікке салу жолы үлкен әжелер мен әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бесікке бөлейді.

Бесік ағаштан, негізінде талдан иіліп жасалады. Себебі тал иілмелі, оған құрт түспейді, жат иіс болмайды. Бесікке қатысты құрал-жабдықтар: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартбау т.б.

2-тапсырма. Мұғалім оқушыларға мәтін таратып береді. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.

Бесікке салу

 Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі.

 Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.

 Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

 Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Тыштырма үйлестіріп болған соң, барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады. Сонан соң бесікті отпен аластайды.

Тапсырма.

  • Мәтінді оқып, әрбір бөлімнен кілтті сөздер мен тіркестерді анықтап, астын сызыңыз.
  • Бөлімдерге тезистік жоспар құрыңыз.
  • Бесікке салудың халықтың танымы мен медициналық тұрғыдан пайдасы туралы баяндап көріңіз.
  • Негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.

«Автор орындығы»

Қалаулары бойынша 1-2 оқушы жазғандарын ортаға шығып оқиды.Қалғандары бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы

Оқушылар жазған жұмыстарын тапсырады.

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

«Мұғалімге хат»

Оқушылар мұғалімге кері байланыс береді. Жазбаша немесе ауызша беруге болады.

Үйренгенім .........................................................

Мұғалімге ұсыныс ..............................................

Үйге тапсырма: Бала тәрбиесіне қатысты дәстүрлер

Слайд 5

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Жұмыс барысында мұғалім сыныпты аралап, оқушыларға көмек көрсетіледі.Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру ескеріледі.Қабілеті жоғары оқушыларғасинонимдерді анықтау, креативтік танытып өзіндік стильмен қысқартып жазу ұсынылады.

Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, топтарды аралап жүреді. Сабақ соңында кері байланыс алады.

Тақырып тарих пәнімен байланысты. Оқушылараға елтану әрі тарихи материал ұсынылады.

Кабинетте оқушылардың сынып ішінде еркін қозғалуына және бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған.

Интерактивті тақта қолданылады.

Мұғалім сабақта оқушылардың бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді. Тапсырмалар орындау барысында уақытты қадағалап отырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың басында ой қозғау арқылы сабақтың тақырыбына шығады. Оқушылар жұппен сұрақтарды талқылайды. Мақсатты жүзеге асыру үшін мәтін ұсынылады. Мәтінді ықшамдау үшін алдымен жаттығу жұмыстары орындалады. Мәтіндегі тірек сөздер мен тіркестерді анықтай отырып, негізгі идеясын түсінеді. Кейбір сөздерді синонимдермен алмастырады. Оқушылардың белгілі бір нәтижеге жетуі үшін жұмыс алгоритмі ұйымдастырылады. Жұппен жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен кеңесе алады. Дифференциация деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асырылды.Қабілеті жоғары оқушылар өзіндік стильмен креативті ықшамдап жазады.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:Топтық жұмыс

2:Бағалау

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Белгіленген уақыт бойынша жұмыс жасау

2:Белсенді әдістерді қолдану

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Дифференциациялық тапсырмалар дайындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу