Байқоңырым - мақтанышым. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7- бөлім Ғарышқа саяхат

Күні:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Байқоңырым - мақтанышым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу

4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

  • мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
  • мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу
  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийі

  • Мәтін мазмұнын болжайды;
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
  • Мәтін мазұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді

 Тілдік мақсаттар

Ғарыш, Байқоңыр, Қызылорда, Жер серігі, ғарышкерлер, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, жалпы азаматтық құндылықтар

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Ғарыш туралы не білемін?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар өлең жолдарын оқи отырып, Ана тілі- қазақ тілінің қадір-қасиетін ұғынады.

Сүйемін туған тілді- ана тілін,

Бесікте жатқанымда –ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім

С.Торайғыров

ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

«Ойлан тап!» ойыны

Оқушыларға сурет көрсетіледі. Сурет бойынша сабақ тақырыбын анықтау.

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру, бағалау критерийлерін шығару.

Презентация

Сурет

Сабақтың ортасы

10-35 минут

(МК),(Ұ) Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты: Сұрақтар қою арқылы мәтін тақырыбы мен мазмұнын салыстыру, сәйкестігін анықтау.

Тапсырма: сызба бойынша мәтін мазмұына болжам жаса.

/Оқушылардың болжамдары тыңдалады, болжамның дұрыстығын анықтау үшін оқушыларға мәтін таратылып беріледі/.

  • Мәтін үш бөлікке бөлініп оқылады (мәтінді оқу сауаттылығы жақсы үш оқушыға бөліп оқыту)
  • Әрбір бөлік бойынша талқылау сұрақтарын қою

-Мәтіннің бірінші бөлімінде не туралы айтылған? «Байқоңыр қайда орналасқан? («Байқоңыр» ғарыш айлағы; Экватор жазықтығына жақын.),»

-Екінші бөлімі не туралы? «Байқоңырда» нелер ұшырылды? Жердің, айдың, шолпанның, күннің жасанды серіктері; ғарыш кемелері ұшырылды.)

-Үшінші бөлімде не туралы айтылған? Байқоңыр кешенін пайдаланудың қандай зардаптары бар? (Экологиялық зардаптар; улы заттар; ракета қалдықтары) Оның негізгі ойы қандай?

- Мәтіннің тақырыбы мәтін мазмұнына сәйкес келе ме?

-Мәтіннің тақырыбын сен қалай өзгертер едің?

3. Мәтін мазмұнын бастапқы болжаммен салыстыру.

Мәтін.

Ғарыш айлағы

"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Оның негізі 1955 жылы қаланған."Байқоңыр" ғарыш айлағын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону факторлары ескерілді.Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.

1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері ұшырылды. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30 - 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

/Тапсырма орындалып болған соң, оқушыларға «Деректер кестесін» толтыру тапсырылады/.

(Т), (Қ) «Деректер кестесі»

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, ақпаратты деректер келтіре отырып дәлеледеуге баулу.

Тапсырма: Мәтін бойынша «Деректер кестесін» толтыр.

Не?

Қайда?

Қашан?

Не істеді?

/Оқушылар топта бірлесіп, кестенің дұрыс не бұрыс толтырылғанын тексереді, өзін –өзі «+\-» арқылы бағалайды, кері байланыс жасалады/.

(Т) «Сұрақтар қоржыны» ойыны.

Әрбір топ мәтін мазмұнына сәйкес 3 сұрақ құрастырып «Сұрақтар қоржынына» салады.

Әрбір топтан кезекпен оқушылар шығып, «Қоржындағы сұрақтарға» жауап береді.

/Қажеттілігіне қарай толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, кері байланыс жасалады/.

https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&cad=rja&uact=8&ved=0ahUKEwib8KaMq8LXAhUI0hoKHU7XB1AQFggkMAA&url=https%3A%2F%2Fkk.wikipedia.org%2Fwiki%2F%25D0%2591%25D0%25B0%25D0%25B9%25D2%259B%25D0%25BE%25D2%25A3%25D1%258B%25D1%2580_(%25D2%2593%25D0%25B0%25D1%2580%25D1%258B%25D1%2588_%25D0%25B0%25D0%25B9%25D0%25BB%25D0%25B0%25D2%2593%25D1%258B)&usg=AOvVaw0U0UO1PUTM1RpdaldDf9hq

Қима қағаздар

Кесте

«Сұрақтар қоржыны»

Сабақтың соңы

35-40 минут мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Бүгін мен ...................... түсіндім.

-Маған ...................... қызықты болды.

-Маған ........................... қиындық туғызды.

Өзін-өзі бағалау

«Жетістік жолы» арқылы өздерін бағалайды.

Жетістік жолы

(зымыран пішінінде)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу