ЭКСПО-2017 мәтінмен жұмыс
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Күні: 4 тоқсан | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | №8 сабақ. Мәтінмен жұмыс | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | -мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды; -пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және негізді жауап береді; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. | |||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер: Халықаралық көрме, болашақтың энергиясы т.б. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: «ЭКСПО көрмесінің елімізде өткізудің қаншалықты маңыздылығы бар?», «ЭКСПО көрмесіне үлес қосқан адамдар жайлы не айта аласың?», «Сен өз еліңнің атынан көрмеге қоюға не ұсынар едің? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Күнделікті өмірде кездесетін ақпараттарды өңдеп, іріктей алуға үйрету, Отанын сүюге тәрбиелеу | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, әдебиеттік оқу | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз таптары | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | (МК; Т) Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дереккөздерге сүйене отырып, басқа мемлекеттер мен Қазақстанда Мәншүк Мәметованың ескерткіші орнатылған қалалар және оның есімімен аталған көше аттары туралы, тағы басқа да тапқан қызықты ақпараттарымен бөліседі. Топта ұсынады. Нәтижесінде топтар арасында «Ең.., ең,...ең...» деп аталатын өзара бағалау номинациясы беріледі. Ең толық ақпарат. Ең қызықты ақпарат. Ең ерекше ақпарат, т.с.с Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құрастырады. | Презентация Слайд 2 Слайд 3 | ||||||||
Сабақтың ортасы 6-34 минут | Негізгі бөлім 3.1.2.1 (МК, Ұ, Т) Мәтіннің тақырыбын, мазмұнын берілген суреттер бойынша болжау. Оқушыларға ЭКСПО логотиптерінен дайындалған сурет қиындылары ұсынылады. Әр топ өзіне берілген қиындыларды құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын атайды, мәтін мазмұнын болжайды. Сұрақтар: -Суреттен не көріп тұрсыңдар? -Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін? -ЭКСПО көрмесі жайлы не білесіңдер? -ЭКСПО көрмесінің сенің өміріңде әсері болды ма? Болса, қандай? 3.3.5.1 (Ө, Ж, Т, Қ) Қатені табу және түзету жұмыстары ұйымдастырылады. «Жасыл сия» тәсілін қолдану арқылы өздік диктанты ұйымдастырылады. Оқушыларға 1 минут ішінде тақырыпқа қатысты сөздерді жазу тапсырылады. Топтық жұмыс негізінде жазған сөздерін талқылап, қатарын толықтырады. Оқушылардан жұпта бір-бірінің жұмысын тексеріп, дұрыс, барлық талаптарға сай жазылған сөздерді жасыл сиямен қоршап көрсету ұсынылады, ал ықтимал қателердің астын жай қарындашпен сызып көрсетуі сұралады. Оқушылардың қажеттілігіне орай қатемен жұмыс ұйымдастырылады. 3.2.3.1 (МК, Т, Ө) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Мәтінді әрбір оқушы жеке оқиды. Мәтінді түсінген, түсінбегендері, түсініксіз сөздердің болған, болмағаны сұралады. Қажет жағдайда сөздік жұмысы ұйымдастырылады. Мазмұны түсініксіз болған жағдайда зерек оқушыларға қайталап мазмұндатылады. Мәтіннің маңызды тұстарын «Инсерт» әдісін қолдану арқылы түртіп алады. Мәтіннің мазмұны толық игерілген соң, оған дейінгі білетін мәліметтерімен салыстырады. Жаңадан алған ақпараттарын қайталап нақтылайды. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады. Құрастырылған сұрақтар бойынша дереккөздерден мәлімет жинақтау ұсынылады:
Топта «ЭКСПО көрмесінің елімізде өткізудің қаншалықты маңыздылығы бар?», «ЭКСПО көрмесіне үлес қосқан адамдар жайлы не айта аласың?», «Сен өз еліңнің атынан көрмеге қоюға не ұсынар едің?» сұрақтары төңірегінде талқылап, өзіндік пікір айтады. | Қосымша №1 https://massaget.kz/blogs/15612/ Татьяна Иваненко Қосымша №2 Слайд 5 | ||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия Оқушылар сұрақтарға жауап берді: -Сабаққа қандай деңгейде қатыстың? Бағала. -Сабақ барысында қандай қиындықтар болды? Үйге тапсырма: Ресурстардың көмегімен ЭКСПО – 2017 көрмесі туралы тың ақпараттар жинақтау тапсырылады. | Слайд 6 | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады. Зерек оқушылар тарпынан қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беріледі. | Комментарий айту арқылы кері байланыс беріліп, сол арқылы бағаланады. Жазылым бойынша тапсырма өзара бағаланады. | Жазу барысында партада жұрыс отырулары қадағаланады. Белсенді оқыту әдістері алмастырылып отырады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?