Мәтін және сөйлем
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті
Сабақ тақырыбы: №119-сабақ. Мәтін және сөйлем
Сабақ мақсаты:
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Бағалау критерийлері
- өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;
- түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;
- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.
Құндылықтар Еңбекке баулу, өзара сыйластық қарым-қатынасқа баулу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану
Ресурстар: үлестірме кестелер, тапсырмалар.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау Топтық жұмыс ережесі еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сынып ішіне мерекелік атрибуттар (шарлар, гүлдер, жалаушалар) іліп қойыңыз.
Сабақ тақырыбын анықтатыңыз. 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу дағдысын қалыптатсыру үшін «Құттықтау» ойынын ұйымдастыруға болады.
- Оқушылар, сендер түрлі мерекелік шараларға қатысасыңдар. Әдетте мерекемен қалай құттықтайды? Қандай тілектер айтылады? Естеріңе түсірсеңдер, 3 минут ішінде мейлінше көбірек достарыңды құттықтауға және жақсы тілек естуге талпыныңдар. Оқушылар сынып ішінде ашық алаңда еркін қозғалып жүріп, қарым қатынас жасайды.
Талдау
- Құттықтау сөзді айту барысында қандай көңіл күйде болдың?
- Өзіңе тілек айтқан кезде қандай сезімде болдың?
- Саған қай рөлде (тыңдаушы, құттықтаушы) болу ұнады?
- Саған ерекше әсер еткен немесе ұнаған құттықтау болды ма? Неліктен?
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін белгілеу немесе таныстырыңыз.
Диологке түсу, мәтін тақырыбы мен негізгі ойды анықтау дағдыларымызды пысықтаймыз.
Оқылым алды тапсырма:
(Т) «Мерекелер» топтастыру.
Мерекелер қалай жіктеледі? Қандай түрлері бар? Топ жұмысын таныстыру.
Саралау
Мерекелер тізімін алдын ала үлестірме қағаздарына жазып дайындау:
16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Дәрігерлер күні;
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
Мейірбикелер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
Құрылысшылар күні;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
( Ө; Т, Қ) 3.2.4.1 Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау.
1-жаттығу. Мәтінді оқып, кестені толтыру.
Кестенің жауабы
Жіктелуі | Атауы | |||||
Ұлттық мереке | 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні | |||||
Мемлекеттік мерекелер |
| |||||
Кәсіптік және өзге де мерекелер |
| |||||
|
Топта өз кестесімен бөлісуіне, өзара талқылауға жеткіілкті уақыт бөліңіз.
Назар аударыңыз. 1-тапсырмада берілген мәтіндегі мәліметтерде қателіктер кездеседі. Мысалы, ҚР заңнамасына сәйкес мерекелер 3 топқа жіктеледі: ұлттық мереке, мемлекеттік мерекелер, кәсіптік және өзге де мерекелер.
Өзара кестені тексеру және бағалау барысында оқушылардың өз ойын айтуына, нақты деректер келтіруге, заңға сілтеме жасау арқылы дәлелдеуге дағдыландырыңыз.
Талқылау. «Консенсус» әдісі.
- Бұл мәтінге қандай тақырып ұсынар едіңдер?
- Мәтіннен қандай ой түйдің?
- Кәсіптік мерекелерді атап өтудің қандай ерекшеліктері бар?
Ықтимал жауаптар
- Мерекелер.
- Мерекелер кезінде адамдардың еңбектерін бағалап, түрлі сыйлықтар мен марапаттаулар жасайды екен.
- Кәсіптік мееркелерды сол мамандық иелері негізінен атап өтеді. Жиналыстар мен салтанатты кештер ұйымдастырылады.
Дескриптор
- Мәтінге тақырып қояды
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
- Мәтін негізінде маңызды ақпаратты іріктейді.
(Т; Қ) Мәтіннің түрін анықтау. Топта талқылап, мәтіннің бөліктерін толықтыру.
- Мәтінде қай тұсын абзацтан жазуды ұсынар едің?
Ықтимал жауап
Мәтін түрі: әңгімелеу мәтіні, стилі - танымдық мәтін.
- Мерекеге дайындық.
- Халықтық мерекелер.
- Кәсіптік мерекелер.
Сергіту сәті: Құттықтаймын мама туған күніңмен әнін орындау
3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жазу. Қатені тауып, түзету.
Біздің әулетіміз теміржолшылар әулеті. Себебі менің бабам, атам және әкем - құрметті теміржолшылар. Бабам ХХ ғасырдың басында еліміздегі алғаш теміржол салуға қатысқан. Отбасымыз тамыз айының алғашқы демалысында өтетін теміржолшылар күнін үнемі атап өтеді. Мен де ата жолын қуып теміржолшы болғым келеді.
Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтап, дәлелдейді.
Дескриптор
- мағынасы бойынша сөйлемді тиісті сөзбен толықтырады;
- қатені анықтай алады;
3.1.3.1 (Т; Қ) Жасырынған сөзді тауып оқу. Өз ойымен бөлісу.
Шығармашылық үзіліс.
3-жаттығу. Балалардың қай мерекеге дайындалып жатқанын білу үшін, олардың орнын ауыстыру арқылы мерекенің атын тауып оқиды. Оқушылар бұл мерекені қалай қарсы алатыны жайлы топта ойымен бөліседі. Мерекені атап өтуге арналған 3 ұсыныс құрастыру және таныстыру.
Кестенің дұрыс жауабы
б | а | л | а | л | а | р | ||||||
п | р | е | з | и | д | е | н | т | ||||
т | е | м | і | р | ж | о | л | ш | ы | л | а | р |
қ | ұ | р | ы | л | ы | с | ш | ы | л | а | р | |
м | ұ | н | а | й | ш | ы | л | а | р |
Топтар өзара дескрипторға сәйкес бағалайды.
Дескриптор
- тақырыпқа сәйкес сөзін жүйелейді;
- сөйлеу мәдениетін сақтайды.
(МК; Ұ; Қ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, рефлексия жасау.
«2 тілек, 1 ұсыныс» стратегиясы бойынша топтық жұмысқа рефлексия жасайды. Топ мүшелері ақылдаса отырып, өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы мен тілдік нормаларды дұрыс қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
(Ө; Қ) Өзін бағалау кестесі
Бағалау критерийлері | Өз бағам | Мұғалім бағасы |
негізгі және туынды сөздерді ажырата алады | ||
туынды сөздерді сөз құрамына талдайды | ||
туынды зат есімді, туынды сын есімді, туынды етістікті анықтайды | ||
өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтайды | ||
мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды | ||
кестені қолданып ашықхат жаза алады |
Оқушының бағалауы мен педагогтің бағалауы сәйкес келді ме? Неліктен?
Оқушылармен қандай оқу мақсаттарын әлі де пысықтау керек?
Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма: 4-жаттығу, Сөздердің аражігін ажыратып, мақалды жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар), 2018 ж.
- «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ. Қазақ тілі. Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
- «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?