1.Қазақ тілі_3-сынып_7-бөлім_Су – тіршілік көзі_14-сабақ_Сан есімдерді қайталау._ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім: Су – тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы

14-сабақ. Сан есімдерді қайталау

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;;
  • сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
  • үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;

Оқушылардың көбі:

  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;;
  • сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, сұрақтарға жауап береді;

сөйлемнен сан есімді табады;

бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады;

Сөздік қор

Пәндік терминология және тірек сөздер:

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сан есімдерге - ыншы, - інші жұрнақтарын жалғағанда нені ескеру қажет?
  • Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі болу себебі неде?
  • Саған қай жолаушының ойы ұнады? Неліктен?

Құндылықтарды дарыту

Судың – тіршілік көзі екендігін, оның адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

Оқушыларды табиғатты қорғай  білуге, оны ұқыпты пайдаланып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сын есім және сан есімдер. Қандай сұрақ қойылатыны, сын есімнің негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінетіні, олардың емлесі. Сан есімдердің есептік, реттік түрлерінің болатыны, реттік сан есімдерге жалғанатын қосымшалар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(ҰТ) Қызығушылықты ояту

Оқушылар шеңбер құрып дөңгелене тұрады. Өлең жолдарында берілген қимылдарды жасайды. Өлеңді барлығы бірге қайталайды.

  • Екі көзің не үшін керек?
  • Жақсыларды көру үшін.
  • Екі қолың не үшін керек?
  • Елге көмек беру үшін.
  • Екі аяғың не үшін керек?
  • Туған жерге бару үшін.
  • Өлең жолдарынан сан есімді тауып, сұрақтар қой.

Сан есім: екі-есептік сан есім

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

4-слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

14 минут

5 минут

5 минут

7 минут

ІІ. Негізгі бөлім

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

(МК, Ө) Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып, мақал жазады.

Мысалы:Ыы Ыыы Ыыыы ЫЫЫ Ыы Ыыы Ыыыы ЫЫЫ

Су — ырыстың көзі,Еңбек — кірістің көзі.

Оқушыларға мақал мағынасын талдау ұсынылады.

Бағалау дескрипторы:

  • сөздерді каллиграфиялық талапқа сай қатесіз жазады;

- мақал мағынасын түсінеді;

Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазуы қадағаланады. Каллиграфиясы бойынша жеке қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс ұйымдастырылады.

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

(Ұ.Қ.Т.Ж.) (Т) Мәтіннен сан есімдерді тауып, түріне ажырату.

Таза бұлақ

Бір бұлақтың басында үш жолаушы бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шығып жатыр екен.

Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын жерге бір қазандай қара тасты қойыпты да, тасқа «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!» деп жазыпты. Үш жолаушы бұлақтан шөлдері қанғанша су ішеді, тастағы жазуға көздері түседі.

Сонда бірінші жолаушы тұрып былай дейді:

Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған жол-жөнекей кішкене бұлақтар қосылып, сөйте бара, үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мынандай ғибрат* алуға болады. Сондай адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқталып қалма, сөйтсең, ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп білемін, - дейді.

Екінші жолаушы молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.

  •  

Ыбырай Алтынсарин

Оқушылар топтарға біріктіріледі. Олар мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін «Ыстық орындық» әдісін жүргізу арқылы анықтауға болады.

  • Мәтін не туралы?
  • Саған қай жолаушының ойы ұнады? Белгіле (). Неліктен?

Мәтін мазмұны талданып болған соң әр топ тыңдалған мәтін ішінен тірек сөздерді теріп жазады.

  • Тірек сөздер: үш жолаушы, бұлақ, таза сақта, шөп-шалам, жақсылық, міндет, күні-түні тынбай, рақаттандырады, сусынын қандырады т.б.
  • Мәтіннен қандай ой түйдің?
  • Мәтіннен сан есімдерді табады, оларға қанша? неше? нешінші? сұрақтарының тиесілісін қойып, бір-бірімен салыстырады. (бір, үш, бірінші, екінші, үшінші)
  • Үш, үшінші сөздерінің бір-бірінен қандай өзгешелігі бар екенін дәлелдейді: үш сөзі есептік сан есім, оған қанша? немесе неше? сұрақтарының бірі қойылады, ал үшінші сөзі реттік сан есім, оған нешінші? сұрағы қойылады.
  • Үшінші, алтыншы сан есімдеріне жалғанған қосымшаның (-інші, -ыншы) екі түрлі жалғану себебін түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Сан есімдердің есептік және реттік болып бөлінетінін оларды өзара салыстыру және оларға сұрақ қойғызу арқылы, мағыналарындағы өзгешелікті байқату жолын көрсету. Мысалы: (бір- сөз жіңішке айтылып тұр, соған байланысты оған жалғанатын жұрнақ та жіңішке болатыны бірінші , алты- сөз жуан айтылып тұр, соған байланысты оған жалғанатын жұрнақ та жуан болатыны ескертіледі)
  • Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазу жұмыстары жұптық жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі. (бір- бірінші, екі- екінші, үш -үшінші)

Бағалау дескрипторы:

  • тірек сөздерді анықтайды;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады;
  • мәтіндегі сан есімдерді тауып, есептік және реттік түрлеріне ажыратады;
  • есептік және реттік сан есімдердің мағыналық өзгешелігін айтады;

Сергіту сәті Дене қимыл жаттығуларын жасайды.

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

(Ж Ж) «Алтын балыққа көмектес» ойыны

  • Саны бар сөздердің шешуін тап.
  • Сан есімдерге - ыншы, - інші жұрнақтарын жалға.

Дұрыс жауабы:

Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Саны бар сөздердің шешуін тауып, сан есімдерге - ыншы, - інші жұрнақтарын жалғап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • саны бар сөздердің шешуін табады;
  • сан есімдерге - ыншы, - інші жұрнақтарын жалғап жазады;
  • каллиграфиялық талапқа сай жазады;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

(ӨЖ) Семантикалық картамен жұмыс

Сөздер

Есептік сан есім

Реттік сан есім

бес

екінші

алтау

он үш

он бес

жиырмасыншы

тоқсан бірінші

Дұрыс жауабы

Сөздер

Есептік сан есім

Реттік сан есім

бес

+

екінші

+

алтау

он үш

+

он бес

+

жиырмасыншы

+

тоқсан бірінші

+

Бағалау дескрипторы:

  • сан есімдерді есептік және реттік түрлеріне ажыратады;
  • есептік және реттік сан есімдердің мағыналық өзгешелігін біледі;

5-слайд

№4Дәптермен жұмыс

6-слайд

7-слайд

-слайд

8-слайд

9-слайд

№4 Дәптермен жұмыс

10-слайд

№4Дәптермен жұмыс

11-слайд

12-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау. «Хабарлама» әдісі.

Бағалай критерийлері бойынша қысқаша хабарлама жазу.

Менің сабақтығы жетістіктерім...

Мен ... дамытуды қолға аламын.

Үй тапсырмасы

Сан есім түрлерін қатыстыра отырып суды қорғау мақсатында Қазақстан балаларына үндеу жазу.

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу