1.Қазақ тілі 3-сынып 5-бөлім Өнер №81 сабақ_ Нәтиже сабақ_ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Ршымбетова Гулбану Амангелдиевна

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

81-сабақ. Нәтиже сабақ.

Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;

- оқу мақсатын ауыстырыуыңызға болады

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;

-үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

Оқушылардың көбі жасай алады:

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;

тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

-Зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды

-сөйлем құрамындағы сөздерден зат есімді ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі.

-зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

Бағалау критерийлері

-берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтайды; оны түсінеді және түсінгенін көрсете алады.

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете алады;

- зат есімді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жаза алады;

-зат есімдерді жекеше түрде тәуелдей алады;

 Сөздік қор

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

тәуелдік жалғауы

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

 Құндылықтар

Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Музыка (сергіту сәті)

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есімнің тәуелденуі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекетл

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

) Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Сәлемдесу:

(Оқушылар қимылмен жасайды.)

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн, болсын.

Бүгінгі күніміз.

Сәттілікке толсын!

Топқа біріктіру. Өлең шумақтары жазылған, қағаз қиындылары таратылып, әннің бір шумағын айтып,

4 топқа бірігеді.

Алдыңғы білімді пысықтау.

«Желпуіш» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.

Әр топ қағаздың бүктелген жеріне өткен тақырыптан сұрақтарды жазып, келесі топқа береді. Әр топ өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Мысалы:

Зат есім дегеніміз не?

Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?

Тәуелдік жалғаулары дегеніміз не?

Слайд 3

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

Сабақтың ортасы

10 минут

2-минут

5- минут

  • минут

1-минут

5- минут

5- минут

  • минут

( МК.Ө) Көркем жазу.

Үлгі бойынша К әрпінен басталатын сөздерді табу, талапқа сай жазу. Мысалы, Кк, күн, күнбағыс,күміс, кереге, көз...

3.4.2.2. (МК,Ұ) Зат есімнің тәуелденуі туралы еске түсіремін. Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды. Тәуелділік жалғаулар үш жақта, жекеше, көпше түрде айтылады. Әже сөзін үш жақта тәуелдету. Мысалы: Әжем, әжең, әжеңіз, әжесі. Әжеміз, әжелерің, әжелеріңіз, әжелері.

«Миға шабуыл» әдісі

Imektep/kz . Шоқан туралы бейнежазба көрсету.

Шоқан кім?

Ол туралы қандай кітап жазған?

3.2.4.1 (Ө, Ұ, Қ) 1-тапсырма

Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты таңда.

Көктем кезі. Шоқан ауылына жер картасын жасайтын Сотников деген кісі келді. Шоқан да сол кісімен бірге даланы жиі аралады. Сотников салған суреттерге еліктеп, тауды, көлді бейнеледі. Бір күні оған Мысықтың балшықтан жасаған күймесін көрсетті.

— Мынаны кім жасаған? — деп сұрады Сотников.

— Менің, жолдасым —- Мысық.

— Ол қайда?

— Ауылда.

— Оқыған ба?

— Жоқ, оқымаған.

— Бұл - өнерпаз бала. Оған білім керек. Білім беру үшін мектеп ашу қажет. Сенің калаға барып оқығанын жөн. Оқып білімді болған соң , Мысық сияқтыларды үйретесің, — деді Сотников.

Шоқан алыс қырға қарап, ойланып тұрып қалды.

  • Бала Шоқан
  • Сотниковтың ақыл-кеңесі
  • Өнерпаз бала
  • Шоқанның арманы.

Тақырыбы - «Бала Шоқан»

Неліктен «Бала Шоқан» деп ойлайсың? Дәлелде, себебін түсіндір.

(Ө, Қ) Мәтінде кім туралы айтылған?

Ықтимал жауап:

Мәтінде Шоқан туралы айтылады. Шоқан Сотниковпен бірге даланы жиі аралады. Сотников салған суреттерге еліктеп, тауды, көлді бейнеледі. Ол өзінің досы Мысықтың жасаған мүсінін көрсетті.

Дескриптор

  • Мәтінге сай келетін атауды таңдай алады;
  • Себебін түсіндіріп, дәлелдейді.

Қ.Б. «Мадақтау» сөздер арқылы бағалау.

3.3.5.1 (МК, Ө, Ж, Қ) 2-тапсырма

1. Берілген сөйлемдерді түзетіп, жаз. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сенің қалага барып оқығаның жөн.

Білім беру үшін мектеп ашу қажет. Бұл - өнерпаз бала. Оған білім керек.

Оқып білімді болған соң, Мысық сияқтыларды үйретесің.

Жауап:

Бұл - өнерпаз бала. Оған білім керек. Білім беру үшін мектеп ашу кажет. Сенің калага барып оқығанын жөн. Оқып білімді болған соң , Мысық сияқтыларды үйретесің.

Жазған жұмыстарын, қарындашпен өзара тексеру, мұғалімнің көмегімен қатесін тауып, түзету.

  • Сөйлемдердің реттілігі сақталған ба?
  • Мағынасы жағынан байланыса ма?
  • Қате кездесе ме?

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

2. Бұл - өнерпаз бала. Оған білім керек - сөйлемдерінен зат есімдерді тауып, үш жақта жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.

Зат есім: бала, білім.

Жекеше

Менің балам, білімім

Сенің балаң, білімің

Сіздің балаңыз, біліміңіз

Оның баласы, білімі

Көпше

Біздің баламыз,біліміміз

Сендердің балаларың, білімдерің

Сіздердің балаларыңыз, білімдеріңіз

Олардың балалары, білімдері

Сергіту сәті «Көңілді күн»

3.1.4.1 Тапсырма (Ұ,Ө,Қ)

Мәтін бөліктерін толықтыру.

Жоспар бойынша мазмұндау.

1. Сотниковтың Шоқан аулына келуі.

2. Балшықтан жасалған күйме.

  • 3. Мысық - өнерпаз бала.
  • 4. Шоқанның ойы.

Дәптермен жұмыс

(МК, Ө, Қ) Тапсырма Сөздерді оқы.

  • Ұш , біл, сыз, жүз, өшір.
  • Адал, ұзын, жаңа, сұлу, таза, биік.
  • Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? (етістік)
  • Екіншідегі ше? (сын есім)

Осы сөздерден зат есім жасап жаз. Сұрақ қой. Бұлар қандай зат есім деп аталады? Неліктен?

Жауап :

Ұш+қыш, білім, сыз+ғыш, жүзім, өшір+гіш

Адалдық, ұзын+дық, жаңа+лық, сұлу+лық, таза+лық, биік+тік

МК: Түбір сөзге жұрнақ қосу арқылы зат есім жасадық. Бұлар - туынды зат есім. Мысалы: ұшқыш, білім, жүзім,...

Саралау. Бірінші , екінші жолдағы сөздердің қай сөз табына жататынын сұрақ қою арқылы айтады, зат есім жасайды.

Өзара тексеру

  • Берілген сөздерден зат есім жасай алды ма?
  • Сұрақты дұрыс қойды ма?
  • Қате кездесе ме?

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Дескриптор

  • жоспар бойынша мазмұндай алады;
  • сөздердің қай сөз табынан екенін біледі;
  • көпше, жекеше түрде тәуелдей алады.

Слайд 4

Слайд 5

Imektep/kz

Оқулық

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Қосымша №1

Слайд 10

Слайд 11

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан не білдің?

Не қиын болды?

Несімен ұнады?

Үйге тапсырма: мектеп, үй сөзін тәуелдеп жазу.

Слайд 12

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тасырма беремін. Қабілетті оқушылар бірінші, екінші жолдағы сөздердің қай сөз табына жататынын сұрақ қою арқылы айтады, зат есім жасайды.

Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіне сай тапсырманы орындайды.

Дескрипторлар арқылы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Мадақтау» сөздер арқылы бағалаймын.

Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу