алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ тілі 3-сынып 5-бөлім Өнер Кітап жайында қысқаша әңгіме жазу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Мектеп:ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кітап жайында қысқаша әңгіме жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.3.4.1* оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің қолдауымен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру

 Сабақт мақсаттары

Сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын айқын, дәл жеткізуге үйрету. Сауатты, көркем жазуға төселдіру.

 Бағалау критерийлері

Сөйлемдердің ара жігін ажырата алады және сөйлем түрлеріне қарай тиісті тыныс белгісін қояды. Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады. Сауатты жазып, ауызша ойын жеткізе алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралықбайланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін реттеу.Жағымды көңіл күй орнату.

Қызығушылық мотивациялық кезең

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына қарап бағалау критерийлерін анықтау.

Жұмбақтар

Сабақтың ортасы

5-10 минут

10-15 минут

15-20 минут

20-35 минут

(Ұ,МК) «Тарих беттерінен» айдары

Мақсаты:Оқушыларды кітаптің шығу тарихымен таныстыру.

Оқушылар кітап жайлы мәтінді оқиды. Алдын-ала берілген сұрақтарға жауап беру үшін қажетті ақпараттың астын қарындашпен сызады.

Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, ГрекиядаРимде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.

(Ө,Қ)Сұрақ-жауап әдісі

Мақсаты:Оқушылардың мәтін мазмұны бойынша алған түсініктерін анықтау.

-Балалар, кітап жайлы не білдік?

-Кітаптің алғашқы түрлері қай елдерде пайда болды?

-Алғашқы кітаптарда жазу үшін қай жазуды пайдаланған?

-Жазуды қайда жазған?

(Ө,Ж,Қ)Мәтіннен кейінгі жұмыс

Мақсаты:Негізгі және туынды зат есімдерді анықтау, сөз құрамына талдау.

Оқушылар жұпта отырып, туынды зат есімдерді анықтап, сөз құрамына талдайды. Көрші жұптар бір-біріне тапқан сөздерді оқып, сөз құрамына талдауларын тексереді,бағалайды.

Әрбір дұрыс анықтап талданған туынды зат есімге – 1 балл қойылады.

Білімалушының ықтимал жауаптары:

Жазба, басылым, көшіруші, көркемдеуші, суретші, қолжазба, т.б.

(Ө,Т,Қ)Суретпен жұмыс

Мақсаты:Сурет мазмұны бойынша кітап жайында қысқаша әңгіме жазу

Оқушыларға суреттер беріледі.Оқушылар өз қалауы бойынша таңдаған суретін негізге ала отырып, қысқаша әңгіме жазады.

Әңгіме жазып болған оқушылар топта отырып, әңгімелерін топтастарына оқиды, топ ішінде ең қызықты жазылған әңгіме анықталады.

Суреттер

Мәтін жазылған парақтар

Тақырыптық суреттер

Сабақтың соңы

35-40 минут

Әли мен Айяның кітап жайлы әнін тыңдау, бірге қосылып, ән айту.

Рефлексия.

Сабақтың басында құрылған бағалау критерийлеріне қайта оралу.

Бағалау

Өзімнің жұмысыма ризамын! (қол соғу)

Әлі де тырысу керек! (аяқпен топылдату)

Бағалау критерийлері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/2239-kitap_bilim.html© www.ZHARAR.com

КітапБіз кітаптан білім аламыз. Кітапты оқыған адам ақын немесе жазушы болуы мүмкін. «Кітап – білім бұлағы» демекші кітапты көп оқыған адамның жүзі жарқын болады. Оқығаныңды түсіндіре алуымыз керек. Әр сөздің мағынасын жете ұғынып, нақты, дәл айта алу – әр адамның міндеті. Кітапханаға барғанда кітапты дұрыс таңдау, әр баланың талғамына сай кітапханашы кітапты таңдап беру қажет. Кітапты мәдениетті ұстау, жүрегіне жағатын сөйлемдерді қойын дәптерге жазып жүрген абзал. Тіл мәдениетіміз даму үшін көркем әдебиеттерді көп оқуға тиіспіз. Сондықтан кітапты көп оқиық, достар!

«Білу және түсіну» өсиет әңгіме

Үкі бәрін, тіпті одан да көп білетін. Оны ешнәрсемен таң қалдыруға болмайтын. Кез-келген жаңалықты ол құлықсыз тыңдап, үнемі былай дейтін:— Мұның бәрін мен осыдан жиырма жыл бұрын білгем.— Сен білесің бе?.. деп біреулер сұрайтын.— Баяғыдан білемін, басқа жаңа бір нәрсе айтпайсың ба, — деп жауап қатушы еді.Тіпті керемет оқымыстылардың өзі, Үкі оларға сұрақ қойғанда өздерін ақымақ сезінетін.— Сен білесің бе, -деп сұрайтын олардан үкі.— Нені?— Ештеңені де білмейсің, біле де алмайсың, тіпті сенімен сөйлесудің қажеті де жоқ, — деп жауап беретін-ді.Содан бір күні Үкі орманда ештеңе білмейтін тышқанның баласы өмір сүретінін естіпті.— Мынау не деген жаңалық – деп Үкі алғаш рет таң қалыпты. – Мұны тіпті мен де білмедім.Үкі сол ерекше тышқанды көрмекші болады. Оны ұзақ іздейді. Көптеген тышқанның балаларын аулап жүріп, әрең дегенде өз інінің жанынан дым білмес тышқанды кездестіреді. Ол тышқанның баласын ұстап алмақшы болады, бірақ ол зып беріп ініне кіріп кетеді.— Бұл әлемде не бар не жоғынан хабарсыз дым білмес сенбісің? – деп сұрайды Үкі.— Білмеймін! – деп жауап береді тышқанның баласы.— Бірақ сен Үкілердің тышқандарды жейтінін білесің ғой?— Білген жоқпын! – дейді тышқанның баласы.— Онда менен неге жасырындың?— Сен мені жеп қоймас үшін, — дейді тышқан баласы.— Яғни, сен бірдеңе болса да, білесің! – дейді көңілі қалған Үкі. – Алдама мені.— Мен тек бірнәрсені түсінемін! – дейді тышқан баласы.— Олай болуы мүмкін бе?! – деп таң қалды Үкі.— Бәрін білуің, бірақ ештеңе түсінбеуің мүмкін! – деп жауап қатады Тышқан баласы. Солай дейді де, ініне кіріп кетеді.— Мен бәрібір сені ұстаймын! – деді Үкі. – Сен маған бәрін түсіндіресің, көкми.Содан бері Үкі ағаштың қуысына отырып алып күн ұзағына ойға шоматын көрінеді. Әрі ойланады, бері ойланады, бірақ Тышқан баласының сөздерін түсіне алмайды. Сәл қараңғы түссе болды, Үкі тышқанды аулауға шығады, ал ол болса, жет қат жердің астына кіріп кеткендей жоғалады.Осылайша оның аулаған тышқандарына сан жептейді, бірақ одан еш пайда болмады. Олардың шиқылынан басқа ештеңе ести алмады. Содан бері Үкі қараңғы түссе болды, «Ух-ух-ух!» деп терең күрсінетін көрінеді.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы