👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 4 - бөлім Айналамыздағы дүние Әңгіме жазу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім «Айналамыздағы дүние»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:2 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әңгіме жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

2.3.6.1 Белгілі бір мақсатқа сай және өзгелерді сендіру үшін сөздерді немесе суреттерді қолданып, шағын мәтіндер жазады.

2.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен орынды (жағымды) сөздерді тауып, шағын мәтіндерді редакциялайды және түзетеді.

 Сабақ мақсаттары

Сөздерді және сөйлем тіркестерін құрастырып, сурет бойынша мәтін құрастыру. Шағын мәтін жазып, түзетулер енгізіліп, топпен сөйлемдерді дұрыс ретмен орналастыру.

 Бағалау критерийлері

Дыбыстық білімін қолдана отырып, жай сөйлемдер жаза алады. Үлгі бойынша сөздерді орынды қолдана отырып, қарапайым сөйлемдер құрастырып жаза алады.

 Тілдік мақсат

 

Ауылда, ауасы, көркем, достарыммен, ауылым,бар, ағады ,құстар, қиын, жемшашар. Қыс мезгіліне байланысты сөз тіркестері.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Шеңберге тұрып 4 оқушыға бір суретті 4 бөлікке бөліп таратып береді. Тұтас бір суретті шығару арқылы топқа бөлінеді. Суретте шыққан бейне туралы не білетінін ауызша айтып орындарына отырады.

Сурет бөліктері

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Сілтеме бойынша тыңдалған аудио материалдан естіген дыбыстарын дәптерлеріне жазып шығады.

Құстардың сайрауы, әтештің шақыруы, сиырдың мөңіреуі, иттің үруі, аттың жүрісі деген сөз тіркестерді жазып шығады.

(Ө) Әр оқушы теріп жазған сөз тіркестерімен сөйлем құрады.

Деңгейлік тапсырмалар.

Сөйлемдерді толықтырыңдар.

1 – топ.

Мен .... тұрамын

Ауылдың таза ... маған күш береді.

Менің ауылымның табиғаты ...

2 – топ.

Ауылдың шетінде тоғай ....

Ол жерде өзен .......

Ауыл шетінде ... ойнағанды ұнатамын.

3 – топ.

Тоғайда түрлі ..... мекендейді.

Қыста құстарға тамақ табу өте .....

Достарыммен құстарға ағаштан ...... жасаймыз.

4 – топ.

Мен үшін туған ... ыстық.

Әсіресе қыс мезгілінде тоғай .....

(Ауылда, ауасы, көркем, достарыммен, ауылым,бар, ағады,құстар, қиын, жемшашар, әдемі)

2) Суреттегі ауыл көрінісіне қатысты сын есімдердің тіркесін жазыңдар

  • Таза -----------------------------------
  • Әдемі----------------------------------
  • Үлкен ---------------------------------
  • Мөлдір -------------------------------
  • Жасыл--------------------------------
  • Ашық --------------------------------
  • Көркем -------------------------------
  • Тәтті ----------------------------------
  • Қызыл, көк -----------------------

http://ecosounds.net/atmosfera-selskoj-mestnosti-zvuki-derevni/atmosfera-selskoj-mestnosti-zvuki-derevni-2/

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия. Оқушылар сабаққа кері байланыс ретінде смайликтің суретін салады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан жайылма сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы