Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 4-бөлім Сәулет өнері Шытырман оқиғаларды зерттеу. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім:

Сәулет өнері

Сынып:3 А

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н. З.

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Шытырман оқиғаларды зерттеу. Егер мен сәулетші болсам...

Tура және ауыспалы мағыналы сөздер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.

 Сабақ мақсаттары

  • берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.

 

 Бағалау критерийлері

  • сурет жаңа сөздердің мағынасын ашады, мәліметтердің маңызын анықтайды;
  • жіберілген қателерді табады, түзетеді.

 

 Сөздік қор

жасау, болу, тырысу

 Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бойында достық,жолдастық, сыйласымдылық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

Өздеріне деген сенімдерін,жұмыс орындау барысында жауапкершілікті арттыру;

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

 және жаһандық азаматтықтың

 іске асуы

  • Еліміздің мәдениетін салт-дәстүрін құрметтеуге үйренеді
  • Алған білімді өмірде қолдануға үйренеді

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

 АКТ

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақ

тың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • жаңа сөздердің мағынасын анықтаймыз;
  • мәліметтердің маңызын түсінетін боламыз;
  • жіберілген қателерді табамыз және түзетеміз.

Презентация

Сабақ ортасы

35 минут

(Ж) Жазайық

«Еркін жазу» әдісін қолдану.

Cұрайық және жауап берейік

Бұл суреттен не көріп тұрсың? Суреттің мазмұнын жеткізетін зат есімдерді ата. Суреттерге ат қой.

Суреттерді салыстыр. Екеуіне не ортақ? «Қандай?» сұрағын қатыстырып, суретке байланысты екі сұрақ құрастыр. Бұл суретке тағы не қосуға болады? Неге? Ойыңды дәлелдеп айт.

(Ж) Оқиық

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сынып болып орындалады.

Тапсырманы қалай орындау керек?

Мәнерлеп оқуға үйретуге негізделген тапсырмада мәтінді оқу келесі үлгіде ұйымдастырылады.

Оқушылар:

  • жұппен кезектесіп дауыстап оқиды;
  • бір­бірінің оқуын бақылап, түзету жасайды;
  • мәнерлеп оқитын оқушыны анықтайды;
  • жақсы оқыған оқушыны топтық оқуға ұсынады;
  • топтық оқуда кезектесіп дауыстап оқиды;
  • үздігін анықтайды; сыныптық оқуға ұсынады;
  • сыныптық оқу ұйымдастырылады.
  • жеңімпазды анықтайды.

Мәтін кейіпкерінің әрекетін білдіретін етістік сөздерді теріп жазады. Кейіпкер туралы пікірлерін білдіреді. Оған сәулетші болу үшін қандай қасиеттер болу керектігін санамалап айтады.

(Ж) Анықтайық.

Түрлі дереккөздерден алған ақпараттарды сұрыптап, ең тиімдісін таңдап алу дағдылары дамытылады.

Қазақстандағы қызықты ғимараттар туралы дайындаған мәліметтерді немесе сайт атаулары беріледі. Оқушылар олармен танысып, өздерін қызықтырған сәулет өнері туралы қысқаша хабарлама жасайды. Хабарламада таңдап алынған сәулет өнерінің ерекшелігі туралы айтылуы тиіс.

Дифференциация: Қабілеті жоғары оқушыларға интернет ресурстары арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік беруге болады. Қабілеті нашар оқушылар мұғалім дайындаған ақпарат ресурстарымен жұмыс жасай алады.

(Ж) Ойымызбен бөлісейік және жазайық.

Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырма сөздердің мағынасын сөйлем ішінде қолдану арқылы ашуды көздейді. Ол сөздерді осының алдындағы «Сұра және жауап бер» тапсырмасында жазып алған болатын. Осы арқылы оқушылардың сөз байлығы кеңейеді және сөздерді байланыстырып жазу дағдыларын дамытады деп күтіледі.

Жазылым тапсырмасында өз ойын жүйелі жеткізу үшін тапсырманың шартында берілген нұсқауды сақтайды.

Ықтимал жауаптары.

Жоғары деңгейлі жауап. Қиялдан туған елестету мен логикалық жүйелі байланысқан жауап: мысалы, мен үйімді ауада қалықтап тұратын кеме­үй етіп саламын. Ол сәулет өнерінің ерекше туындысы болады.

Орта деңгейлі жауап. Мен таңдаған суреттегі үй су бетіне теңіздің маржан тастарынан салынған. Менің үйім осындай әдемі, таңғаларлық болса екен. Төмен деңгейдегі жауап. Суретте төңкеріп салған (немесе су бетіне теңіз маржанынан салынған) үй бар.

(Ж) Жазғанымызды тексерейік.

Бұл тaпcыpмaдa oқушылap сыныптасының жазған жұмысын тексеріп қатесін тауып, оны түзету арқылы тілдік нормаларды сақтауға үйренеді.

  • Сыныптасының жұмысын оқиды.
  • Жіберген орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық қателерін анықтау үшін қажетті сөздіктер мен өз білімдеріне жүгіне алады.
  • Сыныптасының жұмысын түзетуге ұсыныс жасайды.

Білімді бекітуге арналған тапсырма

«Коллаж әңгіме»

Мақсаты: сыни ойлау дағдыларды және коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған.

Оқушыларға әртүрлі ғимарат үлгілері бейнеленген түрлі­түсті суреттері бар журналдар беріледі. Оқушылар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, тақырыпқа байланысты (Мен елімді көркейтемін) туралы әңгіме құрастырады.

Орфографиялық сөздік

Сабақтың соңы

2 минут

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

РЕФЛЕКСИЯ

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға жауап беруге, тапсырманы орындауға көмектеседі.
  • Оқушыларға алдымен оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру үшін ойлануға уақыт беремін, жекелеген оқушылардан сұраймын.
  • Жазайық тапсырмасы бойынша түсінбеген тұстары болса, жекелеген оқушылардың жанына барып түсіндіріп кетемін.
  • Топта жұмыс жасалған уақытта барлық оқушылардың жұмыс жасауын мұқият қадағаланады.
  • Шағын топтардағы оқушылардың жауаптарын дәлелдеу кезінде жетелеуші сұрақтар қойып отырамын

«Жазайық» тапсырмасын «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау;

«Оқиық» тапсырмасын шапалақтау арқылы бағалау;

«Анықтайық.» тапсырмасын «бас бармақ» әдісі арқылы бағалау;

«Ойымызбен бөлісейік және жазайық.» Жеке жұмыс тапсырмасын смайлик арқылы бағалау;

  • Сергіту сәті өткізіледі.
  • Сабақ барысында кеудені партаға дұрыс отыру ережесі қайталанады;
  • Көзге арналған жаттығу жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:Сабақта оқушылар көптеген қызықты мәліметтер алды. Әміре Қашаубаевтың өмірімен оның шығармашылығымен таныса отырып, Кестені толтыр

2:Cалыстырайық

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?

Қос жазба әдісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу