Қазақ тілі және әдебиеттік оқу.3 сынып. 4-бөлім. Сәулет өнері.Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу мен айту.Қысқа мерзімді жоспар
Пән:қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Сәулет өнері. Сынып: 3 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қызықты оқиғалыәңгімелерді жазу мен айту. Еліміздегі ерекше көпірлер. | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | (3.2.4.1) өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтайды; тура және ауыспалы сөздерді ажырата алады | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | •Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; •Мәтінге тақырып қояды; •Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын анықтайды; | |||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Нысан, аспалы көпір, діңгек, шоғыр сым | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тoппeн жұмыc кeзiндeгi қaтыcым әpeкeтiндe өз пiкipiн дәлeлдi, дәйeктi, түciнiктi жeткiзугe дaғдылaнaды. | |||||||||||||||||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Оқушы oқып жaтқaн мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауға үйренеді. Оқушылap opтaқ мaқcaтқa нeгiздeлгeн әpeкeттepдi opындaуғa бeйiмдeлeді. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | жаратылыстану пәні | |||||||||||||||||||||
ИВТ | Презентация | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Оқулық: 56–57 беттер. Жұмыс дәптері: 67бет Сабақтың мақсатымен таныстыру. | Презен тация | ||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Сен білесің бе? Атырау қаласындағы көпір – Европа мен Азия құрлықтарын жалғастыратын көпір. Оқиық. Тапсырма жеке және жұппен орындалады. Бұл тапсырманы орындатуға «Алдынала берілген атаулар» әдісі қолданылады. Мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға «Ерекше құрылыс нысаны», «Аспалы көпір», «Асфальтты көпір», «Семейдегі аспалы көпір» деген тақырыптарды жазып қояды. Оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және мәтінмен қатынасы мен байланысы туралы ойлауын, содан кейін біреуін таңдап, таңдаған себебін мәтінге сүйеніп түсіндіруін сұрайды. Мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдайды. Бұл жұмысты жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша орындайды. Ойымызбен бөлісейік. «Oйымызбeн бөлiceйiк» aйдapындағы тапсырма – алдыңғы тапсырманың жалғасы. Тапсырманы топпен орындайды. Тапсырма «Сұқ саусақ» стратегиясы арқылы оқушылардың сұраққа жауап беруін қамтамасыз ету. Яғни, бір оқушы ортаға шығады. Қалған оқушылар шеңберде тұрады. Ортаға шыққан оқушының көзін байлап, бір айналдырады. Айналғаннан кейін сұқ саусағы арқылы бір баланы көрсетеді. Сол балаға өз сұрағын қояды. Сұрақтар оқулықта берілген. Мәтін не туралы? Мәтінде көпір туралы тағы не айтылған? Көпірдің ерекшелігі туралы қай сөйлемде айтылған? Мәтіннің тақырыбы мен ерекшелігін байланыстырып оқы. Ол мәтіннің негізгі ойы бола ала ма? Ойыңды айт. Мұғалім сыныптың ерекшелігіне байланысты сұрақтардың санын өзгерте алады. Айтайық. «Айтайық» айдарымен берілген тапсырманың мақсаты – оқушы- ларға сөйлеу барысында тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсініп қолдануды үйрету. Тапсырманы топпен орындау. Тaпcыpмaны қaлaй opындaу кepeк: Тапсырманы «Фрейер моделі» әдісін қолдану арқылы орындату. Бұл әдістің кестесі болады. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріп, сөйлем құрап, сол кестені толтырады. «Фрейер моделі» Ықтимал жауаптар: Бет – адамның беті (тура), көлдің беті, кітаптың беті (ауыспалы); жүз, келбет (синоним). Көз – адамның көзі (тура), күннің көзі (ауыспалы), жанар (синоним). Терең – терең су (тура), терең білім (ауыспалы), таяз (антоним). Ресурс бойынша саралау. Егер кейбір оқушы қажет деп есептесе, оларға сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасына мысалдар келтіріп қолдау көрсету. Оқушыларға «Түсіндірмелі сөздіктің» қажет беттерінің нөмірін тақтаға жазады. Дифференциация. «Шұғыл есте сақтау» Тақтаға тақырыпқа байланысты жеті сөз жазылады. Сонан соң екіүшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, ұпай жинайды. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін 79 беттердегі кіріспесінен тиісті қалыптастырушы бағалау стратегиясын таңдауы керек. ҚБ тапсырмасын орындату.
| «Ерекше құрылыс нысаны», «Аспа лы көпір», «Асфальтты көпір», «Семей дегі аспалы көпір» тақырыптары жазыл ған парақшалар; «Түсін дірмелі сөздік | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия.
| |||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
| Сергіту сәті орындалады. | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?