Қазақ тілі және әдебиеттік оқу.3 сынып. 4-бөлім. Сәулет өнері.Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу мен айту.Қысқа мерзімді жоспар


Пән:қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім:

Сәулет өнері.

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу мен айту. Әлемнің жеті кереметі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.

Сабақ мақсаттары

сөздерін жоспарлап, нормаға сай сөйлесе алады;

талапқа сай жылдам жазып үйренеді;

ережелерге сүйеніп, қателерді түзетеді

Бағалау критерийлері

Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады;

Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;

Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;

Мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетіп жазады;

Сөздік қор

керемет, пирамида, аспалы бақ, шамшырақ

Құндылықтарды дарыту

Жеке немесе жұпта отырып тақырыпқа байланысты шағын әңгіменің бөліктерін біріктіруді, ынтымақтастықта жұмыс жасау дағдылары артып, сыни ойлау дағдылары дамиды. Әрі қарай нақты мақсатқа жету үшін зерделеп оқу арқылы қажетті мәліметті таба білуге дағдыланады, осылай келесі тапсырманы орындауға дайын болады.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

және жаһандық азаматтықтың

іске асуы

Оқушылар қатысымдық әрекеттерде, түрлі тұжырымдамалық картаны қорғау үшін өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу арқылы айтылым дағдыларын жетілдіреді.

Тақырып бойынша сөз мағыналарын анықтап, оқушылардың сөздік қоры дамиды. Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіреді.

Тірек сөздерді пайдаланып, суретте бейнеленген затты сипаттау үшін орнымен қолданып жазуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану пәні

ИВТ

Презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық: 58–59 беттер. Жұмыс дәптері: 68­бет

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Презен тация

Сабақ ортасы

35 минут

Оқиық.

Бұл тапсырма сыныппен орындалады.

Тапсырманыңорындалуреті.Оқушылар мәтінді:

көз жүгіртіп қарап шығады.

мәтіннен «ең даңқты» деген тірек сөзді табады.

ең даңқты сәулет ескерткіштері туралы айтылған сөйлемді табады.

ең даңқты сәулет ескерткіштерінің аттарын дәптерге жазып алады.

Мұғалім мәтін мазмұнын қамтитын жетекші сұрақтар әзірлейді және оны қолдау қажет ететін оқушыларға қоюы мүмкін.

Жетекші сұрақтар:

Ертеде сәулет пен мүсін ескерткіштерінің ең кереметтері нешеу болған? (жетеу)

Оларды қалай атаған? («Әлемнің жеті кереметі») деп атаған, себебі бұл сәулет ескерткіштеріне жететін туындылар болмаған.

Сергіту сәті.

Көркем жазу кезеңі.

Сөз мағынасын анықтайық.

Оқулықта берілген сөздердің мағынасын анықтау үшін түсіндірме сөздіктің қажетті (көшірмесі жасалған) парақтары таратылады. Оларды қатыстырып сөйлем құрастырады. Дәптерге жазады.

Мазмұндап айтайық.

Тапсырма жұппен орындауға лайықталған.

Мұғалім оқушыларды тапсырманы орындамас бұрын нұсқауға мұқият назар аударуды ескертеді. Олар «Әлемнің жеті кереметі» суретін қарайды. Суреттерге сүйеніп мәтін мазмұнын айту үшін оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұп ішінде мәтінді мазмұндау үшін олар мына нұсқаулықты басшылыққа алады:

суретті мұқият қарайды;

оның детальдарына (ерекшеліктеріне, орнына, ірілі­ұсақ бөлшектеріне) назар аударады;

оқылған мәтін мен суреттің қандай байланысын табады;

мазмұндау кезінде назарға іліккендерді қосып айтуға тырысады.

Саралау.

Бұл тапсырмада жұптық саралау жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

Бұл тапсырманы орындату үшін «Тұжырымдамалық карта» әдісін қолдану. «Әлемнің жеті кереметі» бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта «Әлемнің жеті кереметі» сәулеттерінің өзара ұқсастығын табатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға немесе жеті кереметтің дайын суретін жапсыруға болады.

Тұжырымдамалық картаны жасамас бұрын мына нұсқауды орындау маңызды.

қайсы қайсымен ұқсас екенін анықтап алу;

олардың ұқсас детальдарын айқындап алу.

Тұжырымдамалық карта бергенде, оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі не айтылады. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады.

Бұл тапсырманы жеке/жұппен/топпен орындайды.

Тапсырма «Үш түрлі күнделік» әдісімен жүзеге асырылады.

Тапсырма төмендегідей ретпен орындалады.

Оқушы 1­қадам бойынша «Әлемнің жеті кереметінің» біреуінің атын жазады.

2­қадам бойынша «керемет, даңқты, әлемдік, алып» деген сөздерді қолданып, ескерткішті сипаттап жазады. Жұпта тірек сөздерді дұрыс қолданды ма деп тексереді.

3­қадам бойынша мұғалімнен немесе сыныптасынан білгісі келгені туралы сұрақты топта талқылайды.

 Бұл ескерткішті не үшін таңдадың? (Қандай әсер қалдырды?)

 Тірек сөздерді қолданып, ескерткіш туралы сөйлем құру.

 Мұғалімге немесе сыныптасына ескерт-

кіш туралы білгісі келетіні туралы сұрақ

жазады.

-Бұл ескерткішті не үшін таңдадың? (Қандай әсер қалдырды?)

Тірек сөздерді қолданып, ескерткіш туралы сөйлем құру.Мұғалімге немесе сыныптасына ескерткіш туралы білгісі келетіні туралы сұрақ жазады.

«Ұсынайық» айдары бойынша «Үш түрлі күнделік» нәтижесімен сыныппен бөліседі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Саралау.

Ресурс бойынша саралау. Мұғалім оқушыларға ескерткіштердің ерекшелігін табу үшін қолдау көрсетеді.

Нәтиже бойынша саралау. Кейбір оқушы ауыспалы мағынада берілген сөздердің барлығына, кейбіреулері бір­екі сөзге сөйлем құруы мүмкін.

«Үш түрлі күнделік» сызбасын әр оқушыға көбейтіп таратып беріледі.

Дифференциация. «Пазл әңгіме»

Әңгіменің немесе газет мақаласының параграфтарының қағазға басылған бөліктері.

Жеке оқушыға немесе жұптарға қағаздарға жазылған әңгіме бөлімдерге бөліп қиып таратылады. Мұғалім оқушыдан берілген бөліктерден әңгіме құрауын сұрайды. Соңында әңгіменің қорытынды бөлімін бермей, оқушының өзіне аяқтауға мүмкіндік беру.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін,

7­9 беттердегі кіріспесінен тиісті қалыптастырушы бағалау стратегиясын таңдауы керек.

ҚБ тапсырмасын орындату.

Тапсырма

Берілген мақалдарды көркем етіп, көшіріп жаз.

Дескриптор

Білім алушы

- мақалдарды қатесіз көшіреді;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;

- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;

- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;

- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.

«Түсін дірмелі сөздік»;

«Үш түрлі күнделік» сыз- басы;

«Әлем нің жеті кереметінің» сурет тері

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Сергіту сәті орындалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу