Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№3 сабақ_ Түбір сөз_Презентация


Түбір сөз.

Сәулет туындыларын тамашалау.

басшы

бастық

ойыншы

ойыншық

жұмыскер

балақай

басқар

ойна

балалық

жұмысшы

балақан

Түбірлес сөздердің түбір сөзін тап. Түбірлес сөздерді топтап жаз.

Кесене–1) қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш; 2) түркі халықтары үйді, қоныс-тұрақтарды, төбесі жабылған құрылыстарды да кесене деп атаған.

Қожа Ахмет Ясауи

Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулиеӘулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – ИсфиджабтаИсфиджаб даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш анаҚарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Қожа Ахмет Ясауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 18781878 ж. жеке кітап болып басылып шыққан.

 

Қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтау. Мәтіннен түбір сөздерді табу.

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

Қазақстанның көне қалаларының бірі Түркістанда орын тепкен Қожа Ахмет Иасауи кесенесіқазақ халқының мақтанышы. Орталық күмбезінің диаметрі 18 метр болатын құрылыс 1389 – 1399 жылдар аралығында он жыл ішінде тұрғызылып біткен. Кесене ұлы ойшыл әрі ақын Қожа Ахмет Иасауидің дарынына құрмет көрсеткен Әмір Темірдің бұйрығы бойынша салынған. Бүгінде кесене әр түрлі қызмет түрлеріне арналған 30 зал мен бөлмесі бар сәулет өнері кешенінен тұрады.

Кесененің ішінде үлкен тайқазан бар. Ел аузындағы аңыз бойынша ол жеті металдың қорытпасынан құйылған. Салмағыекі тонна, ал диаметріекі метр. Қазан араб өрме жазуымен және өрнектерімен әшекейленген. 1935 жылдан бері Эрмитажда сақталған ұлттық жәдігеріміз 54 жылдан кейін ғана елімізге оралды.

Бірге орындайық!

Суреттер мен хатты пайдаланып, мына сұрақтарға жауап бер:

Ғимараттың ерекшелігі неде?

Мәтінде ғимараттың ерекшелігі туралы не айтылған?

Кесене кімнің бұйрығымен салынған?

Кесенені қалай аяқтауға болады? Ойыңды айт.

Құрастырайық

Хат жаз. Ойлан:

Хатты кімге жазасың? Хат не туралы болады? Өзін өзі тексеру. Өз жұмысының қатесін түзеу, жетілдіру.

Анықтайық

Түбір мен қосымша түрлеріне сәйкес ережені тап. Ойыңды дәлелде.

Сөздердің мағынасын анықтайық

Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықта. Сөздерді көшіріп жазып, сөз құрамына талда.

Су: суар, сушы, сулық, сусын.

Таза: тазала, тазалық, тазару.

Рефлексия. Сабақты бекіту. Ой қорытындылау.

Тақырыпты жақсы түсінсе бармақты жоғары, орташа түсінсе, бармақты көлденең, түсінбесе, бармақты төмен түсіреді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу