Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№13 сабақ_ Түбір сөз_Әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы:№3.Түбір сөз. Сәулет туындыларын тамашалау.

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

«Елшілікке бару» тапсырмасы. Оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлеміз. Әрбір топқа мәтін беріледі. Топ мүшелері ақылдаса келе, мәтінге тақырып қояды. Оқушылар мәтінді оқиды. Әр топтан бір оқушы өз түсінгенін келесі топқа әңгімелейді. Топ мүшелері оқушының түсіндіргені бойынша мәтіннің мазмұнын жеткізеді. Мәтіннен түбірлес сөздерді табады.

І топтың сұрақтары:

  •  Архитектура сөзі гректің қандай сөзінен алынған?
  •  Грек жазушылары «Архитектон» сөзінің орнына қандай сөзді пайдаланды?
  •  Архитектура қандай өнер? Архитектор деген кім?
  •  Сәулет өнерінің мақсаты неде?

ІІ топтың сұрақтары:

  • Сәулет өнерінің дамуына үлес қосқан ел
  • Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі
  • Акрополь қай жерге салынды?
  • Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан жаңалығы
  • Римдегі сәулет өнерінің кезеңдерін ата

ІІІ топтың сұрақтары:

1. Архитектура, сәулет өнері қандай өнер?

2. Архитектура сөзінің латынша мағынасы қандай?

3. Адамдар неолит дәуірінде үйді неден салған?

4. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстарды ата. Оларға анықтама бер.

Бағалау дескрипторлары:

  • Мәтінге қойылған тақырыптың мәтін мазмұнымен сәйкестігі.
  • Топ мүшесінің мәтін мазмұнын келесі топқа дұрыс жеткізуі.
  • Оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі.
  • Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтарға оқушылардың дұрыс жауап беруі.
  • Оқушылардың мәтіннен түбірес сөздерді дұрыс таба алуы.

(Т) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

«Елшілікке бару» тапсырмасы. Оқушыларды сурет қиындылары арқылы топқа бөлеміз. Әрбір топқа мәтін беріледі. Топ мүшелері ақылдаса келе, мәтінге тақырып қояды. Оқушылар мәтінді оқиды. Әр топтан бір оқушы өз түсінгенін келесі топқа әңгімелейді. Топ мүшелері оқушының түсіндіргені бойынша мәтіннің мазмұнын жеткізеді. Мәтіннен түбірлес сөздерді табады.

Топта жұмыс жасау ережесі :

Тталқылаймыз,Оортақ шешімге келеміз,Ппікірлесеміз, Ттыңдаймыз,Аақылдасамыз.

І топтың тапсырмасы:

Сәулет-өнері бұл барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Архитектор – гректің «архитектан» деген сөзінен алынған атау. Алғашқы мән мағынасында іс жүзінде әлде қандай бір жаңа кәсіптің, оның ішінде құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді. Грек жазушылары «Архитектон» сөзінің орнына кейде қазіргі құрылысшы – инженер сөзіне жақын «Айкодоис» - «үй тұрғызушы» деген сөзді пайдаланды, ал Даль – архитектр деген терминге анықтама бергенде. Архитектор – «ғалым -құрылысшы», «суретші – құрылысшы» деп атайды.  Архитектура – бұл «пайда, беріктілік және сұлулық» заңымен материалдық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған, өмір сүруге қолайлы орта құру өнері.  Сәулет өнерінің мақсаты – кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым – құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Инженер - құрылысшылар архитектураның негізгі техникалық мәселелерін шеше отырып, конструкциялық түзілімдер мен құрылыс әдістерінің өзінің өне бойында жасырып, бүгіп жатқан эстетикалық мүмкіндіктерін жақсы түсініп, ұғынуы тиіс.

Сұрақтар:

  •  Архитектура сөзі гректің қандай сөзінен алынған?
  •  Грек жазушылары «Архитектон» сөзінің орнына қандай сөзді пайдаланды?
  •  Архитектура қандай өнер? Архитектор деген кім?
  •  Сәулет өнерінің мақсаты неде?

ІІ топтың тапсырмасы

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа 130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды.

Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. 

Сұрақтар:

  • Сәулет өнерінің дамуына үлес қосқан ел
  • Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі
  • Акрополь қай жерге салынды?
  • Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан жаңалығы
  • Римдегі сәулет өнерінің кезеңдерін ата

ІІІ топтың тапсырмасы

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.

Сұрақтар:

1. Архитектура, сәулет өнері қандай өнер?

2. Архитектура сөзінің латынша мағынасы қандай?

3. Адамдар неолит дәуірінде үйді неден салған?

4. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстарды ата. Оларға анықтама бер.

Бағалау дескрипторлары:

  • Мәтінге қойылған тақырыптың мәтін мазмұнымен сәйкестігі.
  • Топ мүшесінің мәтін мазмұнын келесі топқа дұрыс жеткізуі.
  • Оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуі.
  • Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтарға оқушылардың дұрыс жауап беруі.
  • Оқушылардың мәтіннен түбірес сөздерді дұрыс таба алуы.

3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру

І топ: Түбiр сөздi тауып, тақтаға шығып, жазады. (Қыста, ағаштар, шанамен, қардан, терезеге)

2.Бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздерді жазыңдар. Мысалы: кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы

3.« Мақал - сөздің мәйегі»

Білек... бірді жығар,

Білім... мыңды жығар.

ІІ топ: 1.Түбiр сөзге жалғанатын қосымшаны жазады. 

(- мен,- та,- ге,- тар,- дан)

Шығармашылықпен жұмыс.

2.Сөйлемдердің тиісті қосымшасын жалғап құрастыру.

1. Торғай ағаш қон.

2. Үй қызық кітап көп.

3.« Мақал - сөздің мәйегі»

Әке....... қарап ұл өсер,

Ана......... қарап қыз өсер.

ІІІ топ:1.«Менің досым» тақырыбына әңгіме жазу.

2.Төмендегі түбір сөздерді қосымшалы етіп жаз.

Сөйлем құра. Мысалы: ойын, дәрі, қора

3. « Мақал - сөздің мәйегі»

Еңбек....... наны тәтті,

Жалқау....... жаны тәтті.

Тест тапсырмасы

1. Түбір сөзді тап

а) аға

ә) ағайын

б) ағалар

в) ағайындас

2. Қосымша деген не?

а) түбір, жұрнақ

ә) түбір, қосымша

б) түбір, жалғау

в) жұрнақ, жалғау

3. Түбірлес сөзді тап?

а) балықшы, әнші

ә) күйші, ақын

б) сыйлық, сыйлы

в) қала, сабақ

4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз

а) түбірлес сөз

ә) туынды сөз

б) негізгі сөз

в) дара сөз

5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?

а) бірнеше түбірден

ә) екі түбірден

б) бір түбірден

в) әртүрлі түбірден

Рефлексия. Сабақты бекіту. Ой қорытындылау.

Сабақтың мақсатына оралып, рефлексия жүргізу.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Қол белгісі» әдісі қолданылады.

«Мен түсіндім және түсіндіре аламын» дегендер қолдың бас бармағын жоғары бағыттайды.

«Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолдың бас бармағын жанына қарай жантайтады.

«Мен түсінбедім» дегендер қолдың бас бармағын төменге бағыттайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім материалды қаншалықты меңгергенін біледі.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жаз.

Нәресте, сәби, бөбек, балақай, бүлдіршін, бала. Түбірлес сөздерді тап.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу