Қазақ тілі және әдебиеті_2 сынып_ 7-бөлім_Қоршаған орта_Қоршаған ортаны танып білемін_ ТАНЫСТЫРЫЛЫМ


Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дана тілім

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,

От жағып,дабыл қағып тұрғанында,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр

Көк көрпенің мақтасы,

Әр жерде жүр бытырап.

Біріктіруге қол жетпес,

Болды-ау шіркін ысырап

Бар екен бір мақұлық боздайтұғын,

Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын.

Жаһанды жалпағынан басып өтіп,

Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын

Қоршаған ортаны танып білемін

Сабақтың мақсаты: сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру

«Сиқырлы сандық»

Балапан және оның достары

Балапан қораға кірсе, достары үстел үстіндегі қағазға төніп алып, қызу ойынға кірісіп кеткен екен. Ол достарын далаға шығып, таза ауада ойнауға шақырды. Таза ауада ойнаудың денсаулыққа пайдалы екенін айтты. Бірақ достары үстел үстіндегі ойынды жөн көріп, далаға шықпай қойды. Балапанға кішкентай күшік қана ілесті. Күшік екеуі далада әткеншек тепті. Доп лақтырып жаттықты.

Ал достары болса қорадан әлі шығатын емес. Ойын қызуына кіріп кеткен. Ұзақ отырғаннан қорадағылардың бастары ауыра бастады. Олар далаға шықты. Енді олар балапанды іздей бастады. Келе жатып ұлуға жолықты. Ұлу оларға балапанның әрекетінің дұрыс екендігін айтты.

Балапан достарын қайда шақырды?

Балапанның ойымен келісесіз бе?

Балапанның достарының жасаған әрекеті туралы не айтасыз? Неліктен?

Ертегіден қандай ой түйдіңіз?

Тест

1.Зат есім заттың несін білдіреді?

А. Сынын білдіреді.

Ә.іс-қимылын білдіреді

Б.атын білдіреді

2.Мына сөздердің ішінен етістікті тап

А. Ескі

Ә. Шие

Б. Тауып алды

3. Көп нүктенің орныныа тиісті сан есімді жаз.

Бір жылда ------ай бар.

А. Он екі

Ә. Он екінші

Б.үш жүз алпыс

Б

Б

А

Б

Б

Тест жауаптары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу