Қазақ тілі және әдебиет_2 - сынып _7 – бөлім_Табиғат пен қоршаған орта_Оқиғаны мазмұндау_ТАНЫСТЫРЫЛЫМ


Елорда

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

 

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Тақырыбы:Қоршаған ортаны танып білемін.

Мақсаты:

мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу

мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау

Астананы көру Гүлзаттың арманы болатын. Ата-анасы жазда Астанаға апаруды жоспарлап та қойған. Міне, жазғы демалыс та басталды. Шілде айының ортасында олар отбасымен бас қалаға жол тартты. Астанаға пойызбен келді.

Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелері түрлі гүлдерге толы. Биік ағаштар жайқалып тұр. Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп. Қаланың ортасын Есіл өзені бөліп жатыр. Астана үлкен әрі көрікті қала екен.

Гүлзатқа Астана қаласы қатты ұнады. Ол жақсы демалып қайтты.

Сұрақ-жауап

-Мәтін не туралы?

-Мәтіннің басты кейіпкері кім?

-Мәтін немен басталды?

-Оқиға немен жалғасты?

-Мәтін немен аяқталды?

ЖОСПАР

Гүлзаттың арманы

Астанаға келуі

Астананың әдемілігі

Гүлзаттың жақсы демалуы

Дескриптор Білім алушы

сұрақтардың негізінде мәтінге жоспар құрады;

мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;

тірек сөздерді орынды қолданады;

мәтіннің құрылымдық жүйесін сақтап жазады;

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

сөйлемдерді сауатты жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу