Қазақ тілі және әдебиет_2 - сынып _7 – бөлім_Табиғат пен қоршаған орта_Оқиғаны мазмұндау_Қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 7 – бөлім «Қоршаған орта»

Мектеп: Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан: Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған ортаны танып білемін.

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу

2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау

  Сабақ мақсаттары

Тыңдаған материал бойынша тірек сөздер арқылы мазмұндама жазу; оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау.

Бағалау критерийлері

*Мазмұндама жазуда тірек сөздерді тиімді қолданады.

*Мәтіннің басталуын, дамуын, аяқталуын анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, Жануарлар, суда жүзетін, құрлықтағы, сүтқоректі, құстар, қоршаған орта, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Ынтымақтастық, құрмет, еңбек және шығармашылық құндылықтарын дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Психологиялық дайындық

Мақсаты:Сыныпта жайлы ахуал орнату.

Оқушылар қазақ тақтадағы өлең жолдарын оқиды, бір-біріне сәттілік тілейді.

-Балалар, қандай үлкен әрі қызықты бөлімді бастадық?

-Бүгінгі сабағымыз қоршаған ортамен байланысты болады.Оны бейнекөрініс арқылы білеміз

-Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Мақсаты бойынша критерийлерді анықтау.

Бейнеролик «Астанаға саяхат»

Сабақ ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

12 минут

5 минут

(Ұ,Т)Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Астананы көру Гүлзаттың арманы болатын. Ата-анасы жазда Астанаға апаруды жоспарлап та қойған. Міне, жазғы демалыс та басталды. Шілде айының ортасында олар отбасымен бас қалаға жол тартты. Астанаға пойызбен келді.

Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелері түрлі гүлдерге толы. Биік ағаштар жайқалып тұр. Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп. Қаланың ортасын Есіл өзені бөліп жатыр. Астана үлкен әрі көрікті қала екен.

Гүлзатқа Астана қаласы қатты ұнады. Ол жақсы демалып қайтты.

(Ұ,Қ)Сұрақ-жауап

-Мәтін не туралы?

-Мәтіннің басты кейіпкері кім?

-Мәтін немен басталды?

-Оқиға немен жалғасты?

-Мәтін немен аяқталды?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау, мадақтау.

(Т,Ж,Қ)Сұрақтардың көмегімен мәтін бойынша жоспар құру.

Мақсаты:Мәтін мазмұны бойынша жоспар құра алу қабілеттерін дамыту.

Сұрақтар

Жоспар

1. Гүлзат нені армандайтын?

2. Астана қандай қала?

3.Гүлзатқа Астана қаласы ұнады ма?

(Ө,Қ)Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазу.

Мақсаты:Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Тірек сөздер: жазғы демалыс,Гүлзат, арман, Астана, үлкен, әдемі, таза, кең, ғимараттар, өзен, жақсы демалу.

Дескриптор Білім алушы

    • сұрақтардың негізінде мәтінге жоспар құрады;
    • мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
    • тірек сөздерді орынды қолданады;
    • мәтіннің құрылымдық жүйесін сақтап жазады;
    • сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
    • сөйлемдерді сауатты жазады.

Оқушылар топта отырып, жазған мазмұндамаларын оқиды. Жұмыстарымен ауысып, бір-бірін тексеріп, дескрипторлар бойынша мұғалімнің көмегімен бағалайды.

(Ө,Қ)Гүл шоғын жасау.

Мақсаты:Оқушылардың білімдерін бекіту, сабақты қорытындылау.

Оқушыларға стикер-гүлдер беріледі.Астана қаласына арнап тілек жазу ұсынылады.Барлық тілектер оқылып, гүл шоғы қылып жапсырылады.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақта не білдік?

-Не қызықты болды?

-Не түсініксіз болды?

Өзін бағалау:Оқушылар «+» таңбасы арқылы сабақ басында құрылған критерийлер бойынша өздерін бағалайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу