Қазақ тілі 2 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Мазмұнын айта аламын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мазмұнын айта аламын. «Cіз» бен «сен».

Оқу

мақсаттары

2.2.1.2 мәтінді іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

Сабақ мақсаттары

Мәтінді іштей түсініп оқиды. Мәтіндегі қажетті ақпараттарды белгілейді. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын айтады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді іштей оқып, қажетті ақпаратты белгілейді;

 Тілдік мақсаттар

«Баяғы бір заманда..., одан кейін...., кенет..., сол кезде...», тұсаукесер, бесік жыры, шілдехана, байғазы, т.б. сөздер мен терминдерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

 - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 - құрмет;

 - ынтымақтастық;

 Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, ғылымға кіріспе, дүниетану пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Қаз,қаз басқан сәбиім! өлеңі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 минут

2 минут

5 минут

І. Психологиялық ахуал.

Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру.Өмір бойы білім алуға бағыттау.

Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.

  • Біз бақытты баламыз,
  • Ойнап ,күліп аламыз.
  • Жетілсін деп санамыз,
  • Оқып білім аламыз.

(МК, Ұ) Аудиожазбаны тыңдау

Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

-Балалар, сөздерге назар аударыңдар?

-Оларды бір сөзбен не деп айтамыз?

-Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыз да салт-дәстүрлермен байланысты болмақ.

(Т,Қ)Өткенді қайталау

Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау.

Оқушыларға 4 дәстүр жазылған қима карточкаларды таңдау ұсынылады.Карточкада жазылған дәстүрді еске түсіріп, топта талқылап, айту тапсырылады.

1-топ:Байғазы

2-топ:Бесік той

3-топ:Тұсау кесу

4-топ:Бата.

Оқушылардың жауаптары толықтырылады.Оқушылар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды.

-Барлық салт-дәстүрлермен байланысты тағы да бір дәстүр бар.Ол күнделікті өмірде де жақсы көрінеді?Ол әдептілікті, үлкенді сыйлағанды білдіреді.

- Қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге жетеміз?

Оқушылардың жауаптарын критерийлер ретінде тақтаға жазамын.

Слайд

Аудиожазба

Үлестірмелі парақтар

3 минут

10 минут

5 минут

7 мин

5 минут

(МК,Ұ)Сөздік жұмыс

-Тақтадағы сөзге назар аударыңдар.

-Қалай ойлайсыңдар, «Сіз» деп кімге айтамыз?

-«Сен» деп ше?

-Қай дәстүрде үлкенге құрмет жақсы көрінеді?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

(Ұ,Ө)Мәтінмен жұмыс. Әдебиеттік оқу, 52-бет

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқу.Тақырыбы бойынша негізгі ойды анықтау. Қажетті сөздерді анықтау.

Оқушыларға мәтінді іштей оқыту.Оқу барысында қажетті сөздерді белгілеу тапсырылады.

(Т,Ұ,Қ) «Бізден сұрақ, сізден жауап» ойыны Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын талдап, оқушылардың түсініктерін анықтау. Тапсырма:Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңдар, қойған сұраққа жауап беріңдер.

Оқушылар бір-бірінің жауаптарын басбармақ арқылы бағалайды.

(Т,Қ)Карточкамен жұмыс

Мақсаты:Мәтіннен негізгі ақпаратты таба білу қабілеттерін дамыту.

Тапсырма:Мәтіннен ақпаратты тауып, кестені толтырыңдар.

Мәтін кімдер туралы?

Бала кімді үлгі етті?

«Сіз» деген сөз нені білдіреді?

Өзбек халқы туралы не айтылды?

Мәтінде қай мақал қолданылған?

Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

Оқушылар жауаптарды тақтадағы нұсқадан тексереді.Өздерін дескриптор арқылы бағалайды.

(Ө) Дәптермен жұмыс 23-бет 1-тапсырма

Мақсаты: Құрмет, сыйластық жайлы мақал-мәтелдер қолдана алу деңгейлерін анықтау.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Тапсырма:Құрмет, сыйластық жайлы мақал-мәтелдерді тауып, көшіріп жазыңдар.

Өзара бағалауды ұйымдастыру.

Слайд

Оқулық

Кестелер

Жұмыс дәптерлері

Соңы

2 мин

Рефлексиялық-бағалау кезеңіКері байланыс:Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс жасау.

Өзін-өзі бағалау:

Стикерге өздерінің атын жазып, баспалдақтағы орнын анықтайды.

Түрлі стикерлер арқылы өздерін бағалайды.

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

\



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу