Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 4 бөлім Айналамыздағы дүние Әңгіменің мазмұнын айту ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім. Айналамыздағы дүние | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Әңгіменің мазмұнын айту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А 2 Мәтіндегі негізгі ой мен түрлі көзқарастарды анықтау. 2.1.2.1 Әңгімедегі оқиғаларды ретімен қойып, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтай алады. | |||||
Сабақ мақсаттары | Жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын айтып үйрену. | |||||
Жетістік критерийлері | Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсінеді және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады; | |||||
Сөздік қор
| Әңгімені оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру, қойылым барысында оқушылардың сөздік қорлары молаяды. Баяғы бір заманда..., одан кейін...., кенет..., сол кезде... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жаңбырдың пайдасы туралы, дос болу, достықты қадірлей білу туралы ойлары қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Дүниетану, ғылымға кіріспе пәнімен байланыс көрініс табады. | |||||
АКТ | АКТ-дан ертегі желісіне байланысты суреттерді тамашалайды. Али және Айямен бірге саяхатқа шығады. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әлем туралы әңгімелер оқып, өз пікірлерін білдіріп үйренді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып, Әли мен Айяның гүлдер туралы әнін тыңдайды. Өздері білетін гүлдер туралы әңгімелейді. Сен білесің бе? - Әлемдегі ең үлкен гүл? - Әлемдегі ең кішкентай гүл? - Гүлдер қалай болды? | https://www.youtube.com/watch?v=qhZ3bxJCFk4 | ||||
Сабақ ортасы 25 минут | (МТ) Сыныпқа «Гүл» әңгімесін оқып беру. Баяғы заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл қайда тығыларын білмей, ешқайда қаша алмай, әбден мұңайыпты. Жаңбыр жауып басылған соң, күн қайта ашылады. Енді гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әртүрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде гүлдің басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да менің достарым жоқ,-деп мұңая бстайды. Қарап тұрған күннің көзі бұлтпен жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң гүл жан-жағына қараса, өзі сияқты әдемі гүлдердің өсіп келе жатқанын байқайды. Гүл: «Енді менің достарым көбейді, алақай!»-деп қуанады. Келесі күні гүл өз достарымен танысып, бірге билей бастайды. Бүкіл сынып оқушылары әңгімені жетік біліп меңгергенінше бірнеше рет қайталап оқыту. Әңгімені талдауға арналған сұрақтар:
(Ұ) Әңгіменің мазмұнын айту үшін жоспар құру. Жоспар:
(Ж,Қ) Оқушылар жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын айтады. Мазмұнын айтқанда баяндау тілін қолдану ескертіледі. Мысалы: баяғы бір заманда..., одан кейін...., кенет..., сол кезде... (Ұ) Сергіту. Оқушылар әуен ырғағымен билейді. (ОТ, Т, Дифф.) Қойылым. Әртістік қабілеті бар оқушыларға қойылым ұсынылады. Басқа оқушыларға әңгіменің желісіне байланысты әртүрлі қимыл-әрекеттерді ойластыру ұсынылады. Бұл оқушылардың оқиғаларды есте сақтауына көмектеседі. | Слайдтан ертегі желісіне құрылған суреттер көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=Juxk-MYJk_Q Әртүрлі гүлден жасалған тәждер. | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Оқушыларға әртүрлі гүл күлтелері беріледі. Күлтеге әңгімеден алған әсерлерін жазады. | Гүл күлтелері | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Әртістік қабілеті бар оқушыларға қойылым ұсынылады. | Оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсіну және негізгі ойын анықтай алу қабілеті бағаланады. | Сергіту сәті өткізіледі. Табиғатта гүл жинау кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?