Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Суретті талқылау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Суретті талқылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А 1.3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру және мазмұндау

2.1.2.1 Әңгімедегі оқиғаларды ретімен қойып, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтай алады;

Т/А 1.5 Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік нормаларды қолдану

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді;

Т/А 1.8 Мультимедиалық құралдарды қолдану арқылы тыңдау және айту

2.1.8.1 Талқылауларға қатысып, өз пікірін білдіреді;

О 2.7 Әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.2.7.1 Көрнекі материалдардан (иллюстрация) және дереккөздерден (мәтіндер) ақпараттарды табу жолын біледі.

 Сабақ мақсаттары

оқушыларды сурет бойынша өз ойын, пікірін білдіруге дағдыландыру.

 Жетістік критерийлері

әңгімедегі немесе ақпараттағы негізгі ойды анықтай алады; оқиғаның мазмұнын жүйелі баяндай алады.

 Сөздік қор

 

қосымшалы сөздерді табу және үш тілде айту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.

 Құндылықтарды дарыту

сурет бойынша әңгіме құрастыру достыққа, ұйымшылдыққа, алға ұмтылушылыққа жетелейді.

 Пәнаралық байланыстар

Али мен Аяны тыңдау кезінде дүниетану пәнімен байланысады;

қалташадағы дыбыстарды санау кезінде математика пәнімен байланыс жүзеге асырылады;

топпен суретті талқылау кезінде дене шынықтырумен байланысады

 АКТ

әр топ сурет бойынша талқылауларын АКТ-да қорғайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

оқушыларда түбір және қосымша туралы білім қалыптасты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Ойын «Орнын тап» Шарты: ойын алаңына әріптер қойылады. Оқушылар қызыл және көк қалташаларға дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып салады.

42 әріп.

көк және қызыл қалташа.

Сабақ ортасы

30 минут

(Т.Қ) Әр топқа басшылары өздері қалаған суретті таңдап алады. Оқушылар ойнап жүрген балалар бейнеленген суретке қарап, не көргендерін талқылайды. Суретке қатысты кім? кімдер? не? нелер? не істеді? қандай? қанша? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазады.

(Дифф.) Қабілетті оқушылар осы сөздерді үш тілде жазады.

1-топ.

2- топ.

3-топ.

4-топ.

(Ө) Оқушыларға өздерінің осы суреттегі сюжеттің ішінде жүргенін елестетуді сұрау. Ол жақта нені көріп, нені естіп, иіскей және сезе алар еді?

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

-Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Сурет сендерге ұнады ма? Неліктен?

-Балалар қандай ойын ойнап жатыр?

-Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар?

-Сендердің ойларыңша бұл суретте қай -мезгіл бейнеленген? Неліктен олай ойлайсыңдар?

-Бұл біздің ойын алаңымызға ұқсайды ма? -Қай жерлері ұқсайды және қандай ерекшеліктері бар?

-Балалардың барлығы бақытты ма?

-Суретте өте ұнаған жері қайсысы?

(Ұ) Сергіту сәті

(Ж.Қ) Али мен Аяны мұқият тыңда. Өз жұбыңмен ойындағы негізгі ақпараттар мен детальдарды анықтаңыздар.

(Ө) Өлеңді мұқият тыңдаңыз және қосымшалы сөздерді тауып, белгілеңіздер.

Ғұлама, білгіш, ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан,

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден, батырдан,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас-кәріден,

Оқушының бәрінен

Ұстаздарға мың сәлем!

Суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8&list=RDeR7kCG3I8iA&index=3

https://www.youtube.com/watch?v=nt71ByLbtQs

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Көк және қызыл қалташаға салынған дыбыстарды ажырату білігі тексеріледі.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушылар суретке қатысты кім? кімдер? не? нелер? не істеді? қандай? қанша? сұрақтарына жауап беретін сөздерді сөздерді үш тілде жазады.

Сурет бойынша оқиғаны жүйелі баяндай алу білігі бағаланады.

Көк және қызыл қалташаға салынған дыбыстарды ажырату білігі тексеріледі.

Сергіту сәті өткізіледі.

Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу