Қазақ тілі және әдебиет 2сынып 2 Бөлім Менің мектебім Суретті талқылау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Суретті талқылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.1.3.1 Баяндау арқылы оқиғаны өз бетінше мазмұндай алады

2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді

 Сабақ мақсаттары

Оқиғаны өз бетінше баяндауға үйренеді. Сөздік қорды пайдаланып, жағдаяттарда түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Бейтаныс жағдаятқа қатысты өз идеялары мен сезімдерін түсіндіру және сахналау үшін сөздерді орынды қолдана алулары бағаланады.

 Сөздік қор

 

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Сурет сендерге ұнады ма? Неліктен?

Балалар қандай ойын ойнап жатыр?

Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар?

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың қазақтың ұлттық ойындарын атау, білу арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктері,құрметпен қарау дағдылары дамиды.

 Пәнаралық байланыстар

Ойын түрлерінің ойналу тәртібін әңгімелеу және ойынды сахналап көрсету арқылы дене шынықтыру пәнімен байланыс орнайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында ұлттық ойындар тақырыбында таныстырылым қолдану және бейнефильм көрсету.

Алдыңғы сабақты меңгерілген білім

Әріптер, сөздер, емле және граммaтика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Таңғы шеңбер:

Қуан,шаттан!

Қуан,шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Мектепке келгендегі өздерінің міндеттерін айтып шығады. М: мен мектепке білім алу үшін келдім, мен өте жақсы баға алу үшін келдім, мен достарымды көру үшін келдім, мен жаңа дүниені үйрену үшін келдім және т.б

Сабақ ортасы

Шеңберде өз ойларын айтып болғаннан кейін асықтың түрлі орналасуына қарай суреттері берілген карточкаларды алады. (бук, тайкі алшы, шик)

Асықтың орналасу ретіне қарай топарға бқлінеді:

1 – топ. Бук

2 – топ. Тайкі

3 – топ Алшы

4 – топ Шик

Топқа бөлініп отырғаннан кейін, төмендегі өлең жолдар оқыту арқылы оқушыларды мәнерлеп, қатесіз оқу дадыларын дамыту мақсатында төмендегі өлең жолдары тізбектей оқылады.

,ОТ) Өлеңдер оқу.

Ойыншықтар

Ойыншықтар көп екен,

Бірге ойнайық, балақай.

Көгорай шалғын көк екен,

Жарысайық, алақай!

Ойын

Ойын маған ұнайды,

Көп ойнауға болмайды.

Күні бойы доп қусаң,

Ақыл-білім қонбайды.

Өлең жолдарын оқып болғаннан кейін, оқушылардың назарын белсенді тақтаға аударамын.

- Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Балалар қандай ойын ойнап жатыр?

-Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар?

Берілген суреттердің А4 форматта үлкейтілген үлгісі және сөздер қатары әр топқа беріледі.

Тапсырма. Әр топ сурет пен берілген сөздерді пайдаланып топта талқылап шағын әңгіме құрастырулары қажет.

1 – топ.

Тақия, ұлдар, қыздар, көк шөп, жүгіру, қуалау.

2 – топ.

Арқан тарту, ұлттық ойын, қыздар, ұлдар, жеңіске жету, күшті.

3 – топ.

Асық ойыны, алшы, тайкі, бук,шик, ұлдар, ұту.

4 – топ.

Ұлттық ойындар, ақсерек пен көксерек, ойын тәртібі, күш сынасу.

Сергіту сәті. «Отырып-тұру»

Кәне қызық ойындар

Қатарласа қойыңдар

Отырыңдар, тұрыңдар,

Маған мойын бұрыңдар.

Қолымызды жаяйық,

Құстай қанат қағайық.

Аяқты бір басыңдар

Кәне тағы - тағы да

Қол соғайық жабыла

Кәне тағы - тағы да!

Топ мүшелернің суреттері арқылы құрған әңгімелерін ортаға салу, ойыннның ойналуын сахналауға әр топқа 3 минут уақыт беріледі.

Ұлттық ойын туралы бейнефильм көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=0dIFxFDkc1I

Таныстырылым

Суретке қатысты берілген сөздер қатары.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды топта жұмыс орындау арқылы дифференциациялау.

Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын түртіп алу. Топтық жұмыстарын бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығын қадағалау.

мәтіндер

1.Сыныптастар – бір сыныпта оқитын балалар. Сыныптастар бір-бірін жақсы біледі. Олардың мақсаттары - білім алу. Осы жолда олар бірлесіп еңбек етеді.

2. Сыныптағы татулық біздің бір-бірімізді сыйлап, құрметтеуімізге байланысты болады. Адалдық, жанашырлық, сыйластық бәрімізге де қажет.

3. Асан сенімен бір сыныпта оқиды. Денесі де ірі. Бірақ кіші балалардың өзін мазақтап, заттарын тартып алуға мүмкіндік береді. «Кішкентай ғой» деп күледі де қояды.

4.Мектепте балалар білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат.Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар. Мен мектебімде ұнатамын. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу