Қазақ тілі_2-сынып_1-бөлім_Өзім туралы_Сезім мүшелері туралы не білемін_Қысқа мерзімді жоспар


Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Сезім мүшелері/қабылдау қабілеттері туралы не білемін?

Қабілет-сезімдер жайлы өлеңдер оқу

Сәйкестендіру.

Көз дәм сезу мүшесі;

құлақ көру мүшесі;

мұрын ыстық пен суықты сезетін

сипап сезу мүшесі;

тіл есту мүшесі;

тері иіс сезу мүшесі;

«Бес сөз» ойыны.

« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу

1- қатар – Бес қыздың аты;

2- қатар – Бес ұлдың аты;

3- қатар – Жер - су аттары.

Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы (мысал)

Шәкен Күмісбаев

 

Ойда жоқта адамның көзі, құлағы, аузы, мұрны бір уәжге келмей айтысып қалады.

Мен болмасам, адам атаулы өмір сүре алмас еді,-деп бастайды Көз дауын.

Асқар биік тауларды, жазық-жазық белдерді, көк толқын көлдерді мен арқылы көреді. Менсіз бәрі-қара түнек қапас тіршілік. Оның несі сән? Сұлулықты, биіктікті, тереңдікті, қашықтықты адам мен арқылы болжайды.

Мына сөзге шыдамай кеткен құлақ көзге дүрсе қоя берді.

Әй, көз бауырым, мен болмасам, адам бұрқана соққан дауылды, көк теңіздің толқығанын, бұлақтың сыңғырлаған сұлу сылдырын, аспанда ұшқан аққудың қанатының суылын, тіпті бірінің сөзін бірі естімес еді,-дейді ол.

Сендер текке тәжікелеседі екенсіңдер,-дейді мұрын араға түсіп. –Мен болмасам, адам атаулы тыныс ала ма, тұншығып өлмей ме?! Таза ауаны, қолқаны қапқан түтінді түйсіне ме?!

Бәріңдікі бос сөз. Мен болмасам, аштан қаларсыңдар. Ащының да, тәттінің де дәмін білмей дал боларсыңдар,-дейді ауыз.

Олардың айтыс-таласын тыңдай-тыңдай жалыққан Ми сол кезде қалғып кеткен екен.

Міне, ғажап! Көз көруден, Құлақ естуден, Мұрын иісті сезуден, ал Ауыз сөйлеуден қалып, олар да еріксіз ұйықтап қалыпты.

Бағалау критерийі:

«Я», «Ю» әріптері бар сөздерді қатесіз жазады;

сурет бойынша я, ю әріптері бар сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады;

сөйлемдерді сауатты жазады.

Қуаныш

Сенім

Қорқыныш

Білім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу