Қазақ тілі_2-сынып_1-бөлім_Өзім туралы_Менің сүйікті ертегім_Қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Өзім туралы

Күні:

Сынып: 2 а

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің сүйікті ертегім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.2 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды /салыстыру, кейіптеу/ табу

2.3.9.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану /нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі/

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Ертегіні айта алады.Мәтінді оқып, мазмұнын түсіне алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • Ертегіні өз бетімен құрастыра алады. Көркем сөздерді пайдаланып өздерін суреттей алады алады;

Кейбір оқушылар:

  • Сөйлем құрастырып, түрін ажырата алады.

Бағалау критерилері

Кейіпкерді таниды, сипаттай алады (3-4)

Тірек өздерді қолдана алады (3-4)

Сөйлем құрастыра алады. (3)

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Керік, ұсқынсыз, сирақ, келемеж, зәресі ұшты

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, себебі, өйткені, қорытындылай айтқанда....

 Құндылықты дарыту және әлем азаматына құрмет

Әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық,еркін,сенімді жеткізеді; жұптық,топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін бойынша жұмыс істеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

5 минут

Ертеңгілік шеңбер»

Таңдай арайлап,

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза ,

Аспандай ашық көңілмен

Сабағымызды бастайық.

Балалар, мен бүгінгі біздің көңілімізді неге теңедім?

-Қандай сөздерді қолдандым?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Сендер білесіңдер ме, бұл қандай сөздер?

-Бұл теңеу сөздері. Сипаттап, теңегенде айтамыз.

Сөздер

Сабақ басы

10 минут

5 минут

10 минут

10 минут

10 минут

10 минут

10 минут

5 минут

5 мимнут

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйде жаттаған жаңылтпаштарын тыңдау.

Ақпарат: Жаңылтпаш – тілді жаттықтырады және тез айтылады.

(МҚ,Ұ) Жұмбақ жасыру

Керіктің суреті арқылы ақпаратпен бөліседі.

Бұл қандай жануар?

Ол қай жерде өмір сүреді?

Жұмбақ.

Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол краны.

Оны сен де танып ал,

Серейiп кеп тұрады.  (Керік)

Қосымша ақпарат:Керік (Giraffa camelopardalis) - ашатұяқтылар сүтқоректі. Кейде дала керігі деп аталады. Giraffidae -Арабша – бәрінен биік. Керік – жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық , Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды ,жазық далалы жерлерін мекендейді.

(Ұ, Ө)Оқулықпен жұмыс

«Әдебиеттік оқу» оқулығы 25-бет «Ұсқынсыз керік» әңгімесі

1/Мәтінді дауыстап оқу, іштей оқу.

Сөздік жұмыс: Оқушыларға бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіру Ұсқынсыз-

Сирақ-

Келемеж етеді-

Ебедейсіз-

Сұрықсыз-

2/Сұрақ-жауап арқылы талдау: (оқушылар дайын сұрақтарға жауап береді)

-Ертегі не туралы?

-Керіктің аты кім?

-Джинамен басқа аңдар неге ойнағысы келмеді?

-Неліктен Джинаның көзінен моншақ-моншақ жас тамды?

-Джина расында да ұсқысыз аң ба?

3/Мәтіннен керікті сипаттайтын сөйлемдерді табу. Сипаттау сөздерін қарындашпен белгілеу.

(Ө,Қ)Кестемен жұмыс

Оқушылар мәтіннен ақпаратты тауып, кестені толтырады.Ұжым болып тексереді.

Тақырыбы

Басты кейіпкер

Көңіл күйі

«Ұсқынсз керік»

Керік Джина

Ренжулі болды. Жылады. Өзін ыңғайсыз сезінді.Ұзын мойыны үшін ұялды.Аңдар онымен ойнамады.

(МК, Ж) Мәтінмен жұмысты жалғастыру

«Ұсқынсыз керік» мәтінінен хабарлы, лепті сөйлемдерді тапқызу.Себебін түсіндіру.Дәптерге көшіріп жазу.

Қорыту:

-Балалар, бұл сабақта қандай сөздермен таныстыңдар?

2-сабақ

(Ұ, Ө)Оқулықпен жұмысты жалғастыру

«Әдебиеттік оқу» оқулығы 27-бет «Ұсқынсыз керік» әңгімесі жалғасы

1/Мәтінді дауыстап оқу, іштей оқу.

Сөздік жұмыс: Оқушыларға бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіру оңбаған-

Құрт көзіңді-

Бұрын-соңды –

Зәресі ұшты-

2/Сұрақ-жауап арқылы талдау:

-Ертегі не туралы?

-Джина не істеді?

-Жылан неліктен қашып кетті?

-Балапандар Джинаға не айтты?

-Аңдар не істеді?

-Джинаның көңіл-күйі қандай болды?

(Ө,Қ)Кестемен жұмыс

Оқушылар мәтіннен ақпаратты тауып, кестені толтырады.Ұжым болып тексереді.Бірінші мәтіннің мазмұнымен салыстырады.

Тақырыбы

Басты кейіпкер

Көңіл күйі

Дәптермен жұмыс

Мәтіннен лепті сөйлемдерді көшіріп жазу.

(Ө,Қ) Бекіту:

-Балалар, бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?

-Сөйлемнің қандай түрлері бар?

-Оларды қалай ажыратамыз?

-Мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма: Сипаттау сөздерін қатыстырып, 2 хабарлы, 2 лепті және 2 сұраулы сөйлем жаз.

______________________________________________________

______________________________________________________

______________________________________________________

Үлестірмелі материал , мәтін

Презентациямен жұмыс

Сабақтың соңы

5 мин

(МК)

+ Мен ертегі айта аламын

- Маған ертегі айту қиын.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар оқу құралдарын өз бетінше айта алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________ М.С. Мухамбедьярова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу