Табиғи радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

«Физика» ӘБ жетекшісі:

Мектеп: Орал қ. ФМБ НЗМ

Мұғалім:

Физика пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 11

Бөлім Айнымалы ток

Сабақтың тақырыбы

Табиғи радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы.

Оқыту мақсаттары

11.7.2.1 – Радиоактивті ыдырау құбылыстарын (α, β және γ) және жартылай ыдырау периоды терминін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды радиоактивтік құбылысын, радиоактивті сәуле шығарудың түрлерін, табиғаты туралы, олардың бір-бірінен   айырмашылық   қасиеттерін ажырата білуге үйрету. Атом энергиясының физикалық негіздері мен ядролардың бөлінуі туралы материалды толық түсінуге жағдай жасау. Оқушыларға радиоактивті ыдырау заңы жайлы теориялық білім беріп, білімдерін есеп шығару барысында жетілдіру.
  • Жаңа тақырыпты меңгеруде оқу материалының ең бастысын бөліп алу, талдау, өз бетімен, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Әр деңгейдегі оқушылардың белсенділігін арттыру, пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау белсенділігін жетілдіру, өзара көмекке тәрбиелеу. Өз бетінше білімдерін нығайтуға жетелеу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсатқа қол жеткізеді.

- радиоактивтік дегеніміз не, радиоактивті элементтер;

- α, β және γ сәулеленудің табиғаты және олардын қасиетін түсіну,

- радиоактивтік ыдырау құбылысын түсіну;

- жартылай ыдырау периоды деген қандай уақыт екенін білу және есеп шығару барысында қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: радиоактивтік, α, β және γ сәулелену,

жартылай ыдырау периоды.

Физикалық терминдерді дұрыс түсіндіруге және пайдалануға, олардың қорын жүйелі түрде толықтыруға қол жеткізу.

* Радиоактивтік - өздігінен сәуле шығаратын химиялық элемент радиоактивті, ал сәуле шығару процесін радиоактивтік деп атайды

* α-сәулесі - α-бөлшектерінің ағыны, яғни гелий ядросы болып табылады;

* β- сәулесі дегеніміз – теріс зарядты электрондар;

* γ-сәулесі –электромагниттік сәуле кванттарының ағыны

Пәнаралық байланыс

математика, химия

АКТ-ны қолдану дағдылары

презентация , үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, компьютер, ғаламтор, кері байланыс парағы, бағалау парағы, бейнежазба.

Алдыңғы білім

Жаңа тақырып

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

(Әр кезеңнің уақытын көрсету)

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0 – 7 мин

1. (W) Үй тапсымасын тексеру. «Миға шабуыл»

Бұл кезеңде жаңа тақырыпты оқушыларға меңгерту үшін өткен тақырыптардан (9-сынып атом физикасы) тест алынады.

Сабақтың тақырыбы: Табиғи радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы Қалай ойлайсыз біздің сабақтың мақсаты қандай,?

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты анықталады.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

30 мин

2. «Ой қозғау».

Экраннан тақырыпты ашу мақсатында бейнежазба көрсетіледі.

-Балалар, бүгінгі сабақтан нені күтесіңдер, не білгілерің келеді? Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?

Сол мақсатта «Білім ағашына» стикерлерді іледі.

-Не білем? – жасыл алма.

-Не білгім келеді? – сары алма.

Топқа бөлу (оқушылар, геометриялық фигураларды түстері бойынша таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.Фигураларды құрастырғанда топтың аты шығады:альфа, бета және гамма тобы).

Топтық жұмыс «Мәтінмен танысыңыздар»

Топтарға тапсырмалар таратылады.Топтар оқулықпен, қосымша таратылған мәтінмен, ғаламтормен дайындалады. Топпен бірлесе отырып талқылайды. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Альфа тобы:

Тақырып: Табиғи радиоактивтік. Ашылу тарихы. Радиоактивті ыдырау.

Бета тобы:

Тақырып: Альфа сәуле. Бета сәуле. Гамма сәуле.

Гамма тобы:

Тақырып: Радиоактивті ыдырау заңы.

«Тақырыпты қорғау»

Осы тақырыптар бойынша барлық топ сурет, слайд, формулалар арқылы қорғайды

https://www.youtube.com/watch?v=e915vUFjZd4

3 мин

5 мин

30 мин

2 мин

Оқушылар: дайындалған сұрақтар бойынша жұпта презентация таныстырады, қалған оқушылар баяндама бойынша тірек конспектілерін толтырады және дәлелді пікір дайындайды.

Мұғалім: оқушылардың жұмысын үйлестіреді, оқушылардың жауаптарын бақылайды, сындарлы кері байланыс береді.

Бағалау: өзара бағалау, конструктивті кері байланыс. Талқылау, бағалау. Тірек конспектілерін тексеру.

Рефлексия: сабақтың қорытындысы шығарылады.

3. Тапсырма: тестпен жұмыс

Оқушылар: тест сұрақтарына жауап береді, орындалған тапсырманың дұрыстығын орындағаннан кейін тексереді

Мұғалім: тапсырмалары бар карточкаларды таратады, оқушылардың жұмысын бақылайды.

4. Тапсырма: Есептерді шығару.

Мақсаты: берілген тақырып бойынша есептер шығару және талдау.

Оқушылар: дәптерде және тақтада оқушылар есептерді шағарады.

Мұғалім: оқушылардың жұмысын қадағалайды, сындарлы кері байланыс береді

Бағалау: өзін-өзі бағалау, конструктивтік кері байланыс

Үй тапсырмасы.

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақты қорытындылау.

  • Сабақты меңгеруін, өздерінің көңіл күйлерін «Білім ағашына» қызыл алманы жапсырады «Не білдім».

Сабақ соңында әр топтан ерекше көзге түскен оқушылар анықталып, берілген тапсырмаларды орындауы бойынша қорытындыланып бағаланады.

Қосымша 2

2 мин

Кері байланыс

Үй тапсырмасы 11- сынып физика оқулығынан §8.4-8.5, 36, 37 -жаттығулар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды.

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу