Табиғи радиоактивтік. Радиоактивті ыдырау заңы. Физика, 11 сынып, қосымша материал 1.


Қосымша 1

2. Үй тапсымасын тексеру. «Миға шабуыл»

Бұл кезеңде жаңа тақырыпты оқушыларға меңгерту үшін өткен тақырыптардан тест алынады.

  • Атом ядросының заряды қандай?

А) Оң; В) Теріс; С) Барлық ядроларда бірдей ; Д) Нольге тең.

Жауабы: А) Оң

2. Атом неден құралған?

А. Оң зарядты протондар мен теріс зарядты электрондардан;

В. Тек протондар мен электрондардан;

С. Электрондар, позитрондар мен нейтрондардан;

Д. Нуклондар мен электрондардан;

Жауабы: Д) Нуклондар мен электрондардан

3.  Нуклондарды ядроға біріктіріп тұрған қандай күш?

А. Гравитациялық;

В. Протондар мен электрондардың тартылыс күші;

С. Ядролық;

Д. Кулондық.

Жауабы: С) Ядролық

  4. Нуклондар  бола алатын бөлшектер жұбы

  А.   электрон және позитрон;              В. протон және нейтрон;

С. протон және электрон;               Д. протон және нейтрино;

Жауабы: В) протон және нейтрон

  • Атомдық физикада масса бірлігі ретінде қандай массаны алады?

А. Оттек атомының массасының бөлігін;

В. Оттек атомының массасы;

С. Көміртек атомының массасының бөлігін;

Д. Көміртек атомының массасы.

Жауабы: С) Көміртек атомының массасының бөлігін

  • Бір ғана химиялық элементтің изотоптарының ядроларының бір-бірінен айырмашылығы неде?

А. Протондар санында; В. Нейтрондар санында;

С. Протондар мен электрондар санында;

Д) Электрондар санында.

Жауабы: В) Нейтрондар санында

  • 8 17О оттегі изотобындағы, протондар саны мен нейтрондар саны

А) Z=8, N=8; В) Z=8, N=9; С) Z=8, N=17; Д) Z=17, N=8.

Жауабы: В) Z=8, N=9

  • Атом ядросының заряды келесі қатынаспен анықталады

А) q=Z∙e B) q=A∙e C) q=N∙e Д) q=(AZ)∙e

Жауабы: А) q=Z∙e

-Балалар , өздерің көріп отырғандай, атом ядросы күрделі болып келеді. Оған біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз да дәлел.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу