Жарықтың химиялық әсері. Физика, 11 сынып, презентация.


Жарықтың химиялық әсері

Оқу мақсаты:

11.8.1.8 - жарықтың химиялық әсерін фотосинтез және фотографиядағы процестер үлгісінде сипаттау

Ойлану

1-топ

Жарық ол толқын немесе бөлшек пе?

Жарықтың толқындық қасиеттері туралы айтыңыз.

Жарықтың жылдамдығын кім және қашан анықтады, қандай тәжірибенің көмегімен?

2-топ

Жарық туралы қандай теориялар дамыды?

Жарықтың шағылу және сыну заңдары

Жарықтың жылдамдығы нешеге тең?

3-топ

Жарықтың адам физиологиясына әсері

Жарықтың биологиялық қасиеті

Жарықтың физикалық қасиеті

Топтық жұмыс (кері сабақ)

1 тақырып

Фотосинтез

2 тақырып

Фотография

Жарық денеге түсе отырып, дене молекулаларын ыдыратады. Бұл үдеріс жарықтың химиялық әсері деп аталады. Мұның мысалы ретінде күннің астындағы матаның оңуын, күнге күюді алуға болады. Күн сәулесінің әсерінен жасыл жапырақта Жердегі барлық тіршілікке қажетті құбылыс фотосинтез жүреді.

Жапырақ ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, ал күн сәулесінің қызыл спектрі көмірқышқыл газын құрамдас бөліктерге бөледі: көміртегі мен оттегіне. Бұл хлорофил молекулаларында болады. Бұл құбылыс фотосинтез деп аталады және оны ашқан орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев.

Көміртегі атомдарына тамыр арқылы алынған басқа элемент атомдарын қоса отырып, ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер түзеді, ал оттегіні ауаға бөліп шығарады. Фотосинтез тек ақ жарықтың әсерінен болады.

ФотопластинаныңФотопластина (мұндай бет жоқ) сезгiш қабаты желатинге енгiзiлген бромды күмiстiң майда кристалдарынан тұрады. Кристалдарға жарық кванттары түскенде электрондар бромның кейбiр иондарынан бөлiнiп кетедi. Бұл электрондарды күмiстiң иондары қармап алады да, кристалдарда шағын мөлшерде күмiстің бейтарап атомдары пайда болады. Бiрақ осы процестiң есебiнен бөлiнiп шыққан металл күйдегi күмiстiң мөлшерi аз

Шындығында, фотопластинаның (немесе фотопленканың) уақыт өтуiне байланысты жарықтан аз да болса қараятынын байқауға болады. Бұл қараю металлМеталл күмКүмісiКүмісстКүмісiКүмісңКүміс пайда болуынан туған. Жарыктың әсерiмен объектiнiң фотопластинада пайда болған кескiнiн жасырын деп айтады.

ПластинаныПластина (мұндай бет жоқ) өңдеудегi бiрiншi операция айқындау болып табылады. Пластина гидрохинонның металдың немесе баска заттардың ертiндiсiне батырылады, олардың әсерiнен бромды күмiстiң жеке молекулалары ыдыраған барлық кристалдарынан металл күмiс бөлiнiп шығады. Пластинада объектiнiң негатив кескiнi пайда болады, онда объектiнiң жарық жерлерi караңғы және керiсiнше болады

Бұдан кейiнгi операция — бекiту — мұнда бромды күмiстiң калған кристалдары ерiтiледi де, жуылады. Осының салдарынан пластина жарық сезгiш болмай калады. Бекiту үшiн пластинаны гипосульфиттiң ерiтiндiсiне батырады. Суға жуған соң негатив дайын болады. Оны фотоқағаздың, яғни жарық сезгiш қабат қапталған кәдiмгi қағаздың үстiне орналастырып, жарықтандырып және жоғарыда көрсетiлгендей, химиялық оңдеу жасаған соң, позитив кескiн шығарып алады. Ендi позитивте жарық және караңғы реңктердiң таралуы дұрыс (айналдырылмаған) болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу