Фотоэффектінің қолданылуы. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы
ОМ:
11.8.1.5- Фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оның қолданылуына мысалдар келтіру;
11.8.1.6- Фотоэффект заңы мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану;
1. «Доп лақтыру» әдісі. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында дайындық сұрақтарын талдау.
1. Жылулық сәулеленудің негізгі қасиеттері қандай?
2. Дененің сәулелену және жұту қабілеттері деген не?
3. Абсалют қара дене деп нені айтады?
4. Бір кванттың энергиясы неге тең?
5. Қара дененің сәулелену қабілеттігінің максимумы температура өскен сайын қалай қарай жылжиды?
- Топпен жұмыс.
1 топ.
Фотоаппараттың құрылысымен танысу.
Білу және түсіну дағдыларын дамытуға бағытталған.
Төменде фотоаппараттың құрылысы көрсетілген сурет берілген.
А) Фото түсіруде экспозиция уақытын өлшеуге бола ма?
Б) Фотоаппарат экранында кескін қалай пайда болады?
С) Фототок пен фотореленің фотоаппарат үшін маңыздылығы қандай?
2 топ.
А) Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеп, оның заңдылықтарын тағайындаған ғалымдарды ата.
Б) Фотоэффектіні зерттеу үшін қандай қондырғылар пайдаланылған?
С) Фотоэффект заңдылықтары қалай тағайындалды? (Столетов заңдары)
Д) Фотоэффекті үшін әйгілі Эйнштейн теңдеуі қалай өрнектеледі?
- Жұптық жұмыс. Бекіту. «Кім жылдам?» әдісі. Есеп шығару.
- Фотоэффектінің қызыл шекарасы =500 нм болса, электрондардың натрийден шығу жұмысы қандай?
- Мырыш пластинаға толқын ұзындығы λ=220 нм монохромат жарық түседі. Мырыш үшін шығу жұмысы Аш= 4эВ. Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы қандай?
3. Үйге тапсырма:
«Фотоэффект» сөзіне сканворд құрау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру