Жұқа линзаның формуласы. Физика, 11 сынып, презентация.
Бөлімі: Геометриялық оптика
Тақырып: Жұқа линзаның формуласы.
Сабақ мақсаты:
Әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану.
Мақсаты :
Оқушылар төмендегі сұрақтарды меңгеруі тиіс:Линза дегеніміз не?
Линза фокусы, оптикалық ось,
фокустық қашықтық, фокаль жазықтығы, линзаның оптикалық центрі,
линзадағы сәулелер жолы, линзалар түрлері дегеніміз не?
Пайда болған кескіннің сыну бұрышын анықтау.
Линза – деп екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір денені айтамыз.
Дөңес линза түрлері:
Қос дөңес (1)
Жазық дөңес (2)
Ойыс дөңес (3)
Ойыс линза түрлері:
Қос ойыс (4)
Жазық ойыс (5)
Дөңес ойыс(6)
Ғ- линзаның бас фокусы
О- линзаның оптикалық центріЛинзадағы негізгі белгілеулер:
*
Егер бас оптикалық оське параллель жарық сәулелерін түсірсек линзаның бас F фокусында жиналады.
Линзадан фокусқа дейінгі қашықтық деп аталады және f әрпімен белгіленеді.
Дөңес линза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге жинайды, сол себепті дөңес линза жинағыш д.а.
*
Шашыратқыыш линзалардың шеті қалың ортасы жұқа болып келеді.
Өзі арқылы өткен жарықты шашыратады.
Шашыратқыш линза әр уақытта жалған кескін береді.
Жұқа линза формуласы
d – нәрседен линзаға дейінгі қашықтық ; 1 м
f - линзадан кескінге дейінгі қашықтық ; 1 м
Ғ- линзаның бас фокусы; 1 м
Формуланы түрлендірейік
Линзаларда кескін салу:
Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.
Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды
Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель кетеді
D – линзаның оптикалық күші дптр=1м-1
Линзаның оптикалық күші деп бас фокус арақашықтығына кері шаманы айтады:
Линзалардың ұлғайтуы
Линзаның ұлғайтуы деп кескіннің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шамасына қаытнасымен анықталатын физикалық шаманы айтады.
Сұрақ-жауап:
Линза дегеніміз не? Түрлерін ата?
Линзада кескінді қалай саламыз?
Жұқа линза формуласын жаз?
Линзаның оптикалық күші дегеніміз не?
Линзаның ұлғайтуы дегеніміз не?
Назар аудар!
Көзіңіз шаршаса не істейсіз?
Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жасау қажет.
Кез-келген екі жаттығуды орында:
- кезегімен жоғары-төмен (25 сек), оңға-олға (15 сек) қара;
- көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;
-ұзақтығы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңдағы қағазға 20 секунд көзіңді тік;
- сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат, үшбұрышты сал.
1. Физика -10, Б. Кронгарт, В.Кем, Н. Койшыбаев: «Мектеп», 2010 г.;
2. Инфо уроки3. https://bilimland.kz
Пайдаланған әдебиеттері:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру