Зертханалық жұмыс №3 Жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор арқылы анықтау. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


Жұмыс парағы 1

Оқушы_____________________ Сынып 11_________ Мерзімі____________

Зертханалық жұмыс: Жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор арқылы анықтау

Лазер сәулесінің толқын ұзындығын анықтау

Тәжірибе формуласы: nλ = d sin θ

Демонстрация жасау арқылы дифракциялық тордан жарықтың интенсивтілігі максимум қатарларын алу, максимумдар қатарлары алынған ауытқу бұрыштары лазер сәулесінің толқын ұзындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Құрал- жабдықтар:

  • лазер
  • линза, -20 D
  • линзалар, +4, D
  • метрлік сызғыш
  • объективті ұстағыш
  • дифракциялық торлар жиынтығы
  • проекциялық экран

Қауіпсіздік үшін

Шартты түрде лазер 2-класқа жататын болғандықтан,

(1 мВт-тан аз), оқушыларға ескерту керек, сәуле жолымен қарамау керектігін.

Жұмыстың барысы:

Лазер сәулесін дифракциялық тордың көптеген саңлауларынан өткізу. Лазер сәулесін көптеген саңлаулардан өткізу үшін линзалар арқылы шашырату керек. Ол үшін сызбада линза қолданылады.

1.Шашыраған лазер сәулесін торға бағыттап, жинағыш линза арқылы сәулені жинақтап экранға бағыттайды.

2.Дифракциялық торды саңлау өлшемі кішісімен ауыстырып, қайта жасаңыз, не байқадыңыз?

3.Дифракциялық торды саңлау өлшемі үлкенімен ауыстырып, тәжірибені қайталаңыз, не байқадыңыз?

4.Экранда бірнеше жарық дақ пайда болатын торды таңдап алыңыз,

Бір дақты таңдап алып,n- ді анықта, центрден бастап анықталады. Центрінен жарық даққа дейінгі қашықтықты және дифракциялық тордан экранға дейінгі қашықтықты өлшеп алыңыз. бұрышты есептеңдер.

5.Мына формуланы қолданып nλ = d sin θ, лазер сәуленің толқын ұзындығын анықтаңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу