Жарықтың дисперсиясы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: толқындық оптика | Мектеп: ФМБ НЗМ Шымкент қ. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кусаинова А.К. Жолдасова А.А. | |||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Жарықтың дисперсиясы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11. 6.1.2 – призма арқылы өткен кезде ақ жарықтың жіктелуін түсіндіру | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Барлық оқушылар: - «призма», «сыну» және «дисперсия» терминдерін анықтамасын біледі; - материалдың сыну көрсеткіші жарық жылдамдығына қалай әсер ететінін түсіндірді; - Призмадан өткенде ақ жарықтың жіктелуін түсіндіреді.
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар : - тақырып бойынша сөздік қорын байытады (техникалық терминдер); - осы тақырып бойынша мәтіндер мен тапсырмаларды түсінеді. терминдер: призма сыну сыну көрсеткіші толқын ұзындығы дисперсия Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Неліктен біз әртүрлі ортаның сыну көрсеткіштерін білуіміз керек? ……ұлғаятын себепті … болады. Қай түсті сәуле бәрінен көп сынады? … жылдамдығымен не болады | |||||
Құндылықтарды дарыту | оқушылардың достық қарым-қатынастарын және олардың бірлескен оқу ортасында жұмыс істеу үшін коммуникативтік қасиеттерін қамтамасыз етеді: бірлескен жұмыста басқа оқушылармен әлеуметтік, мәдени, этикалық және интерактивті дағдыларды дамыту. оқушылардың өз бетінше, жұппен және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту; жолдастардың пікірін құрметтеу; білім көздерін өз бетімен іздестіру қабілетін дамыту | |||||
Пәнаралық байланыстар | Презентация (интерактивті тақта), видеоматериал | |||||
Бастапқы білім | Жарықтың сынуы. Электромагниттік толқындар | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин Сабақтың ортасы 30 мин |
Мұғалім су құйылған стаканга салынған қасықты көрсетеді және оқушылардан не көргендерін сұрайды. Содан кейін мұғалім оқушыларға бұлттағы кемпірқосақтың бейнесін көрсетеді Проблемалық сұрақ : Бұл екі процесс (стакандағы суда қасықтың қисаюы, кемпірқосақтың пайда болуы) қалай байланысты? Балалар жұппен жұмыс жасайды, талқылайды және сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынады. (Презентацияны қараңыз) Әрі қарай мұғалім оқушыларға бұл сабақта олар призмалар туралы, олардың қалай жұмыс істейтіндігі және күнделікті өмірде оларды қалай қолдануға болатындығы туралы біле алатындығын хабарлайды. Сонымен қатар балалар жарық толқындарының қасиеттерін, сыну ұғымын, призмадағы жарықтың таралуын зерттейді. Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру. (.презентацияны қара)
Топтық жұмыс. Оқушылар 3-5 топқа бөлінеді (сыныптағы оқушы санына байланысты), әр топқа сөздері толық емес мәтін ұсынылады. Мәтінді оқып шығып, топта ақылдасады. Көпнүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, тексті толықтырады. Текст (жетіспейтін сөздердің мәтінде асты сызылған) Призма - мөлдір материалдан жасалған шыны немесе пластик дене .Ақ жарық призмадан өткенде жеті түске жіктеледі. Бұл құбылыстың пайда болу себебі бір ортадан екіншісіне ауысқан кезде жарық толқынының таралу бағытының өзгеруі, яғни жарықтың сынуы. Жарық бір ортадан екіншісіне өткенде оның жылдамдығы өзгереді. . Оның қаншалықты бәсеңдеуі немесе ұлғаюы материалдың немесе ортаның қасиеті болып табылатын сыну көрсеткішіне байланысты Жарық дисперсиясы (жарықтың жіктелуі) - абсолют сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі. Дисперсия құбылысының пайда болу себебі - ұзындықтары әр түрлі жарық толқындарының оптикалық ортадағы таралу жылдамдығының әр түрлі болуы. Толқын жиілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сыну көрсеткіші үлкен болады және ортадағы жарық жылдамдығы соғұрлым төмен болады: қызыл жарық ортада максималды жылдамдықпен таралады және ең төменгі сыну көрсеткішіне ие; күлгін түс ортада ең аз жылдамдықпен таралады және максималды сыну дәрежесіне ие; вакуумда әртүрлі түстердегі жарық жылдамдықтары максималды және бірдей. Бағалау: өзара бағалау (Джигсо әдісі бойынша: әр топтан бір өкіл сағат тілімен келесі топқа өтіп, жауаптарын тексереді). Кері байланыс: мұғалім экранда толық мәтінді көрсетеді, әр топтағы дұрыс жауаптар саны, оқушылардың қателіктері туралы түсінік береді. Нәтижеле талқыланады.. Жарықпен байланысты таңғажайып құбылыстардың бірі - кемпірқосақ. Адамдар әдетте кемпірқосақты 7 түске бөледі. Сұрақ:
Жауабы: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Жарық призмадан өткенде, біз дәл осындай тізбекті аламыз. Оқушылар спектрді әйнек призмадан жарық шоғын өткізу арқылы бақылайды (зертханалық оптика жиынтығы). Сұрақ: - Қызыл түс аз сынады, ал күлгін көп сынады Неге? (дискуссия) Жауабы: (мұғалім тақтаға сурет салады, оқушылар көшіреді). Себебі әйнек бетіне түскен жарық сынады. Алайда әртүрлі түстер әр түрлі дәрежеде сынады. (Бұл құбылыс жарықтың дисперсиясы ретінде белгілі). Жарық сәулесі терезе әйнегіне түскен кезде неге ақ жарық жіктелмейді? (тақтаға суретін салады) Сәуле екі рет сынады:әйнекке кірген кезде және әйнектен шығар кезде.Нәтижесінде әйнектет шыққан жарықтың бағыты әйнекке кірген жарық сәулесімен бағыттас болып, бастапқы бағытында таралады. Әйнек ішінде ақ жарық жіктелгенмен, әйнектен шығар кезде қайта бірігеді .. Призмада (тақтадағы суретті қараңыз) призманың жақтары параллель емес, сондықтан жарық толқынының бағыты өзгереді - әр түс үшін әр түрлі мөлшерде. Сұрақ:
Жауап: Күн сәулесі жаңбыр тамшыларынан өткенде кемпірқосақты көреміз. Әдетте бұлт сіздің төбеңізден өтіп, күн қайта жарқырағанда кемпірқосақ пайда болады. (оқушылар үлкен сарқырамаларда немесе субұрқақтарда түрлі-түсті жарық көретіндерін естеріне алуы мүмкін) Сұрақ: Кемпірқосақтың аспанның қай жерінде пайда болғанын байқадыңыз ба? (пікірталас) Жауабы: Әрқашан күннің қарама-қарсы жағында. Шындығында, бұл шеңбер Күннің қарама-қарсы бағытында орналасқан шеңбердің бөлігі. Ал кемпірқосақтың сыртқы түсі әрдайым қызыл болады. Сұрақ: Кемпірқосақ қалай пайда болады? (пікірталас) Жауабы: Жаңбыр тамшылары - ұсақ сфералар (тақтаға сызылған) және призмаларға өте ұқсас. Ішінде сынған жарық түстерге бөлінеді, ал ол шыққан кезде - басқа бұрышыпен басқа жерде шығады, призмадағыдай - әртүрлі түстерге бөлінеді. Сұрақ: «Сіздер қосарланған кемпірқосақты байқағансыздар ма?» Бұл қалай пайда болады? (пікірталас) Жауап: Жарық сәулесі терезе әйнегінен өткен кезде (тақтадағы салынған суретке қараңыз), жарықтың бәрі бірдей өтпейді. Сәуленің бір бөлігі екінші рет сынып кері шағылысады (мұғалім тақтада сызылған сызықтарға тақтадан сәулені қосады). Атмосферада шашыраған су тамшыларына түсетін параллель күн сәулелері де ішке еніп, тамшының артқы қабырғасында шағылысады. Бұл жағдайда жарық сәулесі су-ауа шекарасында екі рет сынуға ұшырайдыі. Сұрақ: Ньютон « ақ жарық барлық түстердің қоспасы екенін қалай көрсетті?» (пікірталас) Жауап: ол екінші призманы (біріншіге қатысты төңкерілген) барлық түстерді қайта қосу үшін қолданды және нәтижесінде бірінші призмаға енгендей ақ жарық болды. Оқушылар құбылысты іс-тәжірибеде бақылайды (зертханалық оптикалық жинақ) Сұрақ: 1800 жылы Уран планетасын ашқан астроном Уильям Гершель келесі экспериментт жүргізді. Ол күн сәулесін призмамен жіктеп, одан пайда болатын спектрдің үстелге түсуіне мүмкіндік берді. Содан кейін ол термометрді спектр түскен жерге қойып, температураның көтерілгенін байқады. Содан кейін ол термометрді спектрдің қызыл тұсынан тыс жылжытып, ол жерде температура одан да жоғары екенін атап өтті. Бұл нені дәлелдейді? Жауап: Термометрдің спектр ортасында орналасқанда қызуы жарықтың жылу (энергия) тасымалдай алатындығын дәлелдейді. Термометрді спектрдің қызыл тұсынан тыс жағына жылжытқанда температураның одан да жоғары екеніндігі ол жерде көзге көрінбейтін сәуленің бар екндігін дәлелдейді. Ол сәулелер инфрақызыл сәлелер деп аталады. («инфра» «төмен» деген мағна береді.) Дифференция: Егер бұл сұрақ оқушыларға қиындық туғызатын болса, көмекші ресурс ұсынуға болады. (қосымшаны қараңыз). Сонымен біз ақ жарықтың 7 түстен тұратынын білеміз және ақ жарықтан бөлек көзге көрінбейтін (приборлар тіркей алатын) инфрақызыл және ультракүлгін сәлелердің бар екенін білеміз. Сұрақ: -Түрлі-түсті телевизорда түстер қалай пайда болады? - «Үш түс теориясын» - адам көзі барлық түстерді үш түстің комбинациясы ретінде қабылдайтынын кім ашқан?Және бұл теорияны кім түсіндіре алады?
Үйде тапсырма: жоғарыдағы соңғы екі сұраққа келесі сабаққа жауап даярлап келеу. 30 мин Формативті бағалау: Тест. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Жауабы:
Бағалау: өзара бағалау. Оқушылар тақтада көрсетілген дұрыс жауап бойынша бірін-бірі бағалайды. . Кері байланыс: Мұғалім әр оқушының дұрыс жауабын анықтап, қателіктерімен жұмыс жасайды. 5 мин | Презентация Суыбар стакан, қасық презентация Презентация сөздері түгел емес текст, Презентация Шыны призма, жарық көзі,ақ экран презентация Шыны призмалар, жарық көзі,ақ экран Қосымша | ||||
Сабақ соңы 5 мин. | рефлексию 3-2-1: Іс-әрекет: индивидуалды Әр оқушы өзіне берілген параққа жазады: - бүгінгі сабақта мен танысқан 3нәрсе; - жауабы қажет 2сұрақ; - осы тақырыпты өмірде қолдану бойынша 1 идея: Үй тапсырмасы: соңғы екі сұраққа келесі сабаққа жауап даярлап келу. 1.Түрлі-түсті телевизорда түстер қалай пайда болады? 2. «Үш түс теориясын» - адам көзі барлық түстерді үш түстің комбинациясы ретінде қабылдайтынын қалай түсіндіреді? 5 мин | Стикерлер | ||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру. -Кейбір оқушылар: - жарықтың тасымалдайтын энергиясының толқын ұзындығына байланысты екенін түсінеді Жарық диперсиясының қолданысын біледі. | Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру. Зерттеу жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру. Өзара бағалау, өзін өзі бағалау. Сабақ бойы оқушыларға қолдау көрсету. Барлық оқушыны назарда ұстау . | Оқушылардың тік отырун қадағалау. Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау Тәжірибені абайлап жасау. Термометрді қолдану барысында өте мұқият болу. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру