Жарықтың дисперсиясы. Физика, 11 сынып, презентация.


Бұл екі процесс қалай байланысты?

Сабақтың тақырыбы:«Жарықдисперсиясы»

Сабақ мақсаты:

11. 6.1.2 – призма арқылы өткен кезде ақ жарықтың жіктелуін түсіндіру

Призма - мөлдір материалдан жасалған шыны немесе пластик дене. Ақ жарық призмадан өткенде жеті түске жіктеледі. Бұл құбылыстың пайда болу себебі бір ортадан екіншісіне ауысқан кезде жарық толқынының таралу бағытының өзгеруі, яғни жарықтың сынуы. Жарық бір ортадан екіншісіне өткенде оның жылдамдығы өзгереді. . Оның қаншалықты бәсеңдеуі немесе ұлғаюы материалдың немесе ортаның қасиеті болып табылатын сыну көрсеткішіне байланысты

Жарық дисперсиясы (жарықтың жіктелуі) - абсолют сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігі. Дисперсия құбылысының пайда болу себебі - ұзындықтары әр түрлі жарық толқындарының оптикалық ортадағы таралу жылдамдығының әр түрлі болуы. Толқын жиілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сыну көрсеткіші үлкен болады және ортадағы жарық жылдамдығы соғұрлым төмен болады: қызыл жарық ортада максималды/үлкен жылдамдықпен таралады және ең төменгі/минимал сыну көрсеткішіне ие; күлгін түс ортада ең аз жылдамдықпен таралады және максималды/үлкен сыну көрсеткішіне ие; вакуумда әртүрлі түстердегі жарық жылдамдықтары максималды және бірдей

Сұрақ

- Кемпірқосақтың түсі қандай ретпен орналасқан?

Сұрақ

Қызыл түс аз сынады, ал күлгін көп сынады. Неге?

Сұрақ

Кемпірқосақ қай уақытта пайда болады?

Сұрақ

Кемпірқосақ аспанның қай жерінде пайда болады?

Сұрақ

Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Сұрақ

Сіздер «қосарланған кемпірқосақты» байқағансыздар ма? Бұл қалай пайда болады?

Сұрақ

Ньютон ақ жарық барлық түстердің қоспасы екенін қалай көрсетті?

Сұрақ

1800 жылы Уран планетасын ашқан астроном Уильям Гершель келесі экспериментт жүргізді. Ол күн сәулесін призмамен жіктеп, одан пайда болатын спектрдің үстелге түсуіне мүмкіндік берді. Содан кейін ол термометрді спектр түскен жерге қойып, температураның көтерілгенін байқады. Содан кейін ол термометрді спектрдің қызыл тұсынан тыс жылжытып, ол жерде температура одан да жоғары екенін атап өтті. Бұл нені дәлелдейді?

Үй тапсырмасы

1.Түрлі-түсті телевизорда түстер қалай пайда болады?

2. «Үш түс теориясын» - адам көзі барлық түстерді үш түстің комбинациясы ретінде қабылдайтынын қалай түсіндіреді?

Тест жауаптары:

1 - B

2 - A

3 - D

4 - B

5 - C

Рефлексия: 3-2-1

бүгінгі сабақта мен танысқан 3 нәрсе;

жауабы қажет 2сұрақ;

осы тақырыпты өмірде қолдану бойынша

1 идея:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу