Радиобайланыс. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.
А тобы
- Электромагниттік толқын арқылы неге су астында жүзіп жүрген сүңгуір қайықпен радиобайланыс жасалмайды?
- Мұхитта белгілі бір тереңдікте жүзіп жүрген екі сүңгуір қайық арасында радиобайланыс орнату мүмкін бе?
В тобы
- Алматыдағы Көктөбеде орналасқан телемұнараның биіктігі 372м , ал қабылдау антеннасының биіктігі 10м . Көктөбенің өзінің биіктігі 250 м болса, телехабарлар қандай қашықтықта қабылданады?Жердің радиусы 6400 км.
- Радиолокатордан жіберілген импульстің нысанға барып және одан шағылып кайтып келу ұзақтығы 0,0001 с болса, нысанға дейінгі қашықтық неге тең
С тобы
- Кеме радиолокаторы теңіз бетінен 25 м биіктікте орналасқан.Осы радармен теңіз бетіндегі құтқарушы нысанды қандай ең алыс қашықтықтан көруге болады? Осы кезде импульстер қандай жиілікпен шығарылады?
- Ғарыш кемелерімен радиобайланыс қашықтығын 3 есе арттыру үшін неліктен таратқыштың қуатын 9 есе арттыру керек? Радиолокация қашықтығын 3 есе арттыру үшін таратқыштың қуатын неше есе арттыру керек?Екі жағдайда да радиотолқындардың көзін нүктелік деп есептеңдер.Радиотолқындардың таралуы кезіндегі энергияның жұтылуын ескеріңдер.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру