Магнит өрісі. Лоренц күші. Физика, 10 сынып, қосымша материал 2.
Оқушы: Сн: Күні:
Өзіндік жұмыс.
Критерийлер:
- Сол қол ережесін қолданады
- Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекетін сипаттайды
- Ампер күшінің формуласын есептер шығаруда қолданады
- Магнит индукция векторының бағытын анықтайды
Тапсырмалар:
- Индукциясы 7,5 мТл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы неге тең?
- Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күш қай кезде максимал мәнге ие болады? Неліктен, дәлелдеңіз?
- Суретте екі параллель өткізгіш берілген.
3.1). Тек 1-ші өткізгіш арқылы тұрақты I тогы жүріп жатыр.
- Берілген екі өткізгіш өзара қалай әрекеттеседі? Түсіндіріңіз.
- А нүктесіндегі магнит индукция векторының бағытын суретте көрсетіңіз.
3.2). Енді 2-өткізгіш арқылы да шамасы мен бағыты дәл сондай электр тогы жіберілді.
- екі өткізгіш арасындағы әрекеттесу қалай өзгереді?
- А нүктесіндегі магнит индукция векторы бұл жағдайда қалай өзгереді? Түсіндіріңіз және сызбасын сызып көрсетіңіз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру