Толық тізбек үшін Ом заңы. Қысқаша тұйықталу. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1А-Тұрақты ток

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Толық тізбек үшін Ом заңы. Қысқаша тұйықталу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны қолдану;
  • Қысқаша тұйықталу салдарын түсіну

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Толық тізбек үшін Ом заңын біледі;
  • Зерттеу мақсаты бойынша тізбекті құруда көмекті қажет етеді;
  • Зерттеу жұмысының мақсатын түсінеді;
  • Қарапайым қадамдар арқылы қажетті мәндерді ала алады;
  • Графикті тұрғыза алады;
  • Ом заңын қарапайым есептер шығару барысында қолдана алады

Көпшілік оқушылар:

  • Тізбекті өздігінен зерттеп, құрады;
  • График тұрғызуда қиындық көрмейді;
  • График арқылы градиентті, ЭҚК-ін анықтау тәсілдерін түсінеді және қолданады;
  • Ом заңын есептердің 80%-ын шығаруда қолдана алады,

Кейбір оқушылар:

  • Графикті өңдеу тәсілін өздігінен ұсынады;
  • Графиктің градиентінің мәнін түсінеді;
  • Ом заңын қолданып берілген барлық есептерді шығарады

 Жетістік критерийлері

ЭҚК пен кернеу арасындағы айырмашылықты түсінеді;

Қарапайым схеманы өздігінен құра алады;

Схемаға реостатты жалғай алады;

Мақсатқа сай зерттеу жұмысын жүргізе алады;

Зерттеу жұмысына қорытынды жасай алады;

Толық тізбек үшін Ом заңын біледі;

Ом заңын есеп шығаруда қолдана алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Реостат-реостат-reostat

Ом заңы-закон Ома-Oums law

Ток көзі- источник тока-

Батарейка-батарейка-battery

Кернеу-напряжение-voltage

ЭҚК-ЭДС-E.M.F

Ток күші-сила Тока-Current

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Толық тізбек үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады?

Реостатты тізбекке қалай жалғайды?

Вольтметр мен амперметр қалай тізбекке жалғанады?

 Құндылықтарды дарыту

Ойын жинақтап айтуға дағдыландыру

Жұппен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту

Бір-біріне көмектесе алу дағдыларын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Ом заңына есептер шығару барысында, зерттеу жұмысында тәуелділік графигін, графиктің градиентін есептеу барысында математикалық дағдыларды қолданады.

 АКТ қолдану дағдылары

Көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту

Бастапқы білім

ЭҚК, кернеу, толық тізбек үшін Ом заңы бойынша алғашқы түсініктер.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Колобративті орта құру

Starter: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушылар «Лоторея» ойынын ойнайды. Ол үшін сыныптағы оқушылардың санына қарай сұрақтар жазылған билеттер таратылады. Билеттер араластырылып әрбір оқушыларға таңдауға беріледі. оқушылар жұппен берілген карточкалардан тізбек құрайды. 2 билетте сұрақ болмай оқушыларға тосын сый ретінде беріледі. Өзге оқушылар берілген сұрақтарға жауап беруге тырысады. Жауап беру барысында өзге оқушыларға толықтыруға рұқсат етіледі.

«Лоторея» ойынының сұрақтары

10-40 минут

40-75 минут

1-сабақ.

Оқушыларға жетістіктерін тіркеп отыру мақсатында бағалау парақтары таратылады

Оқушылар толық тізбек үшін Ом заңын еске түсіріп алған соң, зертханалық жұмыс арқылы батареяның ішкі кедергісін есептеуге арналған тапсырмамен жұмыс жасалады. Ол үшін оқушылар 3 топқа жіктеледі

Зертханалық жұмыс жасау барысында топ мүшелерінің барлығының жұмыс жасап отыруын қадағалау өте маңызды

Оқушылар алдымен берілген қадамдарға сай тізбек құрады. Келесі қадамға оқушылар тек тізбекті дұрыс жинағаннан кейін ғана көшеді.

Оқушылар кесте мәндері бойынша жүппен график тұрғызады. Бұл кезде оқушылардың графикті тұрғызу ережесін дұрыс сақтағандықтарын қадағалай қажет болады.

2-сабақ

График бойынша ЭҚК пен градиенті арқылы ішкі кедергіні анықтайды (формуланы талдау керек болады).

Зерттеу жұмысына қорытынды жасайды. (оқушылардың тақырыптық академиялық терминдерді қолдана отырып өз ойларын білдіруді қадағалау өте маңызды).

Презентацияны қолдана отырып «Қысқаша тұйықталу» тақырыбы талданады

Оқушыларға қысқаша тұйықталудың себептері мен салдарына мысал келтіру ұсынылады.

Игерілген білімді меңгеру мақсатында оқушылар жұппен бірнеше есептер шығарылады.

Есептерді аяқтаған соң, тақтадан дұрыс жауабы көрсетіле отырып жұп аралық өзара бағалау жұмысы жүргізіледі

Зертханалық жұмыс парақтары, өткізгіш сымдар, ток көзі, мультиметр, реостат, милиметрлік парақтар,таратпа материалдар.

Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылар сабақ басында берілген сабақтың жетістік критерийлері бойынша өз-өздерін бағалайды. (бірнеше оқушыдан жекелей сұрауға да болады

Сұрақтары болса, жауап алады

Жетістік критерийлері парақтары

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

  • Толық тізбек үшін Ом заңын біледі;
  • Зерттеу мақсаты бойынша тізбекті құруда көмекті қажет етеді;
  • Зерттеу жұмысының мақсатын түсінеді;
  • Қарапайым қадамдар арқылы қажетті мәндерді ала алады;
  • Графикті тұрғыза алады;
  • Ом заңын қарапайым есептер шығару барысында қолдана алады

Көпшілік оқушылар:

  • Тізбекті өздігінен зерттеп, құрады;
  • График тұрғызуда қиындық көрмейді;
  • График арқылы градиентті, ЭҚК-ін анықтау тәсілдерін түсінеді және қолданады;
  • Ом заңын есептердің 80%-ын шығаруда қолдана алады,

Кейбір оқушылар:

  • Графикті өңдеу тәсілін өздігінен ұсынады;
  • Графиктің градиентінің мәнін түсінеді;

Ом заңын қолданып берілген барлық есептерді шығарады

Фронтальды сұрақтарға жауап берулері арқылы

Тапсырмаларды дұрыс орындаулары арқылы

Зертханалық жұмыстың мақсатына жетулері арқылы

Есеп шығаруда толық тізбек үшін Ом заңын қолданулары арқылы

Денсаулыққа зиян келтіретін құрал-жабдықтар болмайды,

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу