ЭҚК, кернеу,потенциалдар айырымы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақжоспары 10сынып.
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:10.3В – Тұрақты ток | Жалпы орта білім беретін мектеп : Қоғамдық-гуманитарлықбағыт | ||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Утеева С.А. | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтақырыбы | ЭҚК, кернеу,потенциалдар айырымы. | ||||||
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) | 10.3.2.2 - электр қозғаушы күші мен сыртқы тізбектегі кернеу айырмашылығын түсіну(энергия тұрғысынан); | ||||||
Сабақмақсаттары | Оқушылар орындай алады: Кернеу мен потенциал арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтарын ажыратуға үйрету; Тізбек нүтесінің потенциалын есептей білу және есептерді шығару кезінде қолдануды қалыптастыру | ||||||
Бағалаукритерийлері | Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: Тізбек нүктесінің потенциалының анықтамасын біледі, физикалық мағынасын түсінеді. Кернеу мен потенциал арасындағы айырмашылықты айта алады. Тізбек нүктесінің потенциалын есептеу формуласын біледі және есептерді шығару кезінде қолданады. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:Өткізгіштегі ток күші; өткізгіштегі кернеу; кедергі; Ом заңы; тізбек нүктесінің потенциалы. Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері : Тізбек бөлігіндегі ток күші ... тура пропорционал. Тізбектің толық кедергісі.... ... тізбек нүктесінің потенциалы дегеніміз... Тілді оқыту мақсаты: Толық тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдайды; тізбек нүктесінің потенциалын түсіндіре алады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топтық жұмыста өзара сыйластық қарым-қатынасты және көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Оқушылардың ізденіс дағдыларын қалыптастыру; | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: функцияның аргументке тәуелділік графигін салу | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор желісіндегі ресурстармен жұмыс. Презентация. Симулятормен жұмыс жасау. | ||||||
Бастапқы білім | 8 сынып: тұрақты ток; тізбек бөлігіне арналған Ом заңы; электр тогының әсерлері; электр тізбегінің элементтері және олардың белгіленуі; өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануы; электр тогының қуаты мен энергиясы; Джоуль-Ленц заңы. | ||||||
Сабақбарысы | |||||||
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 13 мин | Тапсырма: Физикалық диктант « Тұрақты электр тогы» Мақсаты:тұрақты электр тоғы ұғымын,анықтамасын және негізгі заңдылықтарын қайталау; Сипаттамасы: Оқушыларға алдынғы сыныптардан алған білімдерін тексеру үшін «Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша қайталау сұрақтары берілген физикалық диктант жұмысын орындайды. Мұғалімнің қызметі:сабақтың мақсат ,міндеттерімен таныстырады. Берілген тапсырмаларды бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды,өзгерістер енгізеді. Оқушының қызметі:физикалық диктантты жазады және үлгі жауаптар бойынша өз-өздерін бағалайды. Бағалау: берілген сұрақтардың 80 пайызына дұрыс жауап берген оқушы оқу мақсатына жетеді. | Қосымша 1 Физикалық диктант | |||||
Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут | Тапсырма 1: (T) Төмендегі тізбекті құрастыр және кілтті қосып айырып көр. Нені байқадың? Неліктен вольтметр көрсеткіші өзгереді? Мұғалімнің қызметі:(T) Оқушыларға тапсырманы беріп, эксперименттің өту барысын бақылайды және сұрақтарға жауап алады, коментарий береді, гипотезаларды қабылдайды. Теориясын түсіндіреді. Оқушының қызметі: (Е) Тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді, гипотеза қояды. Тапсырма 2: Тізбек нүктесінің потенциалы Мұғалімнің қызметі:(T) Тізбек нүктесі потенциалының анықтамасын түсіндіреді, есептеу ережелерін айтады, бекітуге есеп береді және есепті шығару барысын қадағалайды, қателерін түзейді Оқушының қызметі:Теорияны тыңдайды, жазады, есепті шығарады, сұрақтарға жауап береді. Бағалау: Тізбек нүктесі потенциалының анықтамасын біледі, физикалық мағынасын түсінеді. Тізбек бойымен ток көзі арқылы өткендегі потенциалды анықтай алады. Тізбек бойымен резистор арқылы өткендегі потенциалды анықтай алады. | Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы 2 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үйге тапсырма: Қосымша 4 «BilimLand» сайты Ток көздерінің түрлері: https://learningapps.org/2958345 Электр қозғаушы күш. Толық тізбек үшін Ом заңы: https://bilimland.kz/kk#lesson=10868 | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз. Сабақ барысында жеке жұмыс ретінде оқушылар физикалық диктант жазды. Топтық жұмыс ретінде шағын эксперименттік тапсырмалар орындады. Деңгейлік тапсырмалар ретінде тақырып бойынша есептер шығарды. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Амперметр мен вольтметрді тізбеккке жалғаудың ережесін оқушылардың есіне салыңыз. | |||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Физикалықдиктант 2:Тізбектей жалғанған бір, екі және үш шамды электр энергиясымен қамтамасыз ететін ток көзімен бірнеше қарапайым сұлбалармен демонстрациялар. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Топтықжұмыс 2:Шағын эксперименттік тапсырмалар. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?Деңгейлік тапсырмаларды үнемі қолдану оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет деп есептеймін. | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру