Жартылай өткізгіштердегі электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар. Физика, 10 сынып, презентация.


Диодтар

Қатты заттардың электрлік қасиеттері

Жартылай өткізгіштер

P-n ауысулар

Жартылай өткізгішті диотар

Диодты тізбектер

Жартылай өткізгішті диодтар

Диод

Электр тогын бір бағытта ғана өткізетін электрлік құрылғы

Идеал диод электр тогын тек бір бағытта ғана өткізеді

Диодтардың жалпы шартты белгілері

Диодтардың түрлері

Диодтарды айнымалы электр тогын түзетуде қолданады

Төмендегі мысалда жарты толқынды түзету бейнеленген

Өткізгіштер

Мысалы: мыс немесе алюминий

Еркін электрондық бұлты бар (абс. нольден жоғары кез келген температурада). Егер электр өрісі туындаса электрондар қозғалысқа келе бастайды

Оқшаулағыштар

Мысалы: полиэтилен

Электрондар атоммен мықтап байланысқан, еркін электрондар жоқ

Қатты заттардың электрлік қасиеттері

Жартылай өткізгіштер

Мысалы кремний немесе германий

Төмен температураларда оқшаулағыштардың қасиеттерін көрсетеді

Қыздырылған кезде кейбір электрондар босап шығып, еркін электрондарға айналады

Таза жартылай өткзгіштер

Қыздыру еркін электрондардың туындауына жағдай жасайды

Электрон жетіспей қалған орында кемтік пада болады

Электрондар теріс зарядты тасымалдаушылар

Кемтіктер оң зарядты тасымалдаушылар

Бөлме температурасында заряд тасымалдаушылар саны аз

Таза жартылай өткізгіштер нашар өткізгіштер

Бұл меншікті өткізгіштік

Жартылай өткізгіштер

Қоспа қосу

Аз мөлшерде қоспа қосу өткізгіштікке әсер етеді

Кейбір қоспалар артық электрондар санын көбейтеді және n-типті өткізтікті жасайды

Кейбір қоспалар артық кемтіктер санын көбейтеді және p-типті өткізтікті жасайды

n-типті және p-типті жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі таза жартылайдікінен жоғары

Бұл қоспалы өткізгіштік

p-типті және n-типті заттар жанасқанда p-n ауысу туындайды

Екі бөліктің негізгі тасымалдаушылары ауысу аймағында бір-біріне диффузияланады

P-n ауысулар

Оң зарядтардың бір бағыттағы диффузиясы және теріс зарядтардың қарсы бағыттағы диффузиясы зарядтардың тепе-теңдігін бұзады

Бұл ауысу аймағында потенциадық барьер тудырады

Тура жалғау

Егер p-типті жағы оң полюске, ал

n-типті жағы теріс полюске жалғанса онда потенциалдық барьер төмендейді.

Диффузиялық ток артады

Кері жалғау

Егер p-типті жағы теріс полюске, ал

n-типті жағы оң полюске жалғанса онда потенциалдық барьер артады.

Диффузиялық ток кемиді

P-n ауысулардағы токтар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу