ЭҚК пен кернеу. Ішкі кедергі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1А-Тұрақты ток

Мектеп: Өскемен қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

ЭҚК пен кернеу. Ішкі кедергі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.1 –ЭҚК пен ішкі кедергі ұғымдарын түсіну;

10.3.2.2 –ЭҚК пен сыртқы тізбектегі кернеу арасындағы айырмашылықты түсіну (энергетикалық тұрғыждан).

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • ЭҚК ұғымын түсінеді;
  • ЭҚК-ке сипаттама жасай алады;
  • Ішкі кедергі ұғымын түсінеді
  • ЭҚК-тың формуласын біледі, есептер шығаруда қолданады.

Көпшілік оқушылар:

  • ЭҚК пен сыртқы тізбектегі кернеудің айырмашылығын түсінеді
  • Кернеудің ЭҚКтен өзгеше болу себебін түсіндіре алады;
  • Ішкі кедергі ұғымын практикалық тапсырмалар арқылы зерттей алады.

 Жетістік критерийлері

ЭҚК ұғымын біледі және түсінеді

Кернеу айырымы ұғымын біледі және түсінеді

ЭҚК пен кернеудің айырмашылығын біледі

ЭҚК пен кернеудің айырмашылықтың себебін түсіндіріп бере алады

Толық тізбек дегеніміз не екенін біледі

Толық тізбектің ерекшелігін сипаттай алады

Тібектің ішкі және сыртқы бөлігін түсінеді

Тізбектің толық кедергісін анықтай алады

Толық тізбек үшін Ом заңын қорытып шығара алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Реостат-реостат-reostat

Ток көзі- источник тока-

Батарейка-батарейка-battery

Кернеу-напряжение-voltage

ЭҚК-ЭДС-E.M.F

Ток күші-сила Тока-Current

 Құндылықтарды дарыту

Ойын жинақтап айтуға дағдыландыру

Жұппен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту

Бір-біріне көмектесе алу дағдыларын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Ом заңына есептер шығару барысында, зерттеу жұмысында тәуелділік графигін, графиктің градиентін есептеу барысында математикалық дағдыларды қолданады.

 АКТ қолдану дағдылары

Көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту

Бастапқы білім

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы, Кернеу ұғымы

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Колобративті орта құру

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты таныстырылады.

Сабақтың мақсатына сай тақтаға оқушылармен бірге талдана отырып, күтілетін нәтиже жазылады.

Сабақ барысында оқушылар өз жұмыстарын қадағалап, бағалап отыру мақсатында бағалау парақтары таратылады. Оларға оқушылар сабақ барысында белгі қоя отырып, сабақ соңында кері байланыс жасайды.

Миға шабуыл: Оқушылардың ойларын жинақтау және сабаққа назарларын аудару мақсатында қолшаммен батарея сурет көрсетіліп келесі сұрақ қойылады.

Сонымен қатар бұл жұмыс барысында төмендегі сұрақтар қойылады:

  • Батареядағы «+» және «-« таңбалары нені білдіреді?
  • Неліктен батарея бірден разряддатып қалмайды?
  • Батарея разрядталып қалған соң неліктен кей жағдайларда тұзға салып жатады?

Презентация

10-40 минут

40-75 минут

Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере тізбек жұмыс жасап тұру үшін оған әрдайым бір сырттан бөгде күш әсер етіп тұру керектәгә анықталады. Сол күшті зерттей отырып ЭҚК ұғымы енгізіледі

Оқушыларға ЭҚК пен Кернеу арасында қандай айырмашылық бар деген сұрақты қоя отырып, сыни ойлауды дамытуға болады.

Бекіту мақсатында оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма 2:

  •  Саусақ батареясының ұштарындағы кернеуді вольтметр көмегімен өлшеңіздер.
  •  Электр шамын саусақ батареясымен 1 (i) тапсырмадағыдай етіп жалғаңыз.
  •  Электр шамының ұштарын вольтметрге жалғау арқылы оның ұштарындағы кернеуді анықтаңыз.
  •   Екі жағдайдағы (і) және (ііі) кернеулерді салыстырыңдар
  •  Себебін түсіндіріп көріңдер

Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сұрақтарға академиялық тақырыптық терминдерді қолдана отырып жауап берулерін қадағалау керек

Тапсырмаларды орындап болған соң, ЭҚК ұғымына анықтама беріліп формуласы талданады.

Берілген ақпаратты бекіту мақсатында оқушылар төмендегі тапсырманы орындайды.

Тапсырма 3:

  • Тізбекке амперметрді жалғау арқылы тізбек бойында жүріп жатқан ток күшін анықтаңыз;
  • Ток күшінің тізбектің барлық бөлігінде бірдей болатындығын ескере отырып, 2(і) және 2(ііі) тапсырмалардағы кернеу мәндері арқылы кедергілерді есептеңіз.
  • Осы кедергі мәндері жайлы не айтасыз?

Бұл тапсырманы орындап болған соң, тізбектің бөліктері талқылады.

Берілген ақпарттардың барлығын бекіту мақсатында оқушылар төмендегі сұраққа жауап береді

№3 тапсырмадағы шамның кедергісінің практикалық мәнімен шамның сыртында жазылған кедергіні салыстырыңыдар. Қорытынды жасаңыздар.

Осы тұста оқушылардың жеке ойларын тыңдаған өте маңызды

Зертханалық жұмыс парақтары, өткізгіш сымдар, ток көзі, мультиметр, реостат, таратпа материалдар.

Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылар сабақ басында берілген сабақтың жетістік критерийлері бойынша өз-өздерін бағалайды. (бірнеше оқушыдан жекелей сұрауға да болады

Сабақтың басында құрылған күтілетін нәтижеге қайта оралып, кері байланыс беріледі

Жетістік критерийлері парақтары

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

  • ЭҚК ұғымын түсінеді;
  • ЭҚК-ке сипаттама жасай алады;
  • Ішкі кедергі ұғымын түсінеді
  • ЭҚК-тың формуласын біледі, есептер шығаруда қолданады.

Көпшілік оқушылар:

  • ЭҚК пен сыртқы тізбектегі кернеудің айырмашылығын түсінеді
  • Кернеудің ЭҚКтен өзгеше болу себебін түсіндіре алады;
  • Ішкі кедергі ұғымын практикалық тапсырмалар арқылы зерттей алады.

Фронтальды сұрақтарға жауап берулері арқылы

Тапсырмаларды дұрыс орындаулары арқылы

Зертханалық жұмыстың мақсатына жетулері арқылы

Денсаулыққа зиян келтіретін құрал-жабдықтар болмайды,

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу