Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 77 сабақ

Мектеп миссиясы: Сапалы білім. Үштілді орта. Болашақ көшбасшылар

Мектеп құндылықтары: Денсаулық. Жауапкершілік. Адалдық. Құрмет. Өмір бойы оқу. Жаһандық азаматтық.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: «Электростатика»

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байсеитова С.Ш.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.1.7 – өткізгіштер мен полярлы диэлектриктердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстыру арқылы талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

  • Неліктен өткізгіштер электр тогын өткізуге қабылетті болатынын білу, теориялық тұрғыдан негіздей отырып түсіндіру
  • Электрондық теория көзқарасы бойынша өткізгіштердің диэлектриктерден айырмашылығын білу
  • Диэлектриктердің түрлерін, полярануын білу
  • Есеп шығаруда электростика формуларын білу және қолдану

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • өткізгіштердің диэлектриктерден айырмашылығын салыстырады;
  • тәжірибелерді түсіндіреді
  • өткізгіштер мен диэлектриктерді ажыратады;
  • есеп шығаруға формулаларды қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Диэлектриктердің түрлерін білу, полярлы, полярсыз диэлектриктердің құрылысын түсіндіру, электр өрісіне орналастырылған өткізгішке байланысты сыртқы және ішкі электр өрістерінің бағытын (тақтада) және және өз сызбасын / жауабын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

электр өрісі, электр өрісінің кернеулік векторы, электр өрісінің күш сызықтары, өткізгіш, диполь, диэлектрик, ортаның диэлектрлік өтімділігі, диэлектриктердің полярлануы, поярлы және полярсыз диэлектриктер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ортаның ... өтімділігі көп болса, сол ортада ...өрісінің кернеулігі ... болады; диэлектрлік өтімділік нешеге тең болса, өріс ... әлсіз болады; ... өрісіне орналастырылған өткізгіштің ішінде ... нольге тең; осы құбылысты ... қорған жасауда қолданады

Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа қатысты барлық терминдер мен сөз тіркестерін үш тілде айта және жаза алады

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Conductor

Өткізгіш

Проводник

Dielectric

Диэлектрик

Диэлектрик

Dipole

Диполь

Диполь

Polar dielectric

Полярлы диэлектрик

Полярный диэлектрик

Non-polar dielectric

Полярсыз диэлектрик

Неполярный диэлектрик

Polarization of a dielectric

Диэлектриктің полярлануы

Поляризация диэлектрика

Құндылықтарды дарыту

Топтағы жұмыстар кезінде топтың басқа мүшелерімен, басқа топтардың мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, диалогты жүргізе білуі;

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды өз бетімен орындау)

  • Сыныптағы барлық өзара қарым-қатынас әрекеттерінде және тапсырмаларды орындау барысында қушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика, сызу, тарих пәндерімен

АКТ қолдану дағдылары

Сілтемелермен жұмыс, видеоматериалмен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Электр өрісі. Электр өрісінің күштік, энергетикалық сипаттамалры, Электр өрісінің жұмысы, потенциалы. Конденсаторлар

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Осы сабақтың мақсаттарын, оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерін айқындау

Белсендіру: Бірнеше оқушы ортаға шақырылады. Оларды алдын ала шеңбер жасай орналастырылған орындықтарға отырғызу.

Үй тапсырмасын немесе өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушыларға алдын ала таратылған сұрақтар жазылған карточка қағаздарды оқушылар бір –біріне қарма-қарсы отырған оқушыға қояды, ол оқушы жауап беруі керек. Егер жауап берсе, келесі сұрақты ол оқиды. Жауап бере алмаған бала ойыннан шығып отырады, Ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.

Осылайша өткен материалды жеңіл еске түсіреді.

Презентация

Сабақтың ортасы

Жоғары деңгей дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар:

Келесіде оқушылар деген сұраққа тәжірибелерді көрсете отырып, жауаптарын негіздей отырып жауап береді.

  • Электростатикалық индукция деген не?
  • Неліктен гильза зарядталған шыны таяқшаға тартылады?
  • Конденсатордың бір астарын эбонит таяқша арқылы зарядтап, екінші астарын электрометрге жалғау. Конденсатор астарлараның арасына шыны таяқшаны, ағаш тақтайшаны, слюданы, парафинді кезек- кезек енгізіп және қайтадан суырып көру. Осы кезде электрометр тілшесі қалай ауытқиды және неліктен олай болатынын тәжірибені жасай отырып түсіндіріңдер.
  • Зарядталған эбонит таяқшаны зарядталмаған металл гильзаға жақындатқанда не болатынын тәжірибе жасай отырып түсіндіріңіздер.

«Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, ортаға орындыққа бір оқушыны отырғызып сұрақтар қойылады.

  • Қай кезде өткізгіштің ішінде өріс болмайды?
  • Электр зарядтарының өткізгіштің сыртқы бетінде орналасатынын дәлелдеген кім?
  • Өткізгіштің қай жерлерінде зарядтың тығыздығы жоғары?
  • Электр тогын өткізбейтін зат.
  • Диэлектриктердің неше түрі бар және оларды атаңыз?
  • Диэлектрлік өтімділіктің формуласын жазыңыз.
  • Сыртқы электр өрісі жоқ болғанда, өткізгіштегі еркін зарядталған бөлшектер өздерін қалай ұстайды?
  • Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?
  • Өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі

а) зарядталған; ә) зарядсыз, бірақ сыртқы электр өрісінде тұрғанда неге тең?

  • Электростатикалық индукция қандай құбылыс?
  • Өткізгіштер бетіндегі зарядтардың таралу сипаты қандай? Оның сипаты неге тәуелді?

Есептер шығару.

1.Судың ішіне , нүктелік заряд Кл орналасқан. Осы зарядтан 2,1 м жердегі электр өрісінің кернеулігін табу керек? (0,25 В/м)

2.Егер май ішінде бір- бірінен 6 см қашықтықтағы бірдей екі заряд бір- біріне 0,4 мН күшпен әсер ететін болса, бұл зарядтардың әрқайсысының мәндері неге тең болатынын табыңдар. (20 нКл)

3.Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 20 кВ/м. Диэлектриктриктің диэлектрлік өтімділігі қандай? (2)

4. Жазық конденсатордың сыйымдылығы 6 мкФ. Егер астарлардың арақашықтығын 2 есе арттырса және олардың арасын диэлектрлік өтімділігі 5-ке тең диэлектрикпен толтырса, онда конденсатордың сыйымдылығы қандай болады? (2,5 ее арталы, яғни 2,4 мкФ)

5. Жазық кондеснсатордың астарларының ауданын 8 есе кемітіп, арасын диэлектрлік өтімділігі 4-ке тең диэлектрикпен толтырса, онда конденсатордың сыйымдылығы қандай болады? (2 есе кемиді)

6. Іші қуыс өткізгіш шардың радиусы Rшар=20 см, заряды 9 нКл. Осы шардың центрінен r1=10 см, r2=15 см, r3=20 см, r4=60 см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігі мен поетнциалдарын анықтаңыздар. (Е1=0, Е2=0, Е3= Е4=; φ1= φ2= φ3= φ4= )

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Құралдар: параллель екі пластина немесе жазық конденсатор

Эбонит немесе жібек таяқшалар, тері немесе жібек, шыны пластина, ағаш тақтайша, слюда, парафин, сұлтандар, электрометр, пластмасса шыбық,

металл шыбық, металл гильза

Есептер жинағы

Сабақтың соңы

Сабаққты қорытындылау.

Рефлексия

Кері байланыс беру. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау

Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. Блум баспалдағы бойынша бүгінгі дәрежесін бояу арқылы көрсетеді.

Сөздерді жалғастырыңыз:

  • Бүгінгі сабақта мен ... білдім, ... таныстым
  • Мен үшін ең қиын болғаны ...
  • Енді мен білемін ... электростаикалық қорған деп аталатынын білемін
  • Маған мұны тағы қайталап оқу керек

«Жетістік сатысы»

«Жетістік сатысы» суреті салынған парақ

Үй жұмысы

§8.9. Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер тақырыбын оқуға

10 сыныпқа арналған физика оқулығы (Жаратылыстану –математика бағыты) Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

,

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу