Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Мектеп миссиясы: Сапалы білім. Үштілді орта. Болашақ көшбасшылар

Мектеп құндылықтары: Денсаулық. Жауапкершілік. Адалдық. Құрмет. Өмір бойы оқу. Жаһандық азаматтық.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 10.3В –Магнит өрісі

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байсеитова С.Ш.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.1.7 – өткізгіштер мен полярлы диэлектриктердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстыру арқылы талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

  • Знать отличия проводников от диэлектриков с точки зрения электронной теории
  • знать и использовать формулы электростатики при решении задач

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • өткізгіштердің диэлектриктерден айырмашылығын салыстыра білу;
  • тәжірибелерді түсіндіру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Диэлектриктердің түрлерін білу, полярлы, полярсыз диэлектриктердің құрылысын түсіндіру, электр өрісіне орналастырылған өткізгішке байланысты сыртқы және ішкі электр өрістерінің бағытын (тақтада) және және өз сызбасын / жауабын басқа оқушылармен талқылау (айту және тыңдау дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

электр өрісі, электр өрісінің кернеулік векторы, электр өрісінің күш сызықтары, өткізгіш, диполь, диэлектрик, ортаның диэлектрлік өтімділігі, диэлектриктердің полярлануы, поярлы және полярсыз диэлектриктер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ортаның ... өтімділігі көп болса, сол ортада ...өрісінің кернеулігі ... болады; диэлектрлік өтімділік нешеге тең болса, өріс ... әлсіз болады; ... өрісіне орналастырылған өткізгіштің ішінде ... нольге тең; осы құбылысты ... қорған жасауда қолданады

Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа қатысты барлық терминдер мен сөз тіркестерін үш тілде айта және жаза алады

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Electrical field

Электр өрісі

Электрическое поле

electric field strength

Электр өрісінің кернеулігі

напряженность электрического поля

Energetic characteristic of the electric field

Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы

Энергетическая характеристика электрического поля

φ- electric field potential

electrical potential

Электр өрісінің потенциалы

потенциал электрического поля

potential difference

Потенциалдар айырымы

Разность потенциалов

uniform field

Біртекті өріс

Однородное поле

Conductor

Өткізгіш

Проводник

Dielectric

Диэлектрик

Диэлектрик

Dipole

Диполь

Диполь

Polar dielectric

Полярлы диэлектрик

Полярный диэлектрик

Non-polar dielectric

Полярсыз диэлектрик

Неполярный диэлектрик

Polarization of a dielectric

Диэлектриктің полярлануы

Поляризация диэлектрика

Құндылықтарды дарыту

Сыныптастарының пікіріне деген құрмет, іскерлік дағдыларын дамыту;

Топтағы жұмыстар кезінде топтың басқа мүшелерімен, басқа топтардың мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, диалогты жүргізе білуі;

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)

  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математикамен

АКТ қолдану дағдылары

Сілтемелермен жұмыс, видеоматериалмен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Электр өрісі. Электр өрісінің күштік, энергетикалық сипаттамалры, Электр өрісінің жұмысы, потенциалы. Конденсаторлар

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Осы сабақтың мақсаттарын, оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерін айқындау

Оқушылардың ойын белсендіру

  • Электр тогын өткізетін және өткізбейтін заттар қалай аталады?
  • Сіздер қалай ойлайсыздар, неліктен диэлектриктер электр тогын өткізбейді?
  • Диэлектриктерді кейде оқшаулағыштар деп те атайды, диэлектрик/оқшаулағыш болып саналатын қатты денелердің мысалдарын келтіріңдер.
  • Оқшаулағыштарды қайда қолданады?
  • Электр тогын өткізетін заттарға қандай заттар жатады?
  • Металдарда электр тогын тасымалдаушы бөлшектерді атаңыздар.

Сабақтың ортасы

Тәжірибе 1. Электрометрді зарядтап, оған алдымен пластмасса таяқшаны, сосын металл таяқшаны тигіземіз. Сіздер нені байқадыңыздар? (Екінші жағдайда электрометр зарядын жоғалтты, ендеше, металл зарядтарды өзі арқылы өткізіп жіберді, ал, пластмасса өткізбейді).

Жаңа тақырыпты меңгеру.

):диэлектриктер мен өткізгіштердің сипаттамаларын құру. Постер арқылы қорғау.

Тапсырма – 1.

1 топ. Электр өрісіндегі өткізгіштер.

1.неліктен өткізгіштер электр тогын өткізеді? Өткізгіштердің ішінде зарядтар қайдан пайда болады? Металдардың құрылысының мысалы ретінде түсіндіріңіздер.

2. өткізгіштердің диэлектриктерден басты айырмашылығын анықтау

Тапсырма – 1.

2 топ. Электр өрісіндегі өткізгіштер.

  • Өткізгіштің ішіндегі өріс
  • Электростатикалық индукция
  • Электростатикалық қорған. Фарадей тәжірибесі.

Тәжірибе. Зарядталмаған гильзаның шыны таяқшамен әрекеттесуі. (Гильза шыны таяқшаға тартылады)

Мұғалімнің осы тәжірибені түсіндіруі

Біз гильзаны зарядталған пластинаға жақындатқанда, электр өрісінің әсерінен металл гильзаның еркін электрондары бағытталған қозғалысқа түседі және гильзаның сол жақ бөлігіне қарай жиналады. Сондықтан ол пластинаға тартылады.

Гильзаның оң жақ бөлігі оң зарядталады. Гильзаның ішінде сыртқы электр өрісіне қарсы бағытталған өзінің электр өрісі пайда болады. Қай кезде ішкі өріс сыртқы өрістің мәнімен теңеледі, сол кезде электрондардың қозғалысы тоқтайды. Зарядталған өткізгіштің ішінде электр өрісі нольге тең болады.

Фарадей тәжірибесі

Зарядтардың бөлінуінен электростатикалық индукция құбылысы туындайды. Осы құбылыстың арқасында электростатикалық қорған жүзеге асады. Егер қандай да бір құралды сыртқы электр өрісінен қорғау қажет болса, оны өткізгіштің ішіне орналастыру керек.

Ағылшынның ұлы физик ғалымы Майкл Фарадей мынадай тәжірибе жасаған. Үлкен ағаш торды станиоль парақшаларымен (қалайы қағазымен) желімдеп, оны Жерден оқшаулаған. Электр машинасының көмегімен торды күшті зарядтайды да, өзі сол тордың ішіне өте сезгіш электроскоппен кіреді. Осы кезде электроскоптың тілшесі ешқандай ауытқуға ұшыамаған.

Тәжірибе 2

Шыбығына кішкентай сфера бекітілген электрометрді алып, оған оң зарядталған шыны пластинаны жақындатамыз. Пластинаның электр өрісінің әсерінен электрометрдің тілшесі ауытқиды. Енді сфераны стаканмен жауып, тағы да зарядталған пластинаны жақындатамыз. Тілше ауытқымайды. Стакан бұл жерде экранның ролін атқарушы болып тұр/ шағылдырғыш. Оның ішінде электр өрісі жоқ.

3 топ. Электр өрісіндегі диэлектриктер.

1.Полярлы және полярсыз диэлектриктер

2.Полярлы диэлектриктің құрылысы (мысал ретінде NaCl молекулалары). Диполь.

3.Полярлы диэлектрик электр өрісінде өзін қалай ұстайды?

4 топ. Электр өрісіндегі диэлектриктер.

1. Диэлектриктің поляризациясы.

2. Полярсыз диэлектриктер.

3. Полярсыз диэлектриктер электр өрісінде өзін қалай ұстайды?

Тәжірибе. Металл дискісі бар электрометрді алып, оны оң зарядтаймыз. Дискке пластик парағын жақындатамыз, электрометрдің тілшесі шыбыққа жақындай түсті. Яғни, диэлектрик дискінің электр өрісін әлсіретеді.

Ортаның диэлектрлік өтімділігі

Оқушыларды «Ортаның диэлектрлік өтімділігі» кестесімен таныстыру.

Қорытындылар:

  • Өткізгіштердің диэлектриктерден басты айырмашылығы – электр өрісінің әсерінен рын ауыстыра алатын еркін зарядтардың болуы.
  • Заряддталған өткізгіштің ішінде электростатикалық өрісі болмайды: нольге тең.
  • Электр өрісінің кернеулігі өткізгіштің бетіне перпендикуляр.
  • Диэлектриктер – еркін зарядталған бөлшектері жоқ заттар.
  • Полярлы диэлектриктердің молекулалары дипольдар болып табылады. Дипольдардың оң және теріс зарядтарының центрі сәйкес келмейді.
  • Полярсыз диэлектриктер атомдар мен молекулалардан тұрады. Ондағыдипольдардың оң және теріс зарядтарының центрлері сәйкес келеді.
  • Поярлану кезінде диэлектриктің молекулалары сыртқы электр өрісінде бағдарланып орналасады.
  • Ортаның диэлекрлік өтімділігі сыртқы электр өрісінің әлсіреуін туғызады.

Бекіту. Материалды меңгергендігін тексеру

  • Диэлектрикті электр өрісіне орналастырып, одан кейін екі бөлікке бөледі. Сол кезде жартылары … болды.
  • Диэлектриктің поляризациясы деген қандай құбылыс?
  • Төмені суретте біртекті электр өрісіне енгізілген әр түрлі заттар көрсетілген. Тілшелермен сыртқы электр өрісінің бағыты көрсетілген. Диэлектрикті көрсетіңіз..
  • Аталған заттардың қайсысы артық?
    • Темір
    • Резеңке
    • Ағаш
    • Жібек
  • Вакуумдегі электр өрісінің кернеуліг 20 кН/Кл. Диэлектрлік өтімділіг 2-ге тең керсоинің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі қанща болаы?

Таратпа материалдар (қағазда)

Қажетті құралдар мен жабдықтар:

электрометр, пластмасса шыбық,

металл шыбық, металл гильза, шыны пластина

youtube.com Өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика 10 сынып https://www.youtube.com/watch?v=IicsGFTd5YU

Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер.

https://www.youtube.com/watch?v=rnhf3ZpnYas

Сабақтың соңы

Сабаққты қорытындылау.

Рефлексия

Кері байланыс беру.

Сөздерді жалғастырыңыз:

  • Бүгінгі абақта мен ...
  • Мен үшін ең қиын болғаны
  • Енді мен білемін ..
  • Маған мұны үйде оқу керек

«Жетістік сатысы»

«Жетістік сатысы» суреті салынған парақ

Үй жұмысы

§8.9. Электр өрісіндегі диэлектриктер - оқу

10 сыныпқа арналған физика оқулығы (Жаратылыстану –математика бағыты) Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

,

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу