Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2A Электр өрісі

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін суперпозиция принципін қолдану.

Сабақтың

мақсаттары

- электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсіну;

- электр өрісінің кернеулігінің мағынасын түсіну, формуласын білу және қолдану;

- нүктелік заряд кернеулігі формуласын білу және қолдану

- электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін суперпозиция принципін білу және қолдану.

Жетістік критерийлері

- оқушы электр өрісінің физикалық мағынасын түсінеді;

- оқушы электр өрісінің кернеулігінің мағынасын түсінеді, формуласын біледі;

- оқушы электр өрісінің кернеулігін Е=F/q формуласынмен анықтайды;

- электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін суперпозиция принципін біледі және қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәндiк лексика: электр заряды, Кулон заңы, Кулон күші, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары; электр өрісінің кернеулігі; біртекті электр өрісі; кернеу; зарядталған параллель жазықтықтар.

Диалогқа қажеттi сөз тiркестерi: Зарядталған денелердің маңайында электр өрісі деп аталатын материяның ерекше түрі пайда болады. Электр өрісі зарядталған бөлшекке күшпен әсер етеді.

Құндылықтарды дарыту

Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілеті. Тиімді ынтымақтастық пен пікір алмасудың қажеттілігі мен маңызын түсінуді қалыптастыру.Қоғамның дамуы үшін физиканың маңыздылығын түсіну.

Пәнаралық байланыстар

Химия пәнімен тығыз байланысты. Оқушылар молекула, атом туралы мәліметтерді біледі.

АКТ қолдану дағдылары

Сынып оқушылары есеп шығару кезiнде калькуляторлардан пайдаланады. Оқушылар қажет болған жағдайда интернет ресурстарынан пайдаланады.

Бастапқы білім

Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

Ұйымдастыру.

Оқушыларға теннис добын көрсетіп, осы теннис добына қандай күш әсер ететінін сұраймыз.

Жердің гравитация өрісі теннис добына күшпен әсер етеді Өрістің негізгі қасиеті оның объектіге күшпен әсер етуі деген идеяны оқушыларға жеткіземіз.

Сабақтың ортасы

7 мин.

10 мин.

10 мин.

10 мин.

35 мин.

  • Электр өрісі туралы ұғымды қалыптастыру

Денелер арасындағы өзара әрекеттесуге мысалдар келтіру.

Жанасу арқылы Өріс арқылы

  • Электр өрісінің кернеулігінің мағынасын түсіндіру, формуласын білу және қолдану.

Электр өрісінің кернеулігі – өрістің берілген нүктесінде орналасқан тыныштық күйдегі бірлік оң зарядқа әсер ететін күш болып табылады/ The electric field strength at a point is the force per unit charge exerted on a stationary positive at that point.

Е = электр өрісінің кернеулігі (Н/Кл)/Electric field strength (N/C);

F = күш (Н)/force (N); q = заряд (Кл)/charge (C).

Электр өрісінің кернеулігі векторлық шама.

Электр өрісінің берілген нүктедегі кернеулігінің бағыты сол нүктеге орналасқан оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен анықталады.

Электр өрісінің кернеулігі өрістің күштік сипаттамасы болып табылады.

Source charge: charge that produces an electric field.

Test charge/пробный заряд/ сынау заряды = нүктелік бірлік оң заряд.

  • Нүктелік заряд кернеулігі формуласын білу және қолдану

немесе

ε – ортаның диэлектрлік өтімділігі.

Ортаның диэлектрлік өтімділігі - берілген ортада зарядталған бөлшектердің өзара әрекет күші, сол қашықтықта зарядтардың вакуумдағы өзара әрекет күшінен қанша есе кіші екенін көрсететін физикалық шама. Мысалы: ε(вакуум) =1, ε(ауа) ≈ 1, ε(су) =81.

  • Өріс кернеулігінің суперпозиция (қабаттасу) принципі:

 Кеңістіктің берілген нүктесінде бірнеше зарядтар жүйесінің пайда ететін электр өрісінің кернеулігі осы нүктеде әрбір зарядтың пайда ететін электр өрісі кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.

 

 

  • Сыныппен жұмыс: Есептер шығару

Қалыптастырушы бағалау.

Презентация

Жұмыс парақтары

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Есептер шығару

1. Диаметрі 12 см болатын металл сфера оң зарядталған. Сфера бетіндегі электр өрісінің кернеулігі 4.0×105 Вм-1.

а) Электр өрісінің күш сызықтарын сызыңыз.

[1]

b) Сфера бетіндегі толық зарядты анықтаңыз.

[2]

2. Радиусы 20 см болатын металл сфера 2.0 мкКл оң зарядқа ие.

а) Сфераның центрінен 25 см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

[2]

b) Сондай металл сфера 1.0 мкКл теріс зарядпен зарядтталды және бірінші сфераның жанына орналастырылды. Сфералар арасындағы саңылау 10 см. Әрбір сфераға әсер ететін күшті есептеңіз.

[3]

с) Сфералардың центрлерін қосатын түзудің ортасындағы электр өрісінің кернеулігін есептеңіз.

[4]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу