Термодинамиканың бірінші заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


(I) 1 тапсырма. Жеке есеп шығару

  • Көлемі 0,024 м3 болатын цилиндр ішіндегі газ 5*105 Па қысыммен изобаралық ұлғаяды.Егер газ көлемі ұлғаю кезінде жасаған жұмысы 1,5 кДж болса ,газдың соңғы көлемі неге тең болады?
  • Аргонның бір килограмын изобаралық процесте 268 К-нен 400 К-ге қыздырған.Газдың ішкі энергиясының өзгерісін кДж –мен есептеп шығар.
  • Суретте идеал газдың бірнеше процестері көрсетілген.Қай процесте газ ең үлкен жұмыс атқарады ? Жауабыңды дәлелдеп түсіндір.

(I) 2 тапсырма. Видеофрагментті көрген кезде келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Термодинамиканың бірінші заңын басқаша қалай атауға болады? (энергияның сақталу заңы)

2. Заңда қандай физикалық шамалардың байланысы көрінеді?(U,A,Q)

3. Термодинамиканың бірінші заңының қандай формуласын мұғалім көрсетті? ΔU=Q-A(W)

4. Жұмыс қашан нольге тең болады?(v=const) Бірінші заңы қандай түрде жазылады?

5. Қашан ΔU=0? (T=const) Бірінші заңы қандай түрде жазылады??

6. Қашан ΔU=-A(W) (қоршаған ортамен жылуалмасу болмағанда)

7. Қашан Q оң мәнге ие? Қашан теріс?

8. Қашан А оң болады? Теріс болады?

(G) 3 тапсырма. Жұптық жұмыс. Берілген схемалар. Жұп оқушылары бір-бірімен ақылдасады. Екі элементін моделдеңдер және термодинамикианың бірінші заңының теңдеуін түсіндіріңдер.

(I/G) 4 тапсырма. Есептер шығару. Әркім жеке шағарады әр тапсырманы орындап болғаннан кейін жауабын екі көршісімен салыстырады.

  • Газға 100 Дж жылу бере отырып 400 Дж жұмыс жасалған болса,газдың ішкі энергиясы неге тең? ( 500 Дж-ға артты)
  • Газ 65 Дж жұмыс жасағанда оның ішкі энергиясы 45 кДж-ға артса ,газға қанша жылу мөлшері берілген? ( 110 кДж)
  • Газға 1 кДж жылу мөлшері беріледі, және оны 600 Дж жұмыс атқарып сығады. Газдың ішкі энергиясы осы кезде қалай өзгерді?

1) 1600 Дж -ге артты                        2) 400 Дж -ге артты              

3) 400 Дж –ге кеміді                         4) өзгермеді

  • Газдың қыздырған кездегі ұлғаюы үшін көлденең қимасының ауданы S = 200 см2 цилиндрдегі газға Q = 1,5 • 105 Дж жылу мөлшері беріледі, осы кезде қысымы тұрақты және р = 2 • 107 Па тең болды. Егер поршень Δh = 30 см ығыса газдың ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу