Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың жұмысы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың жұмысы

Оқыту мақсаттары: Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру

Сабақты бекіту үшін берілетін тест тапсырмалары:

1. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:

а) Q=A; б) Q=U+A; в) U= −A; г) Q= +U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

2.Суретте идеал газдың күйінің өзгеруінің әр түрлі процестері көрсетілген.Осы процестердің қайсысында үлкен жұмыс атқарылады?

а) 1-2; б) 1-3; в) 1-4; г) 4-1-2.

3. Суретте идеал газдың күйінің өзгеру процестері көрсетілген. Жауаптар ішінен дұрысын тап.

4.Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді?

а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;

г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.

5. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:

а) 22 кДж; б) 6 кДж; в) -6 кДж; г) 8 кДж; д) ондай процесс мүмкін емес.

6. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы ...

а) 4 кДж-ға кеміді; б) 16 кДж-ға артты; в) 16 кДж-ға кеміді;

г) 10 кДж-ға артты; д) 4 кДж-ға артты.

7. Егер идеал газдың сыртқы ортамен жылу алмасусыз атқарған жұмысы ішкі энергияның артуына тең болса, онда газбен қандай процесс жүрді?

а) изотермиялық процесс; б) изобаралық процесс; в) изохоралық процесс;

г) адиабаталық процесс; д) ондай процесс мүмкін емес.

8. Суретте газдың 1-күйден 2-күйге ауысу графигі көрсетілген.Газдың жасаған жұмысын

анықтаңдар?

а) 750 Дж;

б) 150 Дж;

в) 1200 Дж;

г) 300 Дж;

д) 600 Дж;

9. Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:

а) Q=A; б) Q=U+A; в) A= −U ; г) Q= −U; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

10. Газ қыздырғыштан 3*107Дж жылу мөлшерін алып және ұлғайып 5*107Дж жұмыс жасады. Бұл кезде газдың ішкі энергиясы қалай өзгереді?

а) Өзгермейді б) 8*107Дж-ге артты в) 2*107Дж-ге артты г) 3*107Дж-ге артты

д) 2*103Дж-ге артты

11. Термодинамиканың бірінші заңының негізі –

а) ньютонның бірінші заңы;

б) ньютонның екінші заңы;

в) масса мен энергияның өзара байланыс заңы

г) энергияның сақталу заңы;

е) импульстың сақталу заңы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу